Тұрақты сөз тіркестерінің қазақ тілінен ағылшын тіліне берілу жолдарының лингвомәдени негіздер
Автор: Zhanerke Duisenbayeva • Май 18, 2019 • Статья • 985 Слов (4 Страниц) • 736 Просмотры
ТҰРАҚТЫ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕ БЕРІЛУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ НЕГІЗДЕРІ (жазушы Д.Исабековтың шығармалары негізінде)
Дүйсенбаева Жанерке Ержанқызы
магистрант, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,
Қазақстан, Алматы қ.
Шенгелбаева Нұржамал Рахымжановна
научный руководитель, ф.ғ.к,
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,
Қазақстан, Алматы қ.
Қазіргі таңда қазақ аударматануындағы өзекті мәселелердің бірі қазақ тіліндегі сөз тіркестерін ағылшын тіліне аударылу болып табылады. Тұрақты сөз тіркестері «фразеологизмдер» деп те атауымызға болады. Фразеология саласы тіл біліміндегі ең күрделі салалардың бірі болғандықтан бір тілдегі фразеологиздерді екінші бір тілге аудару барысында аудармашыда көптеген қиындықтар туындайды. Ғалымдардың фразеологизмдерді аударудың келесі екі түрін бөліп көрсеткен:
1) фразеологиялық аударма;
2) фразеологиялық емес аударма.
Фразеологиялық аударманы орындау үшін ең алдымен аудармашының сөйлем ішінен фразеологиялық бірліктерді ажырата білуі өте маңызды. Фразеологизмдерді аудару барысында аудармашы тұрақты сөз тіркесінің мағынасын жоғалтып алмауы маңызды. Тұрақты сөз тіркестері ең басты ерекшелігі – мағынағаны әр түрлі сөздердің бірігіп мүлдем жаңа бір мағынаға ие болу. Аудармашы оларды аударғанда әр сөздің бөлек мағынасына емес, жалпы сөз тіркестің біртекті мағынасына үлкен назар аудауы қажет. Тұрақты сөз тіркестерінде сөздердің орнын өзгертуге, басқа сөзбен алмастыруға келмейді. Сол себептен фразеологилық аударма барысында аудармашы аударма тілі мен түпнұсқа тіліндегі бір-біріне жақын фразеологилық эквивалент таба білуі қажет. С.Влахов пен С.Флорин фразеологиздерді аударудың мынадай жолдарын берген:
- аударма тіліндегі эквиваленттерін қолдану арқылы аудару;
- аударма тіліндегі варианттары арқылы аудару;
- түпнұсқа тілдегі фразеологиялық тіркестің эквиваленттері және варианттары болмаған жағдайда, аударма тіліндегі фразеологиялық емес тіл құралдарымен беру арқылы аудару [1, 232].
Аудармашы фразеологиялық аударма барысында сөз тіркестерінің ұлттық-мәдени бояуларын сақтай алуы қажет. Фразеологизмдер халықтың рухани құндылықтары мен ұлттық ерекшеліктерінің көрінісі. Фразеологизмдер халықтың өткені, салт-дәстүрі, ұлттық ерекшеліктерімен таныстырып, халыққа тән мінез-құлқын ашады. Сол себепті фразеологизмдер арқылы әлемнің тілдік бейнесін байқауымызға болады.
2017 жылы Лондонда Дулат Исабековтың әңгімелер жинағы ағылшын тіліне аударылып жарыққа шықты. Д.Исабековтың қай кітабын, қай әңгімесін алып қарасақ та қазақ тілінің тұрақты сөз тіркестеріне қаншалықты бай екенін байқаймыз. Кітапта жазушының «Сациализм зәулімі», «Бонапарттың үйленуі», «Конфронтация», «Қабылан» және т.б. әңгімелері ағылшын тіліне аударылған. Осы әңгімелерді аударма барысында фразеологизмдердің мағынасы қаншалықты сақталғанын байқау үшін Кэтрин Джуделсонның фразеологиялық аудармаларын теріп қарастырайық.
"Бәрі де бейкүнә, қой аузынан шөп алмайтын момын, сыпайы, "- деп ойлады ішінен Ережеп [2, 98]. “Who’d have thought it, butter wouldn’t melt in their mouths….,” thought Erezhep grimly [3, 77].
Бұл күтпеген оқиға еді. Оның әсері төбеден жай түскеннен бір де бір кем болған жоқ [4, 11]. That news had come as a shock, like a bolt from the blue [3, 44]. Бұл екі мысалда аудармашы фразеологизмдерді аударма тіліндегі фразеогизмдермен алмастырған.
Онсыз да тығырықтан жол таппай амалы құрып отырған дастархан басындағылар мынадай келеңсіз әңгіменің құдалар ауылына жетпей тынбайтынын ойлағанда әрқайсысы отырған-отырған орнында қара көрсе кіріп кете жаздады [4, 22]. Those sitting waiting for their meal, already at a loss to know what to do and well aware that their simple conversation was bound to reach the bride’s village in the end, felt helpless, as if the earth were about to swallow them up [3, 45].
...