Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жұмысты жүргізудің әдісі мен әдістемесі

Автор:   •  Февраль 23, 2018  •  Реферат  •  9,881 Слов (40 Страниц)  •  1,379 Просмотры

Страница 1 из 40

РЕФЕРАТ

Диссертациялық жұмыс 7 кесте, 6 сурет, 55  әдебиет дереккөздерінен тұратын 61 бетте баяндалған.

АЛАТАУ ТҰҚЫМЫ СИЫРЛАРЫ, ҚАН ҮЛГІЛЕРІ, ТҰҚЫМДЫҚ МАЛДАРДЫ ГЕНОТИПТЕУ, СҮТ БЕЛОКТАРЫ, ДНҚ ПОЛИМОРФИЗМІ, ДНҚ ЭКСТРАКЦИЯСЫ, ПТР, АМПЛИФИКАТ РЕСТРИКЦИЯСЫ, ЭЛЕКТРОФОРЕГРАММА, ЭЛЕКТРОФОРЕЗ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ГЕЛЬ ДОКУМЕНТТЕУ, ПРАЙМЕРЛЕРДІ ӨҢДЕУ, ЭЛОНГАЦИЯ, СҮТ ӨНІМДІЛІГІ, САУЫН, ЛАКТАЦИЯ, СОМАТОТРОПИН, ТИРЕГЛОБУЛИН КАППА-КАЗЕИН ЛОКУСТАРЫ БОЙЫНША ПОЛИМОРФИЗМНІҢ ПТР ДИАГНОСТИКАСЫ

Зерттеу объектілері:

- тұқымдық сиырлар, Алатау тұқымы ЭДТА сиырларының қан үлгілері;

- тұқымдық сиырлардың қанынан бөлініп алынғаан ДНҚ;

- NCBI компьютерлік программасының көмегімен соматотропин (bGH), каппа-казеин (CSN3), тиреглобулин (TG)  гендерінің бірізділігі анализін  және тұқымдық малдардың полиморфизмін анықтау үшін праймерлер дизайнын қолдану;

- сиырлардың перифериялық қанынан ДНҚ бөліп алу, горизонтальды электрофорез көмегімен ДНҚ сапасы мен концентрациясын бақылау тексерісін жүргізу;

- жануардың перифериялық қанынан ДНҚ әр түрлі экстракциясын алу тәсілдерін жасап көру және оларға салыстырмалы бағалау;

- соматотропин (bGH), каппа казеин (CSN3), тиреглобулин (TG) локустары бойынша тұқымдық малдарда полиморфизмді анықтау үшін полимераздық тізбекті реакцияларды жүргізу;

- bGH, CSN3 және TG гендерінің локустары бойынша малдарды генотиптеу үшін ПТР амплификаттар рестрикциясын жүргізу ережелерін үйлесімдеу;

- сиырларды ДНҚ-сын бөліп алмай-ақ генотиптеу тәсілін дайындау (ПТР диагностика үшін қан дақтарын қолдану);

- зерттелініп отырған локустар бойынша жағымды генотип кешені бар малдарды анықтау;

Жұмыстың мақсаты – Алатау тұқымы ірі қара мал популяциясынан тиреглобулин, каппа-казеин және соматотропин гендері аллельдері мен генетикалық нұсқалары жиілігін зерттеу және сиырлардың сүтті өнімділігін болжау үшін ДНҚ маркерлерін іздеу, зерттелініп отырған локустар бойынша сүттің технологиялық қасиеттері бар генетикалық нұсқалар байланыстарын зерттеу, ПТР және ПДРФ талдауларына негізделген жануарлардың тұқымдық құндылығын бағалау.

Жұмысты жүргізудің әдісі мен әдістемесі.

Ғылыми-зерттеу  жұмысы келесідей жоспарда жүзеге асты: тәжірибе жүргізілетін тұқымдық малдар топтарын жинақтау, (Алатау тұқымы сиырлары), қан үлгілерін алу, ДНҚ-ны биологиялық материалдардан бөліп алу, KingFisher автоматиялық станциялар көмегімен қан құрамынан ДНҚ-ны бөліп алу, фенол-хлороформ-изоамилді спирт әдісімен ДНҚ-ны бөліп алу, амплификацияларды жүргізу үшін қан дақтарын қолдану, соматотропин (bGH), каппа казеин (CSN3), тиреглобулин (TG) гендерінің локустар бойынша тізбектік бірізділігін талдау. Тұқымдық сиырларды  ПТР-ПДРФ талдау әдісімен генотиптеу, көлденең электрофорез жүргізу, амплификат рестрикциясы және зерттеу жұмысының нәтижелеріне гель-документтеу жасау, жануарлардың өнімділігін зерттеу, алынған нәтижелерді талдау, сиырлар мен бұзаулар өнімділігін болжау мақсатында, зерттелініп отырған локустар бойынша  ДНҚ маркерлерін қолдану, сүттің технологиялық қасиеті мен сиырлардың генотиптік нұсқаларын тексеру.

ДНҚ-ны бөліп алу үшін термостаттар, центрифуга, ДНҚ бөліп алуға арналған жиынтықтар, өлшегіш стақандар, цилиндрлер, колбалар, термометрлер, 2-меркаптоэтанол, фенол, хлороформ, изоамилді спирт, құрамы 100 мМ ТРИС, 20 мМ ЭДТА, 10 мМ болатын натрий хлоридінен тұратын, лизирлейтін TES буфер қолданылды.

Электрофорезді жүргізу үшін көлденең электрофорезге арналған аппарат, тоқ көзі, 2%-агарозды гель, ДНҚ үлгілерін жағуға арналған бояу, бромды этидий қолданылды.

ДНҚ-ның керекті үзіндісін амплификациялау «Терцик» және «Эппедорф» амплификаторлары көмегімен, келесідей тәртіппен: 95 °C  ДНҚ денатурациясы, 58 °C,  60 °C, 62 °C праймерлерді өңдеу мен 72 °C амплификат элонгациясы жүргізілді. Қаннан ДНҚ-ны экстракциялау үшін Ресейде өндірілген «ДНҚ сорб В» жиынтығы қолданылды.

...

Скачать:   txt (135.5 Kb)   pdf (387.5 Kb)   docx (49 Kb)  
Продолжить читать еще 39 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club