Қазақстан Республикасының тіл саясаты - мемлекеттің ұлт саясатының ажырамас бөлігі
Автор: elmuratova_aray • Декабрь 21, 2017 • Дипломная работа • 18,831 Слов (76 Страниц) • 1,752 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Қазақстан Республикасының тіл саясаты - мемлекеттің
ұлт саясатының ажырамас бөлігі 5
- Тіл саясаты - ұлтаралық қарым-қатынас мəдениетінің негізі 5
- Тілдің құқықтық мәртебелері және тіл саясатындағы орны 10
- Қазақстандағы тіл саясатының қазіргі жағдайын талдау 14
- Қазақстандағы тіл саясаты - Қазақстан халқының
рухани негізгі принциптерін жүзеге асыру құралы ретінде 18
- Мемлекеттік тіл және оның қоғамдағы рөлі 18
- Қазақстандағы мультилингвизм: тіл саясаты және мемлекеттік
тілді жаңғырту мәселесі 25
- Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың
2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 29
3 Үш тұғырлы тіл саясаты 47
3.1 Денешынықтыру және спорт саласы мамандарының үш тілді
меңгеруінің маңыздылығы 47
3.2 Үш тұғырлы тілдің болашағы жарқын 53
Қорытынды 59
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 61
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Кез келген қоғамның дамуындағы күрделі құбылыстардың бірі – тіл мәселесі болып табылады. Қай уақытта болмасын тіл құрылысының қоғамдық және мемлекеттік маңызы жоғары болған. Соған сәйкес, тіл - халықтың тұтастығының негізі. Тілдің адам өмірінің философиясы мен ойлау жүйесін қалыптастыратындығы белгілі.
Кеңестік жылдардағы саясат бойынша коммунизмге жету үшін барлық халықтың бір тілді болуы басты шартқа айналып, соның нәтижесінде орыс тіліне ерекше мүмкіндік беріліп, оны игерудің маңыздылығы жоғары тұрды. Нәтижесінде, сол дәуірдегі қазақ қоғамында халықтың дүниетанымы өзгерістерге ұшырап, қазақтардың өз тіліне, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына немқұрайлы қарау құбылысы байқалды. Кеңестік дәуірдегі Қазақстанда жүргізілген тіл саясатының теріс салдары әлі де жойылған жоқ. Сондықтан, тіл саясаты тарихын зерттеу, оның мән-мағынасын түсіну бүгінгі күні қоғамда туындап отырған мәселелердің шешімін табуда бағыт-бағдар беретіндігі анық.
Ұлттың дамуындағы аталған ауытқушылықтар бүгінгі таңда мемлекеттің алдында ұлт және тіл саясаты бойынша ауқымды міндеттердің жүзеге асырылуын талап етеді. 2014 жылдың 17 қаңтарында Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында «Қазақ тілі мәселесіне келетін болсақ, бүгінде біздің тіліміз ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. Қазақ тілінде білім алатындардың саны жыл өткен сайын артып келеді. Еліміз бойынша мемлекеттік тілді оқытатын 57 орталық жұмыс істейді. Одан мыңдаған азаматтар қазақ тілін үйреніп шықты және әлі де үйренеді. Былтырға қарағанда биыл қазақ тілін білемін деген өзге ұлт өкілдерінің саны 10 пайызы өсті. Бұл да біраз жайттан бізге хабар береді», - деп тоқталды. Президенттің сөзіне қарағанда, тек соңғы үш жылда мемлекеттік тілді дамытуға республика бойынша 10 миллиард теңге жұмсалған. «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік Тіл болды. Бұл мәселені даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн. Біздің тіліміз мемлекеттің барлық жүйесінде қолданылуы үшін, барлық жерде керек болуы үшін біз өзімізді өзіміз қамшылауымыз керек және осыған өзіміз атсалысуымыз қажет» , - деді Елбасы Н.Ә. Назарбаев.
Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ бөліміне жатады және шамамен 8-8,3 миллион адамның ана тілі болып табылады. Қазақстанда 2009 жылы жүргізілген санақ бойынша 9 982 276 адам ана тілі ретінде қазақ тілін белгілеген. Сонымен қатар, республикада тұратын 1,8 миллионға жуық басқа халықтар да қазақ тілін белгілі бір деңгейде меңгерген.
Зерттеу жұмысының нысаны – Қазақстандағы тіл саясаты.
Зерттеу жұмысының мақсаты – Қазақстандағы тіл саясатын Қазақстан халқының рухани негізгі принциптерін жүзеге асыру құралы ретінде кешенді түрде зерттеу болып табылады.
...