Қазақтың Ұлы ғалымы- Шоқан Уәлиханов
Автор: danaerzhanova • Ноябрь 4, 2018 • Доклад • 1,153 Слов (5 Страниц) • 1,411 Просмотры
8 сынып | ||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Қазақтың Ұлы ғалымы- Шоқан Уәлиханов | |||||||||||||||
Мақсаты | Оқушылардың 19 ғасырдың екінші жартысындағы орыс демократиялық мәдениетінің көтерілген кезеңінде қазақтар, олардың тұрмыс-тіршілігі жайлы зерттеулер жүргізген зерттеушілер жайлы мәлімет алуға, Шоқан туралы білімдерін толықтырып, ортаға салуға мүмкіндік туғызу. | |||||||||||||||
Табыс критериі: | Оқушылар 19 ғасырдың екінші жартысында қазақ даласын зерттеген зерттеушілер және олардың еңбектерімен танысады; Шоқанның өмірбаяны туралы толық мәлімет алады; Шоқан туралы білетіндерін ортаға салады, пікір алмасады; Шоқан туралы қосымша дереккөздерінен материалдар іздейді; Шоқанның Қазақ хандығы жайлы пікірлерін біледі; АКТ-ны тиімді пайдалануға үйренеді: | |||||||||||||||
Сілтеме | Қазақстан тарихы 8 сынып Алматы «Мектеп», 2012ж Ш Уәлиханов сапарының желісі бойынша экспедиция Алматы, 2010 ж | |||||||||||||||
Сабаққа қажет ресурстар | Ақ қағаздар, қарындаш, маркерлар, стикер, ноутбук /интернет желісі жалғанған/, принтер, қосымша әдебиеттер | |||||||||||||||
Сабақтың барысы: |
6. "Галереяға саяхат" әдісі 7. "Бинго" әдісі 8. Өзін-өзі бағалау парағы 9. Кері байланыс 10. Үйге тапсырма |
| ||||||||||||||
1. уақыт-1мин | 1. Сабақтың мақсатын анықтау. Мұғалім сабақтың тақырыбымен таныстыра отырып, оқушыларға бүгінгі сабақтарындағы мақсаты не екенін анықтатады. Мұғалім: Бүгінгі сабақта біздің мақсатымыз не болады деп ойлайсыңдар? Оқушылардың ортақ пікірін алып шығу. | |||||||||||||||
2. уақыт-3мин | 2. Тренинг "Менің бейнемді сал" | |||||||||||||||
Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | |||||||||||||||
Мұғалім Шоқанның керемет суретші де болғанын айта отырып, оқушыларды шеңберге бір-бірінің артына тұрғызып, қолдарына ақ қағаз беріп арқасымен тұрған оқушының бейнесін салатындарын түсіндіреді. | Шеңбер бойымен бірінің артында бірі тұрып, алдындағы тұрған құрдасының бейнесін салулары қажет. Суреттерін бейнедегі адамға сыйлайды. | |||||||||||||||
3. уақыт-1мин | 3. Топқа бөлу "Жұлдыздардың түсіне сәйкес" | |||||||||||||||
Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | |||||||||||||||
Төрт түсті жұлдыздарды /жабысқақ/ оқушыларға таратады. | Оқушылар бірыңғай түстер бойынша топтарға жиналады. | |||||||||||||||
4. уақыт: Жеке жұмыс-4 мин; Топта-2 мин: | 4. "Қатені тап" әдісі /жеке, топпен/ Қатені тап: Дүниежүзіне белгілі ғалым П.П. Семенов-Тяншанский /1827-1914/ Алтай бойына, Жетісу мен Орта Азияға саяхаттар жасап, өлкені жан-жақты зерттеді. Оның басшылығымен дайындалған «Ресей. Отанның толық географиялық сипаттамасы» деген еңбектің «Қазақ өлкесі», «Жетісу өлкесі» атты екі томы Қазақстан мен Орта Азияға арналған. Саяхатшы-ғалым Верный, Семей және де басқа қалаларында болған. Бұл өлкелер туралы ұлы саяхатшының сипаттамалары мен тарихи шолуларының маңызы зор. М. Красовский «Сібір қырғыздарының жарғысы» деп аталатын еңбегінде қазақ халқының шығу тегіне көңіл бөлді. Көрнекті зерттеуші Л. Мейердің «Орынбор ведомствосындағы қырғыз даласы» атты еңбегі Орта Жүз тарихын жан-жақты сипаттауға арналады. Қатені тап: Қазақ жерінің Ресей құрамына қосылу дәуірін біршама толық зерттеген А. Добросмысловтың «Жетісу облысы. Тарихи очерк» атты еңбегінде Қазақстанның саяси дамуы жөнінде сирек кездесетін мәліметтер сақталған. Белорус халқының ұлы ақыны Т.