Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ағылшын тілінен енген ғаламтор-сленг сөздерінің – жасөспірімдердің сөйлеу мәдениетіне кері әсері

Автор:   •  Февраль 25, 2024  •  Контрольная работа  •  2,669 Слов (11 Страниц)  •  133 Просмотры

Страница 1 из 11

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Алматы қаласы, Алатау ауданы

№179 жалпы білім беретін мектеп

Тақырыбы: Ағылшын тілінен енген ғаламтор-сленг сөздерінің – жасөспірімдердің  сөйлеу мәдениетіне кері әсері.

Бағыты: 2-секция, ағылшын тілі  

Орындаушы: Өмірәлі Жанерке Арманқызы,

7 «Д» сыныбы, №179 жалпы білім беретін мектеп, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Алматы облысы

Жұмыс жетекшісі: Джаркынбекова Айгерим Тлеубердиевна, №179 жалпы білім беретін мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі.

2022 жыл

Мазмұны
Түйіндеме............................................................................................................3
1. Кіріспе..............................................................................................................4
2. Негізгі бөлім..................................................................................................10
2.1 Сленгтің анықтамасы, оған әсер ететін факторлар........................................6
2.2
 Ғаламтор  сленгтерінің мектептегі сөздік қорындағы орны..........................9

2.3 Қазақ жастарының сленгіндегі ағылшын сөздері..........................................9

2.4 Ағылшын сленгінің жастар арасында қаншалықты таралғанын анықтау мақсатындағы зерттеулік сауалнамалар.................................................................10

2.5 Кеңестер...............................................................................................................13

3. Қорытынды..........................................................................................................14
Қолданылған әдебиеттер........................................................................................15

Түйіндеме

Секциясы: ағылшын тілі

Жобаның атауы: Ағылшын тілінен енген ғаламтор-сленг сөздерінің – жасөспірімдердің  сөйлеу мәдениетіне кері әсері.

Жаз айында «Жас сарбаз» атты жасөспірімдерге арналған жаздық лагерьге Қазақстанның түпкір түпкірінен балалар келді. Әр қайсысының сөйлеу мәнері өзгеше және көбіне ағылшын тілінен енген сленг сөздер қосып сөйледі.  Олардың сөйлеу мәдениетінің не себепті күрмеленіп кеткенін және қандай кері әсер тигізіп жатқанын білу зерттеудің негізі болды.

Зерттеудің мақсаты: Ғаламтор желісіндегі ағылшын тілінен енген сленг сөздерінің төл тіліміздегі сөздерге кері әсерін, бұрмалануының сипаты мен ерекшеліктерін анықтау болып табылады.

     Жұмыстың өзектілігін дәлелдеу және ағылшын сленгінің жастар арасында қаншалықты кең таралғанын тексеру мақсатында оқушылар арасында сауалнама жүргізілді. «№179 жалпы білім беретін мектептегі» жасөспірімдердің сленгті қолдануы туралы 12 пен 13 жас аралығындағы оқушылар қатысқан сауалнама жасалынды.

    Күтілетін нәтиже – жасөспірімдердің өз сөзінде ғаламтор-сленг сөздерінің қолданысын азайтуы.

  1. Кіріспе

    Ана тіліміздің тағдыры – ешкімді бейжай қалдырмайтын тақырып. Біздің ұрпақтың көз алдында тіл айтарлықтай өзгеріп жатқаны анық. Жобаға тақырып таңдағанда мен қазіргі қоғамның мәселелері туралы ойладым.

    Меніңше, ең өткір мәселелердің бірі – ана тілінің жойылу мәселесі. Ол – қаншама мұңды естілсе де, көпшіліктің туған қазақ тілін құртып, бұрмалап жатқанына көз жеткізудеміз.

    Қазіргі әлемде адамдар қарым-қатынас жасайтын Интернет барған сайын танымал бола түсуде. Әрбір екінші адам оның пайдаланушысы, уақытының едәуір бөлігін сонда өткізеді. Соның салдарынан тіліміздің қалай бұрмаланғанын байқамау мүмкін емес: орфография бұзылады, көптеген қателер табылады, тыныс белгілерінің ережелері сақталмайды. Өзім де осындай әлеуметтік желілердің қолданушысы болғандықтан, ағылшын тілінен енген сленг сөздерінің ғаламтордағы  қарым-қатынасқа  қаншалықты сауатсыз ықпал ететінін үнемі байқаймын. Жастар желіде сөйлесудің қарапайым тілін ойлап тапты. Осының бәрі жас ұрпақтың болашағына елеулі әсер етіп, оның сөйлеу мәдениетіне кері із қалдырғаны сөзсіз. Әрбір кейінгі ұрпақ виртуалды қарым-қатынасқа көбірек тартылуда, мұнда негізгі рөлді ана тілін білу емес, ана тіліне жат ағылшын тілінен енген жаңа сөздерді жасаудың өзіндік ерекшелігі атқарады. Қазірдің өзінде желілік тіл виртуалды кеңістікте ғана емес, сонымен қатар теледидарда, әртүрлі журналдар мен газеттерде пайда болды. Бұл тілдің жаппай қолданылуына байланысты сауаттылық деңгейінің төмендеуі байқалады, өйткені жаңа қарым-қатынас стилі өте ыңғайлы және тез әдетке айналады. Адамдарға өз ойын сауатты, әдемі тілмен жеткізу қиындай түседі.

...

Скачать:   txt (37.9 Kb)   pdf (272.2 Kb)   docx (103.6 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club