Физиканы ағылшын тілінде оқытудағы негізгі мәселелер
Автор: Aksulu • Апрель 21, 2018 • Реферат • 6,407 Слов (26 Страниц) • 1,961 Просмотры
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ..................................................................................................................5
1 ФИЗИКАНЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ
1.1 Физиканы ағылшын тілінде оқытудағы негізгі мәселелер............................7
1.2 Ағылшын тілін қазақ сыныптарында физиканы оқытуда қолдану............13
2 ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ..............................................................................16
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................19
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................................22
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Елбасы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының ХІІ құрылтайында "Үш тұғырлы тіл" туралы идеяны жариялады. Ал 2007 Жолдауында "Тілдердің үш тұғырлылығы" атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды. Яғни, бұл бағдарламалардың басты идеясы Қазақстанды бүкіл әлем халықтарына үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде таныту керек. Атап айтатын болсақ, олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – қарым - қатынас тілі және ағылшын тілі – дамыған мемлекеттермен терезе теңестіріп, солардың қатарына қосылу үшін қажет. Барлық мекемелердің қызметкерлерін үш тілге үйрету қолға алынып, қазіргі таңда ол талапқа айналып бара жатыр. “Үштұғырлы тіл” идеясының үшінші құрамдас бөлігі – ағылшын тілін үйрену. Бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу деген сөз. Қазақстандықтардың ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйренуге жәрдемдесу үшін колледждер мен жоғары оқу орындарында ағылшынша білімі бар мамандықтарды оқыту жүйесі мен процесіне қойылатын талаптар күшейтілуде.
Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту қолға алынып жатыр. Бұл бағыттағы пәндерді ағылшын тілдерінде оқыту үшін материялдар мен оқулықтардың жоқтығы үлкен мәселе болып отыр. Бірақ, бұл өзекті мәселе жөнінде "Егемен Қазақстан" газетінің беттерінде, білімділер сайтында сонымен қатар көптеген оқу орындарының жеке сайттарында мақалалар жарияланып, семинар сабақтар ұйымдастырылып жатыр. Атап айтқанда Купжапсарова А.К, Бахтыбай А.Б, Сақтағанова Н.Б, Асқар Жұмаділдаев, Әсем Қашқынбекова т.б. көптеген ұстаздар мен білімгерлер өз зерттеу жұмыстарын жариялап жатыр.
Зерттеу жұмысының мақсаты - жас ұрпақты қазіргі кезеңдегі үш тілділік оқуға дайындау, оларды заманауи оқу бағдарламасын қабылдауға және ұғынуға үйрету.
Сондықтан зерттеу жұмысын жазу барысында мынадай мақсат қойдым: заман талабына сай физика пәнінен терминдерді ағылшын тілінде меңгеру, осы ағылшын тіліндегі терминдерді сабақтарда қолдана білу. Қойылған мақсат негізінде шешілетін міндеттер:
1. Физика сабағында ағылшын тіліндегі физикалық терминдердің мағынасын түсіну;
2. Ағылшын тіліндегі физикалық терминдерді оқушыларға сабақта қолдануға мүмкіндік көрсету;
3. Ағылшын тілінде видеороликтер көрсету арқылы оқушының физиканы ағылшын тілінде өтуге қызығушылығын арттыру;
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Физика пәнін ағылшын тілінде оқыту оқушылардың сөздік қорын кеңейте отырып, жаңалық ашуға, әртүрлі бақылаулар, тәжірибелер жүргізуге құлшындырады. Қарапайым көрсетулер оқушыны өз бетімен ізденуге, танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамытуға бағыттайды. Сонымен қатар, алған білімі өмірге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгерілуі қажет екендігі оқушы санасына сіңіріледі. Ең бастысы оқушының ағылшын тілін меңгерудегі сөздік қоры толығады, сөйлеу дағдысы қалыптасады.
Сабақ барысында қосымша берілетін физика-техникалық терминдер сөздігі оқушының сөз қорын қалыптастыруда өз көмегін тигізеді. Сондықтан физика пәнін ағылшын тілінде оқыту мынадай зерттеу әдістерін қарастырады:
...