Г. Шевченконың шығармашылығында да қазақ халқы тақырыбы белгілі орын алды. 1847-1857 жылдар аралығында қазақ жерінде айдауда болған ақын, жергілікті тұрғындардың қайыршылық өміріне көңіл аударды. Оның «Қырғыз шаңырағы», «Атқа мінген қазақ», «Ақсүйектер» және басқа суреттері- тұрмыстың шындық жақтарын бейнелеген туындылар. «Менің өлеңдерім» деген өлеңінде қазақ және белорус халықтарының өмірін салыстыра жырлайды. Өлке тарихын зерттеуді ғылыми жолға қоюда 1865 жылы ашылған орыс географиялық қоғамының Орынбордағы, Омбыдағы, Семейдегі және басқа ірі қоныстардағы бөлімдері мен бөлімшелері үлкен рөл атқарады. ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде ұйымдастырылған облыстық статистикалық комитеттер қазақ өлкесінің тарихы, этнографиясы, рухани-материалдық мәдениеті хақында көптеген мәліметтер жинады. Олар «Болыстарға шолу жасау» атты жылма-жыл жарияланатын арнайы жинақтарда жан-жақты сипатталатын. Қазақ пен украин халқының өнегелі өкілдері достығының тамаша бір көрінісі- Абай мен Е.П. Михаэлистің қарым-қатынасы. Қатені тап: Шоқан Уәлихановтың /1835-1865/ шын есімі- Ибрахим. Шоқан-әкесінің еркелетіп қойған аты. 1835 жылы қараша айында Шыңғыс тауының етегінде туған. Абылай ханның үлкен ұлы әрі мұрагері Уәли ханның кіші әйелі Айғаным ханымнан туған баласы Шыңғыс сұлтанның шаңырағында дүниеге келген. Шешесі Балқожа бидің қызы- Зейнеп. Ол балалық шағын әуелі Құсмұрында, содан кейін өзінің атамекені Сырымбетте өткізген. Оның жетіле беруіне, сана-сезімінің ерте оянуына атасы Балқожаның ықпалы ерекше болды. Шоқанның жас шағынан ғылымға ден қоюына әкесінің алдыңғы қатарлы орыс зиялыларымен тығыз байланыста болуы да үлкен әсер етеді. 1845 жылдың күзінде 15 жасар Шоқан туған елінен тұңғыш сапар шегіп, әкесімен Орынборға келеді. Әкесі өзінің орыс достарының көмегімен баласын сол кездегі ең алдыңғы қатарлы оқу орнына- Семейдегі Ахмет Ризаның медресесіне оқуға береді. 1853 жылы жиырма жасында кадет корпусын бітірген Шоқан губернатор деген атақ алды. Қатені тап: Шоқан Кадет корпусын бітірген соң, Түркістан генерал-губернаторлығының кеңсесінде жұмысқа қалдырылады. Батыс және Шығыс елдерінің бірқатар тілін жетік білген Шоқан шығармашылық еңбек етуді аңсады. 1865 жылы ол генерал Г.Х. Гасфорттың экспедициясына қатысып, Жетісу, Тарбағатай мен Орталық Қазақстанды аралады, Іле Алатау өңірінде болды. Шоқан тарихи аңыздарды, өлеңдерді жинай жүрді. 1866 жылы Шоқан Ыстықкөлдің көлемін топографиялық және картографиялық деректерде сипаттады. П.П. Семенов-Тяншанскиймен бірге болып, достығы жалғаса түсіп екеуі 1856 жылдың күзінде Ыстықкөлге барып қайтты. Ол Қытаймен екі арадағы сауда байланысын жақсартуга үлесін қосып, Қытай ұлықтарымен келіссөз жүргізеді. 1858-1859 жылдары Шоқан өзін әлемге әйгілі еткен Құлжа саяхатына барып қайтты.Бұл сапары оны ғалым, ағартушы ретіндегі еңбегін жаңа биіктерге көтерді.Ол бұл жердің экономикалық және саяси құрылымын зерттеп, бұл халықтың тарихы мен этнографиясына қатысты жаңа тың деректерді жинақтады. Шоқан Ф.М. Достоевскиймен тұңғыш рет 1854 жылы Семейде танысқан еді. "Омский вестник" газетінің 1865 жылы 51 санында көрнекті қазақ ғалымының Қытайдағы дүнгендер көтерілісі туралы ақырғы еңбегі жарияланды. | |||||||||||||||
Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | |||||||||||||||
Мұғалім алдын-ала қате жіберіп дайындаған мәтіннен үзінділерді әр топқа бірдей етіп таратады. /Төрт топта төрт түрлі үзінді/ Топтың талқылауын тыңдайды, қосымша сұрақтар қояды, жұмысты жинап алады. | Жеке жұмыста: Берілген үзінділердің әдейі жіберілген қателерін іздеп табады. Топпен: Жіберілген қателерді ортаға салып дәлелдейді. Оқулықпен жұмыс жасайды. | |||||||||||||||
