Мектеп физика курсында электр тогы бөлімін оқытудың мазмұны мен әдістемесі
Автор: Ssaule_90 • Май 12, 2018 • Курсовая работа • 12,401 Слов (50 Страниц) • 1,006 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе ................................................................................................................
1. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша әртүрлі ортадағы электр тогы тарауын оқытуда тиімді технологияларды пайдаланудың теориялық негіздері
- Жаңартылған білім беру бойынша түрлі технологияны қолданудың жолдары
- Әртүрлі ортадағы электр тогы тарауын оқыту үдерісінде ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелері мен болашағы
2.Мектеп физика курсында электр тогы бөлімін оқытудың мазмұны мен әдістемесі
2.1 Электр тогы бөлімінде технологиялардың тиімді әдістерін қолдана отырып, практика мен теорияны ұштастыру
2.2 Тәжірибелік экспериментті өткізудің және жүргізудің ұйымдастыру,әдістемелік жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру» Заңында көрініс алған ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік реттеу де, ақпараттық қызмет көрсету нарқын қалыптастыру шарттарын қамтамасыздандыруға, электрондық құжат айналымы жүйесін дамытып, электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану үшін жағдайлар жасауға, ақпараттандыру саласындағы бірыңғай ғылыми-техникалық саясатты ақпараттық-компьютерлік технологиялар дамуының әлемдік деңгейін ескере отырып, қалыптастыруға және жүзеге асыруға бағытталағанын атап көрсетеді [1].
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты (17.01.2014ж) Қазақстан халқына Жолдауында «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс»-деп атап көрсетілген [2].
Білім беру жүйесінде қазіргі заманауи білім беру технологияларын әртүрлі салалары бойынша қолданатын, білімді, қабілетті мамандарға деген сұраныстар көбеюде. Оларды қазіргі заманауи білім беру мен ақпараттық технологияларды меңгеру, оларды кәсіптік деңгейде даярлау, сонымен қатар осы сала бойынша білімділігі мен қабілеттілігі қазіргі заман талаптарына сай болуы болашақ физика мұғалімдерінің кәсіби даярлығы үшін өте маңызды мәселе болып, үлкен ғылыми-әдістемелік зерттеу жұмыстарды жүргізуді қажет етеді.
Бүгінгі таңда ақпараттық технологияларды физиканы оқу үдерісінде қолдану, болашақ мұғалімдерге шексіз көлемде оқу ақпаратын игеруге, яғни әлемдік ақпараттық білім беру кеңістігіне қосылуды қамтамасыз етеді.
Жоғары кәсіби білім беруде компьютерлік модельдер, электрондық оқулық, мультимедиалық, Интернет т.б. жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың дидактикасы мен технологиясы кеңінен қолданылып келе жатқаны көптеген ғалымдардың еңбектерінде қарастырылғаны мәлім. Мысалы, Е.Ы.Бидайбеков [3]., Ж.А.Қараев [4], Г.К.Нұрғалиева [5]., К.З.Халықова [6]., К.М.Беркімбаев [7], М.Ә. Құдайқұлов [8], К.Ж.Бұзаубақова [9] және т.б. авторлардың еңбектерінде кеңінен қарастырылған
Қазіргі физиканың білімдік негізін құрай отырып, дүниенің біртұтас физикалық көрінісін беруде, ғылыми-техникалық төңкеріс жасауда, ақпараттық-компьютерлік технологияларды игеруде де орасан зор рөл атқарады. Алайда, жалпы физика курсының «Электр тогы» бөлімін оқытуда көптеген дидактикалық, әдістемелік қиындықтар кездеседі. Себебі электромагнетизм тарауындағы физикалық құбылыстарды нақты әрі көрнекі тәжірибелер жасап кәрсеткенмен, онда жүретін процесстерді көрсету мүмкін емес. Жалпы білім беретін мектепте оқушылар үшін де ғылыми-зерттеу орталықтары мен өндірісте қолданылатын қондырғыларда орын алатын аса күрделі физикалық процесстерді елестетіп, олардың жұмыс істеу ұстанымдарын түсіндіру көптеген қиындықтарды туғызады. Міне, осындай қиындықтардан шығудың нақты жолдарының бірі – әр түрлі ортадағы электр тогы бөлімін түсіндірудің компьютерлік модельдерін жасау болып табылады.
...