Бірінші топтағы аниондардың жеке реакцияларына тәжірибелер жүргізу
Автор: Lyazzat1011 • Октябрь 25, 2021 • Лабораторная работа • 443 Слов (2 Страниц) • 283 Просмотры
Зертханалық жұмыс №4. Бірінші топтағы аниондардың жеке реакцияларына тәжірибелер жүргізу
Топ Топтық реактив Аниондар
Бірінші ВаСl2 барий хлориді бейтарап немесе әлсіз сілтілі ортада. SO4 2-, SO3 2- ,
СO32-, РO43-,
SiO3 2-
Екінші AgNO3 күміс нитраты HNO3 қатысында С1- , Вг- , I-, S2-
Үшінші Топтық реактив жоқ NO3-, NO2-,
CH3COO-
Аниондарының аналитикалық реакциялары.
1. Барий хлориді BaCl2 SiO32 анионымен әректтесіп барий сликатының ақ тұнбасын түзеді:
Na2 SiO3 + BaCl2→ BaSiO3↓+ 2NaCl2
2. Сұйытылған қышқылдар сликаттардың қою ерітінділерімен әрекеттесіп кремний қышқылдарының ақ іркілдек тұнбасын (гель) түзеді.
Na2 SiO3 + 2НСІ→Н2SiO3↓+2NaСІ
СІ- хлорид – ионының дербес реакциялары.
1. Күміс нитраты AgNO3 СІ- анионымен суда және қышқылда ерімейтін борпылдақ ақ тұнба түзеді:
NaСІ + AgNO3 →AgСІ↓+ NaNO3
AgСІ аммиакта ериді, өйткені комплекстік тұз түзеді. Оған азот қышқылын қоссақ, кешендік тұз бұзылып, қайтадан, күміс хлориді тұнбаға түседі.
AgСІ+2NH4OH→[ Ag(NH3)2]CI+2H2O
[ Ag(NH3)2CI]+2H+→ AgСІ↓+2NH4+
Br- бромид – ионына дербес реакциялар.
1. Күміс нитраты AgNO3 бромид ионымен Br- күміс бромидінің сарғыш тұнбасын береді. О2 азот қышқылында еримейді, ал аммиакта нашар ериді:
NaBr+AgNO3→AgBr↓+NaNO3
І- иодид – ионына дербес реакциялар.
1. Күміс нитраты AgNO3 І- анионымен әрекеттесіп күміс иодидінің AgІ сары тұнбасы түзіледі. Ол азот қышқылында да және аммиак ерітіндісінде де ерімейді:
КІ+ AgNO3 → AgІ↓+К NO3
2. Қорғасын катионы Pb2+ иодид ионымен әрекеттескенде қорғасын иодидінің PbІ алтын түсті тұнбасын түзеді:
2КІ+ Pb2+→ PbІ2+2К+
S2- сульфид – ионына дербес реакциялар.
1. Күміс нитраты AgNO3 S2- сульфид анионымен күміс сульфидінің Ag2 S қара тұнбасын түзеді. Ол аммиак ерітінідісінде ерімейді, бірақ қыздырғанда азот қышқылында ериді.
AgNO3+Na2S→ Ag2S↓+ NaNO3
2. Қышқылдар (Н2SО4,НСІ) сульфидтерге әсер етіп, оларды ыдыратып, Н2S түзеді:
Na2S+
...