Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ә.Бөкейханов

Автор:   •  Сентябрь 16, 2018  •  Доклад  •  487 Слов (2 Страниц)  •  529 Просмотры

Страница 1 из 2

«Әлихан бүгінгі қазақ қоғамына несімен қадірлі?» деген сұраққа мен бірнеше жауаптар айтқым келіп тұр:

Біріншіден,ол алғаш тәуелсіз мемлекет(автономия) құрушы;

Екіншіден,ағартушы-ғалым,әртүрлі ғылым саласын дамытушы;

Үшіншіден,ұлт көсемі әрі бірінші қазақ саяси партисын ұйымдастырушы;

Төртіншіден,өзінің бар өмірін қазақ халқының бостандығы мен азаттығы жолында құрбан еткен аяулы азамат;

Бесіншіден,Керей мен Жәнібек заманындағыдай қазақ хандығын құрушы десек асыра айтпаймыз.

Осындай істерімен Әлихан бабамыз қазіргі және келер ұрпаққа өшпес мұра қалдырды.

Ә.Бөкейханов еліміздің саяси көсемі болды.өз заманының бетке ұстарларының бірі болған Әлихан Бөкейханов туралы бізде көптеген мәліметтер бар.Алашорда өкіметінің төрағасы,белгілі қоғам қайраткері тұңғыш қазақ саяси партиясының ұйымдастырушысы болған.

Жиырмасыншы ғасыр басындағы қазақ интеллегенциясының жұрт таныған басшылары Ә.Бөкейханов,А.Байтұрсынұлы,М.Дулатов сияқты зиялылар он екі жыл бойы қажымас еңбек етті. Өз партияларның  мақсат-міндеттеріне сай

1917 жылы желтоқсанда Алаш автономиясының немесе  қазақ дербес мемлекетінің құрылғандығын жариялап,оның өкіметі Алашорданы сайлады. Осы бастама жетекшілерінің Алаш партиясын құрып,Алашорда өкіметін сайлағанда,тіпті одан бұрын саяси күрес сахнасына шыққаннан бастап-ақ олар өз алдарына үш маңызды міндеттер қойған болатын.Оларды айта кетсек,отаршылық кезінде жойылған қазақ мемлекетін жиырмасыншы ғасырдың басындағы геосаяси жағдайда қалпына келтіру,қазақ халқының этникалық территориясын бір шаңырақ астына біріктіріп,отарлық езгіден құтқару және де қазақ мемлекетін өркениетті елдер қатарына қосу болатын.Осы үшін олар ат салыса күресе білді.

Ал Ә.Бөкейхановқа келетін болсақ,ол өзінің қай жағынан болса да біртуар дарынды тұлға екенін дәлелдейді.Оның әрі ұлт көсемі,әрі ғалым,әрі аудармашы-публицист болғаны бәрімізге белгілі.Оның адамшылығы,қайраткерлігі мен кісілік қасиеттері ерекше.Ол пікірлестері мен жолдастарының еңбектерін әрқашан да орынды бағалай білген.

Оның негізгі арманы –дербес қазақ мемлекетін құру болатын.Осы жолда оның аянбай еңбек еткенін біз тарих беттерінен көре аламыз.Оның арманының бір бөлігі орындалған-ды 1917 жылы ол қазақ автономиясы-Алашорданы құра алды.Құрғаннан кейін басқа да қазақ зиялыларымен бірге тізе бүгісіп,қазақ халқының мүддесі үшін қызмет етті.Ол өз мемлекетін барынша нығайтып,сақтап қалуға тырысты.Өкінішке орай,Алашорда ауызын арыстандай ашып тұрған айбатты КСРО-ға төтеп бере алмады.

...

Скачать:   txt (7.8 Kb)   pdf (45 Kb)   docx (12.3 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club