Ұрпақ тәрбиесі- ұлт болашағы
Автор: toleubekovaardak • Январь 15, 2019 • Статья • 1,054 Слов (5 Страниц) • 961 Просмотры
ӘӨЖ 37.0
Кекубаева Шынар Құмарқанқызы
қоғамдық пәндер оқытушысы
Өскемен көпсалалы технология колледжі
ҚазақстанРеспубликасы
Өскемен қаласы
Толеубекова Ардак Толеубекқызы
қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы
Өскемен көпсалалы технология колледжі
Қазақстан Республикасы
Өскемен қаласы
Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы.
- Аты-жөні Кекубаева Шынар Құмарханқызы
Толеубекова Ардақ Толеубекқызы
- Мақала атауы: Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы.
- Білім беру мекемесінің атауы: Өскемен көпсалалы технология колледжі
- Авторлардың аты-жөні, тегі Кекубаева Шынар Құмарханқызы, Толеубекова Ардақ Толеубекқызы (ғылыми дәрежелері жоқ)
- Лауазымы: қоғамдық пәндер оқытушысы,
қазақ тілі және әдебиетінің оқытушысы
- Пошта адресі, Өскемен қаласы, Лермонтов к. 50, индексі 070002
- Қызметтік телефон номері қала кодымен бірге 8(7232) 75-42-83
- Үй телефоны жоқ
- 8-777-316-24-60; 8-777-980-88-16
- Kekubaeva_vko@mail.ru
«Еліміздің болашақта қандай
болатыны балаларымыздың бойына
өзіміз қандай тәрбиені сіңіретінімізге
тікелей байланысты»
Н.Ә. Назарбаев
Ұрпақ тәрбиесі - ұлт болашағы
Кез келген мемлекеттің экономикалық жетістіктері сол елдің қоғам өмірінің деңгейімен, жастарымыздың интеллектуалдық капиталының қалыптасуымен іргетасы қаланатыны баршамызға аян. Ұлттық құндылық мәселелерінің өзі адам бойындағы жан жақты сауаттылығымен, тәрбиелілігімен, адамгершілігімен өлшеніп, қоғам өмірінде маңызды рөл атқаруда.
Қоғамның барлық салаларында, күнделікті өмірдің тынысында ақпараттық технологиялар кеңінен пайдаланылып, әлеуметтік желілер кеңістігі өріс алып, өндіріс үрдісіне автоматтандыру жүйесі енгізілуде.
Бұл өзгерістер, қоғамның саяси экономикалық реформаларына, білім, мәдениет салаларына, сонымен қатар ұрпақ тәрбиесінде жаңа ұлттық сананың және тәрбие қағидаларының қалыптасуын қажет ететіні байқалды..
Тәрбиенің жаңаша көзқарасы ұстаздар қауымы мен ата-аналар алдына өскелең ұрпаққа тек белгілі білім деңгейін беру ғана емес, сонымен бірге адамгершілік ережелері мен ұлттық тәрбиенің негізі болып табылатын мейірімділік мерейі мен ізгілік нышанын бойына сіңіруді көздейді. Жастарымызды саналы, салиқалы тұлға ретінде тәрбиелеудің негізгі басымдылығын Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Болашақ ұрпақ жігерлі, білімді, талантты, ойы ұшқыр, өрісі өнімді болуы қажет, өйткені ол экономиканың өрге басуына, қоғамның дамуына, елінің гүлденуіне үлес қосатын жеке тұлға ретінде қалыптасуы қажет» деп көрсеткен.
Жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесінің өзектілігі күн тәртібінен қашанда түскен емес. Ел тарихында сұлтандар билеген хандық дәуірі кезінде де, патша үкіметінің өткізген отаршылдық саясатының кезінде де ата-бабамыз, аға буын өкілдері ұл-қыздарының тәрбиесіне бей-жай қарамаған. Атақты ойшыл, философ әл-Фараби адамға ең бірінші білім емес, тәрбиенің қажеттілігін, тәрбиесіз берген білімнің – адамзаттың қас жауы болып табылатынын өз шығармаларында да көрсетіп өткен. Білім мен тәрбие бір арнаға тоғысқанда ғана, ұлтының келешегін ойлайтын рухы мықты, намысшыл азаматтар шығатыны анық.
Ал сол намысшыл, рухы мықты азаматтарды тәрбиелеудің шырағы отбасы ортасында, ата-анасының балаға деген махаббатынан бастау алады. Қыз бой жетіп, құтты орнына қонғанша, ұл ер жетіп ат жолын тартып мінгенше атам қазақ бала тәрбиесін уысынан шығармаған. Ойлы да зерек, ақылды да ұстамды аналарымыз балаларын жылы мейірімімен, асқан қамқорлығымен, шексіз махаббатымен тәрбиелесе, ал әкелер болса ұлдарға үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіру арқылы сыйластыққа, ағайын арасындағы татулық арқылы бауырмалдылыққа баулыған. Ал әжелеріміз бен аталарымыз немелеріне әулеттің береке-бірлігін, туған туысқандығын жоғары орынға қоюды, бала санасында үлкен жауапкершілікті оятуды көздеп отырған.
...