Адамгершілік тәрбиесі
Автор: 87787087232 • Сентябрь 13, 2021 • Лекция • 462 Слов (2 Страниц) • 876 Просмотры
ҚАЙЫРЛЫ КҮН БІЛІМ АЛУШЫ!
[pic 1]
Уақыты: 04.01.2020ж
Пәні: Педагогика
Тақырыбы: Адамгершілік тәрбиесі
Тобы: СБ-А-18
Жаңа тақырыпты менгерту
Негізгі ұғымдар:адамгершілік тәрбиесі, тұлға, мінез-құлық, тәрбие
Электронды қор: https://www.youtube.com/watch?v=23Ls0E6oh1o
Лекция мазмұнымен http://manshuk.kz/video/52_01.mov сілтемедегі видеолекция арқылы көріп танысады.
Адамгершілік тәрбиесі – тәрбие салаларының маңызды бір құрамдас бөлігі. Жеке тұлғаны жан–жақты жетілдіру процесінде ол ақыл–ой тәрбиесінен кейін маңызды рөл атқарады.
Адамгершілік тәрбиесінің негізі – адамдарды жалпы адмзаттық мораль рухында тәрбиелеу. Мораль дегеніміз – адамдардың бір–біріне деген міндеттері мен қарым–қатынасын айқындайтын мінез–құлқының нормалары мен ережелерінің жиынтығы. Мораль латын тілінде “адамгершілік” ұғымын білдіреді. Моральдық принциптер адамгершіліктің мазмұнын жалпы түрде анықтайды.
Ал адамгершілік дегеніміз – жағымды мінез–құлықының нормалары мен ережелерінің жиынтығы. Мінез деп адамның жеке басындағы қоғамдық ортаның, тәрбиесінің әсерімен қалыптасып, оның ерік күшімен өзіне және қоршаған өмірге қарым–қатынасын айқындайтын күрделі процесті айтамыз.
- Адамгершілік жиынтығы – борыш болып табылады (Парыз). Яғни:
– адамның –адам алдындағы, қоғам алдындағы, отан алдындағы борышы;
– ата–аналардың балалары алдындағы немесе балалардың ата–аналары алдындағы борышы;
– жеке адамның ұжым алдындағы, ұжымның жеке адам алдындағы борышы т.с.с
Адамгершілік борыш идеясы – бүкіл тәрбие процесінің саналы, негізгі өзегі болуын назардан үнемі тыс қалдырмау керек. Олай болса адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз– жақсылық атаулыға деген сезімді дамыту, сөз. Әрбір адам адамгершілік ұстанымдарды бұзу – жамандықтың басталатын межесінен аттау екенін сезінуі қажет.
...