Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

1937-1938 жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары:ұлт интеллигенциясының қиын тағдыры құжаттарда

Автор:   •  Январь 8, 2019  •  Реферат  •  1,291 Слов (6 Страниц)  •  2,856 Просмотры

Страница 1 из 6

 

                                               

                 

Тақырыбы: 1937-1938 жж. Қазақстандағы жаппай            репрессиялау шаралары және оның салдары:ұлт  интеллигенциясының қиын тағдыры құжаттарда

                                                       

       

 

Жоспар:

1. 1937.1938 жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары

1.1. 1937.1938 жж. жаппай жазалау шаралары

1.2. Репрессиялау салдары

2. Ұлт интеллигенциясының тағдыры

2.1. Интеллигенцияның саны мен құрамындағы демографиялық мәселелер..

2.2. Ұлт интеллигенциясының көрнекті өкілдері

2.3. Ұлт интеллигенциясының қиын тағдыры құжаттарда

  1. 1937.1938 жж. жаппай жазалау шаралары

Қазақстандағы екінші репрессия 1937-1938 жылдары жүргізілді. Себебі бұл жылдары бүкіл елімізде, әсіресе Мәскеу мен Ленинградта жаппай жазалау шаралары басталған еді. Соның ызғары Қазақстанғы Қарағанды қаласына да келіп жетті. Өйткені Қарағанды еліміздегі үшінші көмір ошағы аталды. Мұнда көптеген партия, мемлекет және қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар мен ақын- жазушылар жұмыс істеді. . Осы жылы маусымайында Қарқаралы округтік партия комитетінің хатшысы М.Ғатаулин ұсталды .Өйткені ол 1932 жылдын өзінде-ақ Ғ.Мүсірепов ,М.Дәулетқалиев ,Қ.Куанышев , Е.Алтынбековтермен бірге Қазақстан өлкелік партия комитетінін сол кездегі 1-хатшысы Ф.И.Голощекиннің үстінен БК(б) ПОК-не хат жазған болатын. Бұл хат Қазқстан Компартиясы тарихында «Бесеудің хаты» деген атпен белгіледі.Осы хатқа байланысты М.Ғатаулин үнемі бақылауда жүретін.Сол тұста онымен бірге Н.Нұрсейітовты , М. Орддбаевты, Ж .Баймолдинді тұтқынға алады. Сол жылдың күзінде осы іс бойынша А.Асылбеков, Н.Нұрмақов , С.Сейфуллин , Т.Рысқұлов т.б. ұсталып, ату жазасына кесілді. Бұдан кейін осы облыста кызмет істеген Ғ. И. Пинхасик, Ә. Макатов, Ж.Сәдуакасов,М.Тәтімов , Ж.Сұлтанбеков , X.Әміров,О.Беков,X.Жүсіпбеков, Т.Нұртазин,С.Талжанов,Р.Әлсенов , А . Асылбековтыңәкесі-Мүсәпір , С.Сейфулиннің әкесі - Сейфулла , Хасен Жетпісбаев сияқты карттар камауға алынып, ауыр жазаға ұшырады. Сол жылдары Федоровда , Куперман,Мрачковский , Кадаленко, Шедин , Измаиловтардың тобы деген істер ұйымадастырылды , көптеген адамдар нақақтан - нақақ жауапқа тартылды. Солардын ішінде Смирнов , Смертюк, Парамонов,Хенкин , Скрипкин , Көрпебаев сияқты жұмысшы гвардиясының көрнекті өкілдері де кетті . Бұлардан басқа Қарағанды ісі, Қарқаралы ісі деген жалған қылмыспен сан қазақ сотталды. Сөйтіп,1937 ж. кезінде Қазақстанның Петропавл, Қостанай ,Семей обл ның чекистері тәрізді Қарағанды обл . Ішкі істер басқарма сынын қызметкерлері де ерекше қаталдығымен көзге түсті .Тіпті Ұлы Отан соғысының ауыр жылдарында ... Бұл репрессия нын жалғасы 1963-64ж. дейін созылып , сол жылдары ұлтшылдық ұйым құрды деген жаламен К. Жүнісов, К. Сауғабаев т.б . институттан шығарылып, түрліше жазаларға ұшырады.

  1. Репрессиялау салдары

Сталиндік режимнің ең ауыр қылмыстық акцияларының бірі - депортация. Депортация - қуғындау, жер аудару деген мағынаны береді. Соғысқа дейін және соғыс жылдары Қазақстанға депортрианттар: корейлер, немістер, қырым татарлары, армияндар, болгарлар, гректер, солтүстік кавказ ұлтының өкілдері күштеп жер аударылды. КСРО ХКК және ВКПб ОК 1937 ж. 21 августағы қаулысымен жапон шпионажының күшеюіне орай корейлер Қазақстан мен Орта Азияға жер аударылды. Оларға сенімсіздік білдірілді. 36422 корей семиясы 171781 адам 1937 жылы қазанда 124 теміржол эшалондарымен Қиыр Шығыстан батысқа қарай жер аударылды, оның 20170 семьясы 95256 адамы Қазақстанға келді. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстан мен Сібірге 1 млн 84 мың немістер, оның 76 пайызы, яғни 420 мыңы, Қазақстанға жер аударылды. Олардың жолға жиналуына 24 сағат берілді. Ал одан былайғы тағдыры қалай болады? Ол жағы беймәлім. Аман есен келгендері аса ауыр тұрмыстық жағдайды бастан өткерді: азық-түлік жетіспеді, бұрынғы түрмелерге, қоймаларға орналастырылды.

...

Скачать:   txt (17.2 Kb)   pdf (469.1 Kb)   docx (15.8 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club