Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

«Ақиқат сыйы»-адамгершілік пен имандылықтың әліппесі

Автор:   •  Март 13, 2018  •  Статья  •  1,373 Слов (6 Страниц)  •  1,690 Просмотры

Страница 1 из 6

Ғалым Бифатима Ғалымқызы

К-15-1 оқу тобының студенті

                              Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

[pic 1]

«Ақиқат сыйы»-адамгершілік пен имандылықтың әліппесі

Қазақ әдебиетінің тарихы сонау Орхон-Енисей ескерткіштерінен бастау алады десек,одан берідегі Қарахан мемлекеті тұсындағы қазақ әдебиеті дамудың тағы бір белесіне аяқ басып, адамзат игілігіне айналар сөз өнерінің асыл мұраларымен толықты. Түркі тілінің алғашқы сөздігі болып табылатын М.Қашқаридің «Диуани Хикмет» еңбектері қазақ әдебиеті мен тілі, қазақ тарихы жайлы ғылыми тұрғыда түсінік беретін алғашқы құнды әдебиеттер болып табылады. Солардың ішінде біздің сөз етпегіміз Ахмет Иүгінекидің «Ақиқат сыйы» дастанында көтерілген адамгершілік пен имандылық мәселелері болмақ. Әсіресе, қазіргі адами құндылықтар мен қасиеттер азайып, адам баласының мінез-құлқында сан түрлі өзгерістер орын алып жатқан дамушы қоғамда Ахмет Иүгінекидің «Ақиқат сыйы» кітабында көтерілген мәселелер ұрпақ тәрбиесі мен келешегіміздің кемелдігі жолында ерекше мән мазмұнға ие.  Ғасырлар бойы философия, әдебиеттану, мәдениеттану ғылымдарының елегінен өтіп, бүгінде педагогика, психология  ғылымдарымен сабақтастық тауып, ғылымдар назарын өзіне аударған бұл еңбек әдебиеттану ғылымында да біршама зерттелді. 446 жолдан тұратын, 20 шақты тақырыпты қамтитын , үш түрлі нұсқасы айқындалған дастанды зерттеуші ғалымдар Е.Бертельс, С. Мауов, Н.Асым, Н.Маллаев, Қ.Махмудов, Э.Наджоп, Я.Арат, қазақ ғалымдарынан Н.Келімбетов, К.Сүйінішәлиев, Б.Сағындықұлы, Г.Баялиева, т.б. әдеби-тілдік тұрғыдан зерттеп, құнды пікірлерін ұсынды. Әлемді жаратушы Алла мен оның жердегі елшісі Мұхамед пайғамбарды дәріптеп, ислам дінінің құндылықтарын арқау еткен дастанды адамгершілік пен имандылықтың қайнар көзінің бірі ретінде қарастыру бүгінгі қоғам үшін аса қажетті, күн тәртібіндегі мәселенің бірі деп есептеймін.Адамгершілік-адам бойындағы бүкіл ізгі қасиеттердің жиынтығы, ал имандылық-ислам дінінің негізі. Алланы танудың, дінді мойындаудың  алғышарты да, негізгі парызы да иман келтіру болып табылады емес пе? Олай болса, еңбектегі әрбір ұғымды, әрбір жолды адамгершілік пен имандылық тұрғысынан талдап, таразылау-өскелең ұрпақ үшін аса қажет.

    Адамзат баласы тіршілік иесі болып жаратылғалы бері осы екі ұғымның аясындағы қарама-қайшылықты мінез-құлықтарымен, құбылыстармен толассыз күрес жүргізіп келеді. Өмірдегі бір-біріне кереғар ұғымдар да осы екі құндылықтың топтамасын құрайтыны еш даусыз. Сондықтан да адамгершілік пен имандылық мәселесі еш уақытта өзектілігін жоғалтқан емес.

Өмірде жақсы мінез-жомарт деген,

Жаман ат-сараң, оған жақсы сөз ермеген.

