Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Топтық психотерапия. Арттерапия жəне Би терапиясы. Логотерапия жəне психодрама

Автор:   •  Март 11, 2018  •  Доклад  •  1,491 Слов (6 Страниц)  •  2,501 Просмотры

Страница 1 из 6

Task 5

5. Топтық психотерапия. Арттерапия жəне Би терапиясы. Логотерапия жəне психодрама.

        Тапсырма:

        1. Теориялық негізі

        2. Қолданылу техникалары.

    Топтық психотерапия қазіргі уақытта кең тараған және де өзіндік орыны бар психотерапия бағыттарының бірі.

Психотерапия бағыттарының ішінде (мінез-құлық терапиясы, психодрамма, гелитальт, психосинтез т.б.) психокоррекциялық жұмыс жүргізуде өзіндік маңызға ие, және де мұнда психотерапияның түрлі бағыттары қолданылады. Олардан негізгі ерекшелігі басты жұмыс пен жауапкершілік тек психотерапевке қана емес топ мүшелеріне де қатысты болып табылады.

Топтық психотерапия идеялары әсіресе гуманистік психология мен психотерапияға жақын, алайда бұл бағыттарды Адлер идеяларынан көруге болады.

«Топтық психотерапия» терминін алғаш 1932ж. Яков Морено қолданды, яғни психотерапияның жекелей емес, топ болып жүргізілуі болып табылады. Одан кейін медицина және медицина емес психотерапия өкілдері бұл форма мен әдіске өзіндік анықтамаларын берді.

С.Крахотвил (1978ж.) топтық динамикалық қарым-қатынас өзара әрекеттесу тігінен және көлденең арқылы жүзеге асуы өте жақсы нәтиже бере алады деп тұжырымдаған болатын. Алайда, бұл «тігінен» және «көлденең» түсінігі менеджменттегідей (басшы – бағыну т.б.) қатынас атмосферасы өзара үйлесім табады, мұны Адлер «тең дәрежедегі жұп » деп атаған болатын.

Көптеген авторлар бұл әдіс өзара бірлесу атмосферасы яғни клиенттер мен психотерапевттердің бір-бірімен араласуы белсенділікті танытады дейді.

Кейде топтық психотерапия мен қатар ұжымдық психотерапия ұғымында кездестіруге болады. Либих (1974), Вельвовский (1986) сияқты т.б. белгілі мамандар бұл терминдерді ұқсас деп тұжырымдамайды.

Алайда өзге авторлар «ұжымдық психотерапияны» тек ұжымдық жұмыс жасау түріндегі жай ғана ұжым болып жұмыс жасауын айтады.

Психотерапияның бағыты ретінде топтық терапияның да өзіндік терминдері мен анықтамалары бар.

Алдымен, психотерапиялық топ ұғымынан басталық.

Психотерапиялық топ (20 адамға дейін) терапиядағы аз ғана топ болып саналады, яғни мұнда адамдар өзара келісімді біріккен жалпы және жеке психологиялық мәселелер бар адамдар қатысады.

Топ «қазір және осында» принципін басты назарға алады.

Психотерапиялық топтың кең тараған 2 типі бар:

- шебер тренинг тобы

- encounter

Шебер тренинг тобы - әдетте психотерапевтте орталықтандырылған яғни оның басшылығы айқын жеткілікті безінеді.

Encounter тобы (жоғары) негізгі жұмыс пен жауапкершілік топ мүшелеріне ауысады.

Алайда, қазіргі кезде көпшілік психоаналиктер топтық әдістерді тек уақытты үнемдеу мақсатында емес, қайта тиімді болу үшін қолданылады.

Топтық психотерапияның әдіс ретінде қолданылуын Якоба Мореноның 1931 жылы шыққан «топтық психотерапия» журналында кең түрде айтылған.

Сонымен қатар, топтық психотерапия өкілдерінің бірі Карл Роджерс. Оның қосқан маңызды үлесі гуманистік терапия жұмысы немесе анти белсенді бағыт, яғни терапияның клиентке орталықтандырылуы. Ол осы әсерде encounter – топ түсінігін еске түсірген болатын. Карл Роджерстің негізгі идеясы мен әдістері. Л.А.Петровскийдің «әлеуметтік – психологиялық тренингтің теоретикалық және әдістемелік мәселесі» (М.1982) атты еңбегінде жазылған.

Топтық психотерапиясының медицинада қолданылуы С.Кратохвиланың «невроздар топтық психотерапиясы» (1978) атты кітабымен байланысты.

Осы бағыттағы аса қызықты еңбектер Б.Д.Карвасаркс және С.Ледердің «топтық психотерапия» (1990) еңбегі және С.С.Либихтің еңбектері, А.Л.Тройсман, Н.В.Иванова, А.И.Захарова және т.б. еңбектері бар.

Психокоррекциялық топта мына бір әдістемесі қолданылады:

- мәселені шешу тобы;

- ұжымаралық қарым-қатынасты оқыту тобы (әдетте бұл топтағы адамдар іскер адамдар, саясаткерлер, әртүрлі басшылар)

...

Скачать:   txt (23.1 Kb)   pdf (221.9 Kb)   docx (18.8 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club