Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Азаматтардың жеке меншік құқығы

Автор:   •  Март 26, 2018  •  Реферат  •  10,696 Слов (43 Страниц)  •  1,090 Просмотры

Страница 1 из 43

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық

университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: ҚР Азаматтық құқығы

 

Тақырыбы: Азаматтардың жеке меншік құқығы

                                                                                    Орындаған: Ю-21 қ/қ

                                                                                  тобының студенті

                                                                               Шанаева С.                                                                                                                                                                                                                        

                                                                     тексерген                                                                              

Қарағанды 2017

Мазмұны

 Кіріспе.........................................................................................................................3

1  Меншік құқығының жалпы түсінігі 
1.1 Меншік құқығының түсінігі мен мазмұны.........................................................5
1.2 Меншік құқығының нысаны мен түрлері...........................................................8                

2  Азаматтардың жеке меншік құқығы

2.1 Азаматтардың жеке меншік құқығының түсінігі мен пайда болу негіздері.................................................................................................10

2.2 Азаматтардың меншік құқығының тоқтатылуы.........................................19

        

Қорытынды..............................................................................................................29

         Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...................................................................    31  

                   

КІРІСПЕ

Меншік бұл қай қоғамда болса да өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан оны қорғау, сақтау және иелену құқығы әр тараптың басты мәселесі. Қай елді алып қарасақ та, меншік сұрағын шешу барысында, оның пайда болу, әрекет ету, қорғалуы және иеленуі өз құқық салаларында көрініс тапқан. Сол сияқты Қазақстан Республикасында өз тәуелсіздігін алғаннан бастап тиісінше осы мәселеге көңіл аудара бастады. Әрине бізге белгілі ең бірінші тиісті аумақта әрекет етіп отырған заңдарға өзгерістер енгізілуі (Кеңес кезеңіндегі социалистік тәртіпте әрекет еткен заңдарға).

Қазіргі таңда елімізде меншік құқығы туралы көптеген ғалымдар өз пікірін білдіріп, осы сұрақты республика төңірегінде әрекет ету жөнінде ат салысуда. Әрине бұл меншік сұрағын шешуде жақсы жағының көрінісі. Алайда бұнымен шектеліп қоюға болмайды. Себебі, меншік мәселесі Қазақстан Республикасының сұрағы ғана емес, жер бетіндегі барлық мемлекеттердің маңызды сұрағы, сондықтан меншік құқығын қарастыру барысында елімізде, жақын және алыс шетелдерде әрекет етіп отырған меншік институтын қарастырып, оның бізге келетін пайдасы немесе өзара байланысы мен айырмашылығын ашып қарастыруымыз қажет. Осыны ескере отырып дипломдық жұмысымызды меншік институты оның ішінде жеке меншік құқығының конституциялық-құқықтық негіздері туралы екенін басшылыққа ала отырып Қазақстан Республикасы төңірегінде және алыс, жақын шетелдердегі меншік институтының ара байланысы, айырмашылықтары және оның (шетелдегі меншік институты) біздің елімізге келетін пайдасы бар ма, әлде жоқ па деген сияқты әртүрлі өзекті сұрақтарды қарастырмақпыз.

Курстық жұмысымыздың қысқаша мазмұнына келетін болсақ. Жұмысымыз екі тараудан, әр тарау екі бөлімнен тұрады. Осы тарауларға көңіл аударатын болсақ. Бірінші тарауда меншік құқығының жалпы сипаттамасын қарастырамыз. Сондықтан бірінші бөлімін меншік құқығы туралы жалпы ережелер және оның қалыптасу ерекшеліктеріне арнадық. Әрине меншік түсінігін экономикалық және заңды тұрғыда түсіндірілген. Меншік құқығының институты жеке құқықтың бір институты болып табылады. Оның нормалары: жанұя, мұрагерлік, міндеттеме құқыққа әсерін тигізеді. Сондықтан олар бір-бірімен тығыз байланысты. Ал меншік экономикалық категория ретінде және оның құқықтық көрінісі адамдардың өмір сүруіне қажетті барлық материалдық игіліктерді жалғыз қайнар көзі болып қоғамдық өндіріс процесі табылады.

...

Скачать:   txt (144.8 Kb)   pdf (396.3 Kb)   docx (1 Mb)  
Продолжить читать еще 42 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club