Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

1937-1938 жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары:ұлт интеллигенциясының қиын тағдыры

Автор:   •  Июнь 11, 2018  •  Реферат  •  4,615 Слов (19 Страниц)  •  4,706 Просмотры

Страница 1 из 19

1937-1938 жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары:ұлт интеллигенциясының қиын тағдыры

Жоспар:

І.     Кіріспе

ІІ. Репрессияның саяси идеологиялық қайнар көздері мен жүргізілу себептері

ІІІ.   Қазақстандағы 1937-1938 жылдардағы репрессия және оның тарихы

  1. Қазақстандағы 1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін
  2.  «Еңбекпен түзеу» лагерьлері

ІV.   Қорытынды

V.    Пайдаланған әдебиеттер

Тақырыптың өзектілігі. Кез-келген өркениетті кемелденген мемлекет өз тарихын Қастерлейді, оны ұрпақтардың санасына енгізуге жағдай жасайды. Өйткені тарих Халықтың мыңжылдан жинаған тәжірбиесі, асыл қазынасы. Сондықтан Қазақстан Ұлттық бірегейлі және біртұтас болу үшін оның жаңа талапқа сай тарихы да болуы шарт. Кеңестік тоталитарлық қоғам тұсындағы ұлт мүддесінің аяқ асты болған тұсарын ақиқатты тұрғыда зерттеп, парасатпен зерделеу тарихшылардың басты парысы. Себебі, тарих ғылымы жарқын болашақтың негізі. Ұрпақ арасындағы білім мен біліктілікке негізделген тарихы сабақтастықты жалғастыру, дамыту арқылы ұлттың рухы биікке түседі. Тарих дегеніміздің өзі бір ұрпақтың жасаған құндылығының екінші ұрпаққа ауысуы. Кеңестік қоғам тұсындағы қазақ  тарихының қайғысы мол, қасіреті ауыр парақтың жеткілікті Қазақ елінің заңғар ойшылы Әбіш Кекелбаев айтқандай адам да қоғам да ешқашан өз тағдырына өзі енжар қарап көрген емес, сондай ақ халықта өз тағдырына өзі еш уақытта немқұрайлы қарай алмаған небір ғасырлар өтсе де соның тұла бойында болған тұлғалар  мен тарихи құбылыстардың ел санасында мәңгілік сақталуының сыры да осында жатса керек.

    Сталиндік геноцидтің қасіретті жылдары туралы сөз болғанда, тарихшылар Қазақстанды сталиндік жүйе «алпауыт əлеуметтік эксперимент» жүргізген полигонмен салыстырады. Кейіннен Қазақстанға «халықтар достығының зертханасы» деген анықтама беріледі.

1931 жылы І Бүкілодақтық социалистік өндіріс жұмыскерлерінің конференциясында   И.Сталин: «Біз алдыңғы қатарлы мемлекеттерден 50–100 жылға артта қалып қойдық. Біз осы уақытты 10 жылда басып өтуіміз қажет», — деп мəлімдейді. «Барлық халықтар көсемі» осы «жүгіріп өтуге» қанша адам құнын төлеу керектігін есепке алмайды. Ол бұл мақсатқа жету үшін заңсыздық та, жаппай репрессия да толығымен қолданыла алады деп санайды. И.Сталин өзінің қатігездігімен жəне бірбеткейлігімен партия жəне мемлекет аппараттарын бағындыра отырып, олардың көмегімен өз мақсатына жетеді. 1930 жылдардың аяғында КСРО-да партиялық мемлекеттік бюрократия, жаппай репрессия мен қорқыту, лагерлер мен түрмелер үстемдік еткен сталиндік социализм орнайды. Қазақ ұлты қатігез геноцидке тап болып, ауыр кезеңдерді бастан өткереді.

1937–1938 жж. саяси репрессия бұрынғы КСРО-ғы жеке тұлғаларға қарсы ұйымдастырылған қуғын-сүргін шараларының ең шарықтаған кезеңі болады. Ол бірнеше факторлардың, əсіресе белгілі əлеуметтік-саяси топтардың, соның ішінде Б (б) КП-нің билік үшін күресінің нəтижесі болып табылады. Бұл күресте И.Сталиннің жеке билігін орнату барысында тек шынайы қарсыластарын ғана емес, бəсекелестерін, сталиндік режимнің қарсыластарын да жоюға бағытталған саясат негізгі роль атқарады.

Бұл жерде жасырын экономикалық сыр да болады. КСРО ұлан-байтақ территориясы бар, аграрлық бағыттағы мемлекет болды. Өркениеттік əдістермен экономикаға жаңа бағыт беру ұзақ та- рихи үрдісті талап етіп, ішкі саяси жағдайдың біршама жағымды болғанын қажетсінетін еді. Ал Қазақстан орасан зор кеңістікті алып жатқан, ауа райы қолайлы, табиғи ресурстарға бай, халқы аз болғандықтан, бұл мақсатты жүзеге асыруға өте қолайлы болды. И.Сталин үшін «жетіп алып, озып кету», жедел күшті өнеркəсіп пен қуатты əскери-өнеркəсіптік кешен құру маңызды болды. Ал, репрессиялық саясат қосымша қаражат көмегінсіз елдің халық көп шоғырланған аймақтарына орасан зор көлемдегі адамдарды қоныс аудартып, олардың еңбектерін пайдалануға мүмкіндік беретін еді.

...

Скачать:   txt (64 Kb)   pdf (214.4 Kb)   docx (66.5 Kb)  
Продолжить читать еще 18 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club