Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жіп байлау түрлері. Туристік құралдар жеке топтық жəне арнайы құралдар Алаудың түрлері

Автор:   •  Сентябрь 5, 2018  •  Лекция  •  2,384 Слов (10 Страниц)  •  4,863 Просмотры

Страница 1 из 10

«Бекітемін»

ОБЖТжЭО – ғы туризм

бөлімінің меңгерушісі

Неталиева К.Е______________

Бағдарлама жоспары: Жаяу туризмі

Сабақ тақырыбы: Жіп байлау түрлері. Туристік құралдар жеке топтық жəне арнайы құралдар Алаудың түрлері.

Сабақ мақсаттары:

Білімділік: Теориялық алған білімдерін практикалық түрде орындап үйрету,

                    туристік қызметтің белсенділігін арттыру;

Дамытушылық: Туристік дағдыларын қалыптастыру, туристік-спорттық

                            дайындықтарын, икемділіктерін дамыту;

Тәрбиелік: Салауатты өмір салтына, қажетті жағдайда өз бетімен жедел шешім  

                   қабылдауға, жауапкершілікке, төзімділікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс:-   Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен

                                          тактикасы

  • Туристік-спорттық дайындық
  • Дене тәрбиесі

Оқыту әдісі: көрнекілік, практикалық

Сабақтың техникалық және материалдық жабдықталуы:

  • Акт
  • Топшамалар
  • Суреттер
  • Жерди таяқшалары
  • Арқан
  • Карабин
  • Жеке сақтандыру жүйесі

I. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу

2. Жоқ оқушыларды белгілеу

3. Жұмыс орындарының сабаққа дайындығын тексеру

ІІ. Кіріспе нұсқау

Оқушылардың зейінін жаңа сабаққа бейімдеу (өткен сабақты қайталау, слайд)

  1. Туризм туралы не түсіндініздер?
  2. Туризмдегі қауіпсіздік ережелері қандай?
  3. Туристік саяхаттар класификациясына байланысты қанша түрге бөлінеді?
  4. Туризмнің қандай түрлері бар?
  5. Спорттық туризмнің іскерлік туризмнен айырмашылығы неде?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау:

Жорық кезінде кездесетін табиғи кедергілерден өту

Жаңа тақырыпты баяндау (конспект)

        Байлаулар дегеніміз  - туристік әр түрлі операциялар барысында туристік арқандардың, жіптертің, тростардың бір - біріне өзара бекітілуі, қатысушылардың жеке және топтық сақтандырылуы,  немесе арқандардың ілмекті байлаулар арқылы орындалатын операцияға лайықты қажетті затқа бекітілуі.(терекке, тасқа, бағанға, карабинге, бөренеге т.б.)
Сондықтан туризмде байлауларға мынадай шарттар қойылады:

1) Оңай әрі тез байлануы қажет

2) Өз бетімен салмақ түскенде ағытылмайтындай

3) Операция барысында сырғып жылжымау қажет

4) Кейін ағытылмастай болып бекіп қалмау қажет

5) Кез-келген операцияға лайықты таңдалынуы  қажет

         Туристік кедергілерді меңгеру операцияларында қолдануға таңдалынған байлау түрі  көңілде сенімсіздік туындатқан жағдайда  өміргеңізге қауіп төндірмей басқа сенімді байлауды пайдаланған абзал.

        Барлық туристік арқандардың немесе байлаулардың өздеріне тән жеке қасиеттері бар. Мысалы: кез-келген туристік арқан аязды күндері 30% әлсізденеді. Сол сияқты суда қалған дымқыл арқан және  үнемі арқанға  салынған байлауларда оның беріктігін әлсіретеді. Мысалы: сегіздік байлауы 25%-ға, булинь байлауы 30%-ке, ткатский байлауы 35%-ға тағы сол сияқты. Тағыда басқа көптеген байлаулар өз сапаларын осындай жағдайда және осындай дәрежеде жоғалтатыны дәлелденген. Сонымен қатар кез-келген турист дымқыл туристік арқандардың сапасы 30%,      және   аязды күндері пайдаланылған арқандар  30%, сапасын төмендететінін есте сақтаған жөн.  Мұндай арқандарды сақтандыру мақсатында қолдануға да болмайтынын ескерген дұрыс.

...

Скачать:   txt (27.1 Kb)   pdf (966.9 Kb)   docx (1.2 Mb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club