Медиация дауларды шешудің балама әдісі ретінде
Автор: Aikooo03 • Май 2, 2023 • Реферат • 1,227 Слов (5 Страниц) • 152 Просмотры
2 тақырып. Медиация дауларды шешудің балама әдісі ретінде.
Жоспар:
- Медиация тарихы дауларды шешудің балама әдісі ретінде.
- Медиация ұғымы.
- Делдалдық және медиация.
1. Медиация тарихы дауларды шешудің балама әдісі ретінде.
Қазақстан Республикасында медиация туралы мәселе ең алғаш рет Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі N 949 Жарлығы «Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасында» қозғалған болатын. Сол сәттен бастап еліміздің заңгерлері, құқықшығармашылық органдары үлкен ғылыми-зерттеу, даярлық жұмыстарын жүргізіп медиация туралы заңнаманы даярлап қабылдады. 2011 жылғы 28 қаңтарда «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып, ол сол жылдың 5 тамызында заңды күшіне енді. Заңға сүйенетін болсақ, медиация – бұл тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсімі. Яғни, медиация Қазақстанда дауларды баламалы шешудің жаңа түрі болып табылды. «Медиация» термині латынның «mediare», делдалдық, бітімгер деген сөзінен шыққан. Медиация қатынастарын реттейтін заң бес жылдан астам уақыт бойы әрекет етсе де, қазіргі уақытта бұл рәсімге жүгінетін адамдар саны өте аз. Осы дауларды баламалы шешудің жаңа түрі ретінде медация қандай қатынастарға қолданыла алады? Ол сұраққа жауапты Заңның 1-бабы жауап береді. Жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы, қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (жанжалдар) және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар медиацияның қолданылу саласы болып табылады. Бұл рәсім қолданылатын қатынастар саласы өте кең.
Жалпы медиацияның пайда болу тарихына көз салсақ, ол ХХ ғасырдың екінші жартысында англо-саксондық құқық жүйесінің елдерінде АҚШ, Ұлыбританияда дами бастады. Алғашында, медиация тек қана отбасылық қатынастарға қолданылды, кейіннен көпжақты, жария коммерциялық қатынастарды да реттеді. Медиация рәсімін дауды баламалы түрде шешудің әдісі ретінде қолданысқа енгізу әртүрлі мемлекеттерде әрқалай болды. Австралия, Жаңа Зеландия, Канада елдерінде медицияның қолданылмауына, кең таралмауына адвокаттардың қарсылығы әсерін тигізді. Міндетті медиацияны енгізу де айтарлықтай нәтиже берген жоқ. Сот істі қарамас бұрын тараптар міндетті түрде медиацияға жүгініп, өзара келіссөздер жүргізуі тиіс болатын. Бірақ, өкінішке орай тараптар бұл рәсімге тағы да бір өтуге қажетті формальды кедергі ретінде ғана қарады. Осыдан кейін, АҚШ-та медиацияны сот тәжрибесіне енгізудің жаңа тәсілі қолданылды. Егер тараптар негізде түрде, сотқа неге медация рәсімі қолданыла алмайтындығын түсіндірсе ғана, бұл рәсім пайдаланылмайтын. Ұлыбританияға келетін болсақ, ол мемлекет медиацияны міндетті қылудың келісімді тәсілін тапты. Егер тарап сот ұсынған медация рәсімінен бас тартса, сол тарап істі ұтса да барлық сот шығындарын көтеретін болған. Бұл тәсіл әрине медиацияның жиі қолданылуына түрткі болды. Осылай бұл мемлекетте медиацияға қатысты жедел байланыс түрінде үлкен қызмет жұмыс істей бастады. Бұл қызмет арқылы елдің кез-келген нүктесінен телфон арқылы хабарласып, даудың мәнін түсіндіріп, медиаторларға қатысты талаптарын қойып, олардың тізімін алуға болады.
Өз елімізге оралатын болсақ, Қазақстанда медиацияны рәсімін қолданы тараптың еркіне байланысты болады. Әрине, бұл рәсім сотқа жүгінгеннен гөрі әлдеқайда тиімді. Өйткені, медиацияның басты мақсаты кінәлі тарапты табу емес, екі жақты да қанағаттандыратын бір келісімге келу. Медиация дау қатысушыларының материалдық және моральдық шығындарын кішірейтуге, дау шешілген соң да жақсы қарым-қатынаста қалуға бағытталған. Медиацияның істі сотта қараудан ерекшелігі, әр тарап шешім шығаруға өзі қатысады. Ал медиатор рәсімді реттей отырып жақтарға қатысты бейтарап болуы міндетті. Сонымен қатар, келіссөздерді жүргізу елдің көзінен оңаша және құпия, түрде жүргізіледі. Ал, сотта жариялылық және тараптар сот шешімімен келісуге мәжбүр болады.
...