Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Адамгершілік

Автор:   •  Декабрь 13, 2022  •  Реферат  •  478 Слов (2 Страниц)  •  243 Просмотры

Страница 1 из 2

Адамгершілік болмыс пен ұлттық рухты қалыптастыру жолында-жастардың бойындағы еріктілікті арттыру.

Адамгершілік десе-көз алдыма, ең алдымен адамның бойында теңіздей толқып жатқан ерекше,қайталанбас маңызды тұлға келетіні хақ. Қазақ қашанда рухани адамгершілікті пір тұтып, оған жүгінген халық. Сондықтан бүгінде рухани болмысы терең, білімді,рухты ұрпақ тәрбилеудің маңызы зор екендігі бәрімізге мәлім.

Еліміз әлемдік деңгейге көтерілген сәттен бастап,қазақтың туын биікке көтерер білімді, білікті, адамгершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу біздің алдымыздағы ең басты міндет екенін,айрықша мәнге зор екендігін нақтылап тұрып көрсеткен болатын. Рухани тәрбие адамның ізгілік ұстанымдарының бірі. Жеке тұлғаның болмысы мен ұлттық рухын адамгершілігі арқылы ізгілік мұраттарға бағыттап, өмір даналығын түсінуге жастарға кереметтей бір көзқарас қалыптастырады. "Өмір - теңіз, жүзем онда демеңіз, ізгіліктен жасалмаса кемеңіз"—демекші,адам бойындағы қайғы-қасіреттердің болу себебі адам өмірінде адамгершілік құндылықтардың және арман-мұратының болмауынан екен. Сондықтан да ізгіліктің ең үлкені - адамдарға жақсылық жасау деп түсінеміз.Неге келешек ұрпаққа осының бәрін бетпе-бет,айқындап көрсетпеске?Яғни,адамның бойынан табыла бермейтін адамгершілік пен ұлтқа деген жаңашылдықты саралап,анықтап,сол құндылықтың қазіргі таңда ерекше рөлге ие болып жатқандығын түсіндірмеске.Әрине,осының бәріне бізге сенім арттып,үміт отын жандырып отқан жандар да аз емес.Әр адамның бойында адамгершілік орнаса,жақсылықта,мейірімділікте,сауабы мол игі істерде көп болатын еді.

Адамгершілік осынша құлаққа жағымды естілетін көркем сөз,адамды тіпті 62 тамырын жібітіп баурап алады.Адамда ешқандай адамгершілік қасиеттер болмаса,осы күнге дейін жеткен жетістіктері жалаң, жадағай болып шығады.Осы маңызды қасиеттің өзі,үйдегі берген тәрбиегеде байланысты.Анам айтқандай,бойында ұяттың мен адамгершілігің болмаса,істеген ісің бір тиын деп.Қарап отсам,осынның астарында бір терең мағыналы,мәнді тарих жатқан тәрізді.Каспийдің Қарт толқыны секілді толықсыйтын,аса бір мәнге ие осыншама құдірет,мол жауапкершілікті алады деп кім ойлаған.Ал жас ұрпаққа деген сенім одан сайын күшейе,арта түскен сияқты.Тәрбие мен білім беру адам дамуының рухани үйлесімділігін, өмірдің құндылықтарын түсінуге, өзін қоршаған ортамен үйлесімділікте еркін ұстай білуге жағдаят жасауында.Қандай қадам жасасаңда ең бірінші өзіңе нық сенімді болып,бойыңдағы күш жігеріңді емін-еркін ұстап,содан кейін барып жауапкершілікті қолға ал.

...

Скачать:   txt (7.8 Kb)   pdf (74.9 Kb)   docx (553.8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club