5. уақыт-17 мин: | 5. Топтық жұмыс /постер құрастыру/ «Біздің зерттеу» | |||||||||||||||
Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | |||||||||||||||
Әр топқа тапсырманы түсіндіреді: 1-топ: Шоқанның Қазақ хандығы туралы пікірлері; 3-топ: "Шоқанның өнегелі өмірі" слайд құрастыру; 4-топ: "Шоқанның жүрген ізімен" тақырыбын сызба, кесте т.б. арқылы көрсету. Уақытты ескертіп отырады, оқушыларды бағыттап, бақылап отырады. | Әр топ өздерине берілген уақытта тапсырмалары бойынша ізденеді. Қосымша мәліметтер іздейді /кітаптар, ғылыми еңбектер, интернет арқылы/. Ноутбук қолданады. Постер сызады. | |||||||||||||||
6. | 6. "Галереяға саяхат" әдісі | |||||||||||||||
уақыт- 6 мин /спикерге әр топқа түсіндіруге-2 мин/ | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | ||||||||||||||
Спикерлерді таңдайды. Әр спикерге әр топқа түсіндіруге қанша уақыт берілетінін ескертеді. Спикелердің таныстырылымын тыңдап, бақылап жүреді, видеоға түсіреді. Таймерді қосып отырады. | Спикерлер басқа топ мүшелеріне түсіндіреді, саяхатшылар мұқият тыңдайды, пікір жазады. | |||||||||||||||
7. уақыт- 6 мин | 7. "Бинго" әдісі | |||||||||||||||
Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | |||||||||||||||
Мұғалім "Бинго" әдісін балалардың есіне түсіреді, өткен тақырып бойынша үш сұрақтан "иә", "жоқ" жауабына жауап беретін сұрақ жазу керек екенін түсіндіреді.Талап: дұрыс жауап беру жіне неғұрлым көбірек оқушы жауабын алу. | "иә", "жоқ" жауабына жауап беретін үш сұрақ жазады, бір-біріне барып сол сұрақтарға жауап алады, дұрыс, бұрысын айтып кетіп отырады. | |||||||||||||||
8. уақыт-2 мин | 8. Өзін-өзі бағалау парағы Өзін-өзі бағалау парағы Аты-жөніңіз____________________/0-3 балдық жүйемен/
| |||||||||||||||
Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | |||||||||||||||
Сабақтың басында "Өзін-өзі бағалау парағын" таратады | "Өзін-өзі бағалау парағын" әр кім өзі толтырады. | |||||||||||||||
9. уақыт-2 мин | 9. Кері байланыс Кері байланыс парағы "Саяхат" Мен Шоқан туралы ............................................................................................................................. ................................................................................................................................................................ ....................................................................................................................................................... білдім. Мен үшін ................................................................................................................................................... .........................................................................................................................керемет жаңалық болды. Әлі де Шоқан туралы .............................................................................................................................. ............................................................................................................................................. білгім келеді. | |||||||||||||||
Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | |||||||||||||||
Мұғалім үлгісімен алдын-ала дайындалған кері байланыс парақтарын таратып береді. | Кері байланыс парағын толтырады. | |||||||||||||||
10. уақыт-1мин | 10. Үйге тапсырма | |||||||||||||||
Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | |||||||||||||||
Үй тапсырмасын тақтаға жазып, түсіндіріп өтеді. Мәтінді оқу, тест құрастыру/5 сұрақ, 4 нұсқа/ | Үй тапсырмасын жазып алады. |
...