Берген қол бәрінен де құтты болар,

Сол жаман-ала біліп, түк бермеген [1.Ахмет Иүгінеки «Ақиқат сыйы» {құраст: А.Әлібекұлы, С.Дәуітұлы, БСағындықұлы}-А: «Таймас»,2008-488бет] деген жолдардан бір-біріне кереғар екі ұғымды суреттеу арқылы адам баласының мінез-құлқындағы негізгі қасиеттердің ара жігін ашып көрсеткенін көреміз. Адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі жомарттықты сипаттай отырып, ақын адамдарды бір-біріне мейірімді, қамқор болуға үндейді. Бұл мінез –қазіргі қоғамдағы жандар үшін жат болып тұр. Жесірлерімізді тентіретіп, жетімдерімізді телміртіп қойған  XXI ғасыр иелеріне үлкен ой саларлық өлең жолдары емес пе?! Өлеңнің соңғы екі жолы қазақ халқында қалыптасқан «Алаған қолым береген» деген ұғыммен үндесіп, әр түрлі дәуірлердегі  ой түйіндерін өзара сабақтастырып тұр. Бұл қоғам қанша қарыштап дамыса да, экономика қарқынды белең алса да, адами құндылықтардың барлық уақыт бедеріне бірдей қажет екендігін айқындайды. Дастындағы өлең жолдарына тағы да көз салып көрелік.«Бір айыпқа бола  бас кесуші дүниеде тірі адамсыз қалады.»- дейді ойшыл [2 А.Қыраубаева (Ежелгі дәуір әдебиеті) {құраст: Р.Ыбырайымова, Б.Машрапова, Б. Табылдиев, Н.Мельник}-А: «Ана тілі» 1991-144бет ]. Бұдан біз кішігірім күнәсі, айыбы үшін бас кесе бермей, кешірімшіл болу керек деген ойды айқын көреміз. Халықтық танымдағы «Кешіре білу-кісілікке тән қасиет» деген ұғымда түйсінеміз. «Тәкаппарлықты басыңнан шығарып, Кішіпейілділікті берік ұста. Одан мүлде айрылма»,-дейді тағы бірде. Орынды жерге кішірейе білу, менмендік, өзімшілдік танытпау секілді адамгершіліктің көрсеткіштері барша адамға қажет-ақ. Алайда, сәл жетістікке жетсе немесе қалтасы қомпайса, мұрнын көкке шүйіретіндер қай кезде болмасын жетіп артылады. «Ұлық болсаң, кішік бол!»-дейді халқымыз ел билеген басшыларына. Кішіпейілділік-үлкенге де кішіге де ортақ, аса қажет мінездің бір көрінісі.  «Адамдардың арасында сүйіспеншілікке бөленгің келсе, жомарт бол! Жомарттық сені сүйіспеншілікке жетелейді.» [2.А.Қыраубаева (Ежелгі дәуір әдебиеті) {құраст: Р.Ыбырайымова, Б.Машрапова, Б. Табылдиев, Н.Мельник}-А: «Ана тілі» 1991-141бет ],-дейді жомарттық туралы. Дастанда мінез-құлық көрсеткіштерінен жомарттық пен сараңдық, сабырлық пен   көнбістік  жайлы көп сөз естіледі. Адамның бүкіл болмыс бітімін айқындайтын да оның айналасымен қарым-қатынасын көрсететін де осы ерекшеліктер екені белгілі. Бұлардың бәрі адамға қуат әкеледі, жолын оңғарады, сәттілікті серік етеді деген ой түйіндерін байқау аса қиын емес ойлы жанға. Біздің бұл жоғарыда сөз еткеніміз-адамгершілік тұрғысындағы философиялық ой-пікірлерді негізге ала отырып, өз тұжырымдарымызды дәйектеп көрелік. Ахмет Иүгінекидің ерекше назар аударған мәселенің бірі-имандылық. Жаратқанды тану, дінді құрмет тұту. Яғни, ақиқаттың ақ жолына үндеу. Еңбектің «Ақиқат сыйы» атануының бір сыры осында жатса керек. Халықтық таным бойынша қызылды-жасылды бұл әлемді «қамшының сабындай қысқа дәурен, жалған-өмір», ақиқат өмір осы тіршіліктегі амалдарың үшін есеп беретін екінші бір тылсым дүние деп қарастыратын болсақ, шындықтың ақиқаттың, яғни бізге беймәлім өмірдің сыйы бұл-қазіргі тіршілік, ондағы іс-әрекеттерің дегенді білдіретін тәрізді. Ақиқат саған таңдау берді. Таңдау өз еркіңізде. Жақсылыққа ұмтыласың ба, әлде жамандыққа құлаш ұрасың ба, сол  ісіңе орай шынайы сыйға ие боласың дегенді меңзегендей.  «Әдептіліктің басы-аузын бағу» [2.А.Қыраубаева (Ежелгі дәуір әдебиеті) {құраст: Р.Ыбырайымова, Б.Машрапова, Б. Табылдиев, Н.Мельник}-А: «Ана тілі» 1991-140бет ],-деп сөз сөйлеу әдебіне де ерекше тоқталады. «Он күнәнің тоғызы тілден» деп білетін болсақ, ретіне қарай сөз сөйлеп, орынсыз килікпей, сөз әдебін сақтаудың маңызы зор. Аз сөйлеп, көп тыңдау-имандылықтың белгісі. «Тіл жаратушымен байланыстырушы құрал, адам күн сайын ерте тұрып, тілге жүгіну арқылы құлшылық етеді» [1.Ахмет Иүгінеки «Ақиқат сыйы» {құраст: А.Әлібекұлы, С.Дәітұлы, БСағындықұлы}-А: «Таймас»,2008-453бет].Сөз адамның ой-өрісін танытып, адамгершілік бейнесін бедерлейді. Адам өз тіліне сақ болып, ақыл-парасатты болуға тиіс деген ойды негіздеген дастанның педагогикалық мән-маңызы да ерекше

...

Скачать:   txt (19.2 Kb)   pdf (168.2 Kb)   docx (80.4 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club