Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әлихан Бөкейханов – ұлт жанашыры

Автор:   •  Сентябрь 30, 2021  •  Эссе  •  263 Слов (2 Страниц)  •  7,186 Просмотры

Страница 1 из 2

«Әлихан Бөкейханов – ұлт жанашыры». Тұлғалық болмысын талдап. жаз (Әлихан Бөкейхановтың туғанына – 155 жыл)

«Тірі болсам қазаққа,қызмет қылмай қоймаймын» -осылай деп, ұрандаған алаш арысы, ел мақтанышы- Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығы.Ол тарихтағы ұлы азамат қылышынан қан тамған,кеңестік жүйеде елдің азаттығы,даму жолында тер төкті.Өз ғұмырын мемлекет біртұтастығы мен тәуелсіздігіне арнаған, ел егемендігі мен халқы үшін жан кешіп күрескен Әлихан есімі ел есінде мәңгілік.  Еліміздің өткен тарихындағы атқарған ерлік ісі, қалдырған мұралары кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Халқының жарқын болашағына, елінің азаттығы жолында аянбай қызмет еткен Әлихан Бөкейхановтың тарихтағы алар орны ерекше. Елінің тәуелсіздігі жолына өмірін арнаған Әлихан Бөкейхановтың тарихи ерлігінен бүгінгі ұрпақ үлгі алуы тиіс. Сондықтан да Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығында Алаш көсемінің тарихи ерліктерін атап өту, бүгінгі ұрпақтың басты міндеті болмақ.

     «Әлихан Бөкейханов - XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының көшбасшысы. Ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі тұлғасы. Ол - қозғалыстың міндетін, мақсатын,  стратегиялық, тактикалық күрес құралдарын анықтаған адам»,- дейді тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Қойгелді. Сол кездері ұлт көсемі Әлихан Бөкейханов бірегей талант иесі болды. Бұл оның азаматтығының көпқырлылығын айқындайтын қасиеттер. Осы қасиеттерінің арқасында Әлихан Нұрмұхамедұлы  қазақ зиялыларының басын бір арнаға қосып, мемлекеттіліктің қалыптасуы үшін аянбай тер төкті. Қазақ үшін қабырғасы қайысып, тек тәуелсіздікке ғана емес, ойдың, білімнің, мәдениеттің тәуелсіздігіне ұмтылған тұлғаның ғұмырнамасы осылайша аяқталған. Әлихан Бөкейханов айтқан, әрі істеген істері жетерлік. Сондықтан, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Бөкейханов мұраларын зерделеу болашақ ұрпақтың әрдайым назарында болуы керек.

...

Скачать:   txt (3.8 Kb)   pdf (58.2 Kb)   docx (7.7 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club