Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Адамның жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғаудың халықаралық тетіктері

Автор:   •  Апрель 20, 2018  •  Реферат  •  22,054 Слов (89 Страниц)  •  1,197 Просмотры

Страница 1 из 89

Тақырыбы:  «Адамның жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғаудың халықаралық тетіктері»

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасы Конституциясының  1-бабына сәйкес «Адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» біздің мемлекетіміз үшін жоғары құндылық болып табылады делінген [1]. Жеке тұлға құқығын қорғау және оның еркін дамуын қамтамасыз ету барлық мемлекеттік органдары қызметтерінің негізгі бағыттары болып табылатыны бұл конституциялық нормамен куәландырылады.

Жеке өмірдің органикалық бөлігі болып табылатын, ішкі тыныштық пен жайлы атмосфера құратын адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын заңды құқықтық қорғау мәселелері бойынша ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің өзекті болуына Қазақстан Республикасында жүргізілетін әлеуметтік-экономикалық реформалар, мемлекет пен қоғамның демократизациялануы, сәйкес құқықтық жүйенің қалыптасуы  ықпал етеді.

 Жеке өмірге, тұрғын-үйге қол сұқпаушылықты, хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф хабарларының немесе өзге хабарлар құпиясын заңсыз бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны жөнінде сіздер білесіздер ме?»,-деген сауалдама-сұрақнама жүргізу нәтижесінде   41 % сұхбаткерлер теріс жауап берді. Қазіргі қылмыстық кодексті Қазақстан Республикасы азаматтарының соншама көп пайызының білмеуі азаматтардың өз конституциялық құқықтарына енжар қараушылық болып табылмайды. Бұндай жағдай, әсіресе қаралатын мәселеге сәйкес құқықтық сананың төмен деңгейімен түсіндіріледі. Бұнымен азаматтардың жеке өміріне қол сұққаны үшін жауапкершілікті регламенттейтін қылмыстық-құқықтық нормалар құқық қорғау органдарымен сирек іске асырылатынын бұл фактпен түсіндіруге болады.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 142, 143, 145-баптары бойынша қылмыстық істер статистикасы  сондай жоғары емес. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 142-бабы бойынша бұндай қылмыстардың мемлекетте 2005 ж. тіркелген саны – 0,  2007 ж. – 1, 2008 ж. – 3, 2010 ж. – 2, 2011 ж. – 0, 2013 ж. – 0, 2014 ж. бес айына дейін – 1, 143-бап бойынша 2008 ж. – 9, 2010 ж. – 5, 2011 ж. – 42, 2012 ж. – 73, 2013 ж. – 38, 2014 ж. – 25,  2014 ж. бес айына дейін – 8 және 145-бабы бойынша 2008 ж. – 845, 2009 ж. – 757, 2010 ж. – 774, 2011 ж. – 549,  2012 ж. – 566, 2013 ж.– 458, 2014ж. бес айына дейін – 192құрайды.

Алайда бұл сандар, толық шамада объективті нақтылықты көрсетпейді. Көрсетілген деректер қарастырылатын беймәлім қылмыстардың қатарына жатқызуға мүмкіндік береді, себебі, жәбірленушілердің белгілі бөлігі оларға қатысты болған қылмысқа қатысты құқық қорғау органдарына сүйенбейді. Осы жағдай – азаматтардың ғана емес, сонымен қатар, әлбетте, құқық қорғау органдарының құқықтық санасының төмен деңгейінің нәтижесі.  Жәбірленушілердің өзі басқа материалдық мәселелермен қоса, денсаулыққа, жеке өмірге қол сұқпаушылыққа қарсы қылмыстық әрекеттерге қатысты өтініштерді тиісті құқық қорғау органдарына беруге қажет деп санамайды, себебі, бұл мемлекет атынан құқық қорғау органдарының шешетін мәселесі емес деп ойлайды. Бұдан басқа, заң шығарушы мен құқыққолданушы үшін мәселелер туғызатын қылмыстық құқық теориясымен жеткілікті дәрежеде негізделмеген, азаматтардың жеке өміріне қол сұққаны үшін қылмыстық жауапкершілікті регламенттейтін нормалар – Қазақстан Республикасы үшін жаңа құбылыс.

Жеке өмір, біздің түсінігіміз бойынша, - бұл адамның жеке даралығын, оның қоғамнан, мемлекеттен және басқа да индивидтерден иммунитетін бекітетін, құқықтық және әлеуметтік белгілердің жиынтығы. Бір жағынан, бұл адамның ашық түрде жұрт алдында жариялауды қаламайтын ішкі әлемі, оның отбасылық және жеке қатынастары. Басқа жағынан қарағанда – бұл адамның өз әлемінде өз автономиясын көрсете алатын және мемлекеттің негізгі заңдарымен кепілденетін және әртүрлі заңнамалардың салаларымен  қорғалатын құқықтылық көлемі.

...

Скачать:   txt (324.2 Kb)   pdf (746.6 Kb)   docx (101.8 Kb)  
Продолжить читать еще 88 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club