Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әлихан

Автор:   •  Апрель 23, 2019  •  Реферат  •  2,879 Слов (12 Страниц)  •  408 Просмотры

Страница 1 из 12

     Әлихан: «Әбеке біздің ауыл Ақтоғай ауданы жіңішке өзенінің шығыс жағы,Желтау елді мекенінде тұрады. Інілеріме хат жазып берейін,олар сізге жер береді,еншіге мал береді. Егін егіп салып, тері илеп илеуді, былғары жасаңыз, мал өсіріңіз, май заводтарын салыңыз,диірмен салып, ұн тартуды, үйретіңіз» деген екен. Бұған қарағанда жоғарыда аталған істерді Абдуалланың Әбекеңнің айтқан жұмыстарын атқара алатынын біліп айтқан болу керек.

    Әлиханның айтқанындай Абдуллаға Ақтұмсықтан жер берген, мал берген.

    Тоқырауын өзенінің шығыс жағынан Қозыбай тоғаны мен Қанқожа тоғанының арасынан,теректің түбінен жаңадан Әбекеңе тоған берген. Осы тоған бойына егін еккен,егін бітік шыққан,суы мол тоған болған.Кейінде Әбекең тоғаны деп аталған. Тоқырауын өзенінің осы тұсынан Абдулла су диірмен салған. Сөйтіп Бегенбай, Абдуллалар егін салып, диірмен тартып ауқатты тұрған елді ұнмен қамтамасыз еткен. Абдулла қайтыс болған соң диірмен аты Бегембай, Сембайлардың атымен аталып кеткен.

    Ақтұмсық түбінде кәрі тоған атты тоған болған,оны ертеде Ағыбай батыр қазып су жүргізген дейді. Кейінде түрлі себептермен тастап кетіп Кенесары Наурызбайдың жасағында Ағыбай қолбасшы болған, сол кезіде, қолбасшы Үрістем атамыз бен Ағыбай дос болып, тоғанды Үрістемге беріпті дейді.

    Абдолла әкеміз сонымен қатар Қарқаралы мен жіңішке аралығында сауда да жасаған көрінеді. Қоңыр шолақ және құла аттары мен күнбе-күн барып келіп сауда сатық жасап, Нұрмахамбеттің жолдасы, әрі сенімді адамы болған.

    Бірде Желтаудың етегінде отырғанда жатақтың барлық малдарын жігітектен шыққан Әділхан деген ұры бастаған 18 адам айдап кетеді.

    Олар бұлаққа суаруға әкелген Абдулланың жылқысына да тұтқиылдан шыға келіп қуа жөнеледі.Осыны көріп қалған жылқышы Жақып малдың ішінде көзге түсе қоймайтын өршіл қоңыр шолақ атқа міне салып, тауға тіке шығып кетеді, ұрылар оған жете алмай қалады. Ол ауылға келіп, төре ауылына кеткен Абдоллаға хабар береді.

    Әбекең:Малға жау тиді, сендер келе беріңдер, -деп,Жақыптың қолындағы қос аттарын қолына ұстап зырғағын ала сала, ,18 жаудың соңынан қуа жөнеледі.

    Ұрылардың басшысы Әділхан жалғыз атты қуғыншыны көргенде: Бұл тегін адам емес, не өзі өледі, не біреуімізді мерт қылады, байқаңдар дейді. Көкше тобықтыны-кейде жігітек тобықтысы деп те атайды.

    Әбекең малдың алдын орай, зырғағын зырылдатып малдың бетін қайтарады. Осы кезде Әбекеңнің күреңіне мініп алған, жастау біреуі қуып жетіп, Әбекеңді арқадан шоқпардың астына алады елең қылмаған соң мен сені атып тастаймын деп, атады, оқ ертоқымға тиеді. Әбекең қашып келе жатып қос аттарымен қолтығының астынан атып қалады. Оқ қуып келе жатқан ұрының маңдайынан тиіп, ол құлап түскенде, қалған ұрылар жетектегі аттарын алып қаша жөнелді, осы кезде Жақып келіп жеткен екен:Әбеке кісі өліп қалды тоқтатыңыз деп тоқтатқан екен. Сөйтіп Әбекең төрт жылқыдан басқасын алып қалады.

    Сол жолы ұрылардың тағы біреуін орақшылар шалғымен орап өлтіреді, сөйтіп ұрылар үлкен сәтсіздікпен қайтады. Оққа ұшқан ұрыны ешкім білмейтін жерге апарып жерлейді. Жатақтағы ел жаяу жолпы малды аман-есен айдап келе жаткан Әбекеңнің алдынан шығады.

    Тобықты мен төрелердің арасында көп уақыт айтыс тартыс болады. Әбекең ауылдары төрелерге кірген жатақтар болса керек. Тобықтылар жағы кісіміз құнын төлесін, тиіскен Мұқан төренің інілері десе,екінші жағы біздің төрт атымызды алып кетті, аттың құнын төлесін, біз емес оларға тиіскен деп екі жақ біраз уақыт айтыс тартыста болады. Ақырында оқтың маңдайдан қуып келе жатқанда тигенін дәлелдеу үшін, бұл жұмысқа Әлихан кірісіп эксперт шақыртып, тобықты ұрылары қуып кеткен төрт жылқысын қайтарып бітім болған. Бұл жұмыстың айғағы мынау өлең:

«Сөйлейін қызылжардың ноғайынан,

Жау шыққан жіңішкенін тоғайынан.

Ат шаппай ер қайратсыз бола берсе

Құр босқа жау түсеме оңайынан.

Бір тұйғын бір топ шілге түсіп еді,

Біреуін алып қалды оңтайына(нобайынан).

Кешегі Тарғын ермен Тарлан аттай

Кез болған қоңыр шолақ қалайынан

Ат емес Әбекеңнің қара кері

Үдейді күннен күнге шықса тері

Ат өлді,Әбекеңнің аты өшеді.

Көтерген қара кері барма тірі

Бұл күнде қара керге ат пар келмес

Дүлділдей күнде шауып барған жері

Кешегі Көрғұлының екі атының

Ойлаймын сол шығар деп соның бірі

...

Скачать:   txt (38.2 Kb)   pdf (212.7 Kb)   docx (19 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club