Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

ХХ ғасырдың ұлы жаршысы - Әлихан Бөкейхан

Автор:   •  Сентябрь 29, 2019  •  Реферат  •  1,226 Слов (5 Страниц)  •  733 Просмотры

Страница 1 из 5

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 2

I. ХХ ғасырдың ұлы жаршысы - Әлихан Бөкейхан... ... ... ... ... ... ..3

II. Алаш» қозғалысына Әлихан Бөкейхановтың қосқан үлесі... ...9

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Өз халқының мұңын жоқтаған, сол жолда бар білімін, күш-қайратын жұмсаған осы зиялы қауым мен олардың ізбасарлары өз жеке басының емес, халқы үшін заман тауқыметін тартқан қайраткерлер ретінде тарихымыздан мәңгілік орын алды. Шынында да өз заманының талабын терең түсінген олар ағартушылық қызметпен шектеліп қоймай, азаттық күресі жолында парламенттік әдісті де жетік меңгеріп, қазақ мемлекеттігін қалпына келтірудің демократиялық жолын іздестірді. Олардың өмірі мен қызметі халқымыздың тарихында өшпес із қалдырғаны аян.

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға - Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан. Сол тар жол, тайғақ кешулерден арып-шаршаса да, қажып-қансыраса да, әрқашан қадір-қасиетін жоғалтпай, ар-намыс, абыройларын төкпей, ұрпағының сан ғасырлық тарихын сақтап, болашаққа деген сенімділікпен қадам басқан тарихи тұлға.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Әлихан Бөкейхановтың қайраткер ретінде қалыптасуының екі рухани негіздерін бөліп айтқан жөн. Біріншіден, Әлихан еркіндік пен теңдікті жоғары бағалаған ортада өссе, екіншіден XX ғасырдың басында озық ойлы Европа мәдениеті мен дәстүрінің ықпалы болды. Бастапқы саяси күрес кезеңінде самодержавиялық билікті ұтымды сынға алып, оған қарсы аппозицияда болған конституциялық-демократиялық партияның Қазақстанда бөлімін ашуға ынта білдіргендердің қатарында Әлихан Бөкейханов та болды. Бөкейхановтың Алаш партиясының қоғамдық-саяси қайраткер ретінде көрсететін еңбектердің бірі- К.Нурпейісовтың «Алаш һәм алашорда» еңбегінде Әлихан Бөкейхановтың жетекшілігімен 1917 жылғы 1 шілдеде I-жалпы қазақ съезі өтіп, онда Алаш партиясы құрылып, Ә. Бөкейхановтың бастауымен 1917 жылдың күзі мен қысында мемлекеттік бостандыққа жетудің түрлі жолдары қарастырылады. Сонымен қатар бұл еңбекте Әлихан Бөкейхановтың Алашорда өкіметі мен Кеңес өкіметі арасындағы қарым-қатынас суреттеліп, Алашордалықтардың ақ казактар және патша генералдарымен бірге Кеңес билігіне қарсы болғандығы баяндалған.

Мамбет Қойгелдиевтің «Алаш қозғалысы» атты еңбегінде большевиктер партиясы ұсынған бағдарламаның қазақ қоғамын үлкен апатқа ұрындыратын эксперимент жасалғаны баяндалып, қазақ коммунистерінің орталық биліктің қолшоқпары ретінде айыпталғаны көрсетілген және Әлихан Бөкейхановтың I Мемлекеттік Думаға Семей облысы қазақтары атынан депутат болып сайлануына жазылған.

Д.А Аманжолованың «Казахский автономизм и Россия» жарық көрген еңбегінде Бөкейханов көзқарасының Щербина экспедициясына қатысқаннан кейін үлкен өзгеріске ұшырағандығы және Бөкейханов сияқты қазақ зиялыларының көзқарасының мүлдем жаңа сапаға көтерілуіне тұңғыш орыс революциясының ерекше ықпал еткендігі баяндалады.

Семестірлік жұмыстың мақсаты мен міндеттері.Алдымызға қойылған мақсаттарды іске асыру үшін мынандай міндеттер қойдық:

- Алты Алаштың арысы атанған Әлихан Бөкейхановтың өскен ортасын негізгі құжаттар арқылы баяндау;

- Әлихан Бөкейхановтың саяси - көзқарастарының қалыптасу кезеңдерін ХХ ғасыр басындағы басқа ұлт зиялыларының көзқарастарымен байланыстыра зерделеу;

- Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері дәрежесіндегі тұлғасын тарихи зерттеулер арқылы ашып көрсету;

- Әлихан Бөкейхановтың

...

Скачать:   txt (18.2 Kb)   pdf (50.2 Kb)   docx (12.8 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club