Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қасымхан Бегманов поэзиясындағы ұлт зиялыларының бейнесі

Автор:   •  Апрель 10, 2018  •  Реферат  •  8,124 Слов (33 Страниц)  •  885 Просмотры

Страница 1 из 33

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ

МАМАНДАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІН

КӨТЕРУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ИНСТИТУТЫ

УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА АЛМАТЫ

ИНСТИТУТ ПОВЫШЕНИЯ КВАЛИФИКАЦИИ И

ПЕРЕПОДГОТОВКИ КАДРОВ СИСТЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ

№26 жалпы білім беретін мектеп

«Қазіргі дәуірдегі әдебиеттің маңызы»

Бөлім: Әдебиет

Орындаған:

11 «Ә» сынып оқушысы

Сейтқожа Саяна

Ғылыми жетекшісі:

Қазақ тілі әдебиеті мұғалімі: Пралиева Индира

МАЗМҰНЫ

      Кіріспе

  1. Көркем әдебиеттің тәрбиелік мәні
  2. Ақын Қ.Бегмановтың өмір жолы
  3. Қасымхан Бегманов шығармашылығындағы туған жер тақырыбы
  4. Қасымхан Бегманов поэзиясындағы ұлт зиялыларының бейнесі

      Қорытынды

Кіріспе

Ғылыми зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы: Қазіргі дәуірдегі әдебиет дегеніміз – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған күнінен басталатын әдеби үрдіс. Яғни, 1991 жылдан бері жазылған әдеби шығармалар, әдеби әлемдегі хабарлар ғылыми тұрғыдан «Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиет» деген ұғым аясында қарастырылады.

      Біздің ғылыми зерттеу жұмысымыздың тақырыбы – «Қазіргі дәуірдегі әдебиеттің маңызы»  деп аталады. Әдебиет пен қоғам – егіз ұғым болғандықтан,  оларды бір-бірінен ажыратып қарастыра алмаймыз. Сол себепті біз тақырыбымызға бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселені арқау етіп отырмыз.

      ХХІ ғасыр – жаңа технологиялардың, сондай-ақ, жаһандану дәуірі. Жер бетіндегі ұлыстар мен ұлттардың ассимиляцияға ұшырап, космополиттенуі – әдебиет пен руханияттан қол үзуі кінәлі. Әдебиет – адам жанының антивирусы. ХХІ ғасырда туылған жаңа заманның оқырманына, әсіресе, жастар мен жасөспірімдерге қандай кітапты оқуы керек? Көркем әдебиетті оқымаған ұрпақтың ертеңі не болмақ? Кітап пен мерзімді басылымдарға басын имеген, компьютербасты жасөспірімдерден не қайыр, не үміт күтеміз? Балалардың болашағы бұлыңғыр болмауы үшін не істеуіміз керек? Міне, осы сықылды көптеген сансыз сауалдарға жауап беретін уақыт келген сияқты. Мен 11 сынып оқушысымын, ертеңгі студент, болашақ маманмын. Мен елімнің дамуы үшін не істеуім керек? Ел ертеңі үшін өзімнің ойларым мен тұжырымдарымды жинақтап, ғылыми зерттеу жұмысына айналдырдым.

Түйінді сөздер: Бүгінгі қазақ әдебиеті; Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиет; ақын Қасымхан Бегмановтың шығармашылығы; Әдебиеттің тәрбиелік мәні;

Зерттеу нысандары: Ғылыми зерттеу жұмысының негізгі нысаны – Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті, соның ішінде, қазіргі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Қ.Бегманов шығармашылығының тәрбиелік мәні.  

Тақырыптың өзектілігі: Әдебиет – руханияттың көзі. Қаламгер – орыстың атақты жазушысы М.Горький айтқанай, «адам жанының инженері». ХХІ ғасырдағы жас ұрпақ  салауатты, дені сау ұрпақ болып өсуі үшін жан-жақты бәсекеге қабілетті, интеллектуал, парасатты болуы тиіс. Ол үшін, әрине, рухани байлықтың көзі, тілсіз мұғалім – кітаппен дос болуы қажет.

    Кітап, әсіресе, көркем әдеби шығарма – балалар мен жастарға елі мен жерін қалай сүюді үйретеді; туған елінің шын патриоты болуға қалыптастырады; ұлттық құндылықтарын толық тануға жол ашады; ұлттының сан ғасырлық тарихы мен ділін жетік білуге дәріптейді. Біз өзіміздің ғылыми зерттеу жұмысымызда қазақтың көрнекті ақыны, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қасымхан Бегмановтың шығармашылығын қарастырып, талдаймыз.

      Қасымхан Бегманов – қазіргі қазақ поэзиясында өзінді орны бар, қолтаңбасы анық, жырлары қуатты үлкен ақын. Ақынның шығармашылығында біз көтерген әдебиеттің тәрбиелік мәні мәселесі жиі көрініс табады. Қасымхан Бегманов шығармашылығының негізгі көкөзегі – ұлттық рух мәселе. Біздің зерттеу жұмысымыз мектеп оқушыларына арналғандықтан, біз жастар мен жасөспірімдердің көзқарастарын ақын шығармашылығы арқылы кеңейтіп, дүниетанымдарын рухты жырлар арқылы  қалыптастырғымыз келеді.

...

Скачать:   txt (95.4 Kb)   pdf (282.6 Kb)   docx (52.3 Kb)  
Продолжить читать еще 32 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club