Ақпараттық қоғамды дамытудағы қазақ тілінің кириллицадан латиницаға ауысу маңыздылығы
Автор: aman123 • Май 28, 2018 • Статья • 787 Слов (4 Страниц) • 749 Просмотры
РАЗАХОВА Б. Ш., БЕКБАУОВ А. У.
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Астана қ.
aman148@mail.ru
Ақпараттық қоғамды дамытудағы қазақ тілінің кириллицадан латиницаға ауысу маңыздылығы
Кез-келген әліпби заманауи талаптарға сай ұтымды, ыңғайлы және компьютерлік өңдеуге сәйкес келуі қажет. Осы мақсатта Қазақ тілінің әліпбиін латын графикасына көшірудің 1-ші жобасы 11.09.2017 күні, 2-ші жобасы 26.10.2017 күні, ал 3-ші жобасы 20.02.2018 күні жарияланды. Алайда, бұл әліпбилерде қателер болды және оның кемшіліктері бірнеше еңбектерді көрсетілді [1].
Қазақ жазуын жаңа әліпбиге аудармас бұрын мына маңызды тенденция мен жағдайларға көңіл аудару керек:
- Қоғамды ақпараттандыру кезеңінде дүние жүзінде күнделікті өмірде кең қолданысқа ие, ақпараттық, еңбектік, қаражаттық шамаларды үнемдеу мақсатында жасалатын, сонымен қатар осы жұмыс барысында шығымдарды талап ететін цифрлік ресурстар өңделініп, сараланып, дайындалуда.
- Әлемдегі қолданысқа ие, стандартты дербес компьютерлер 26 әріптен тұратын латын әліпбиімен қамтамасыз етеді. Осы әріптермен жұмыс жасай алмайтын басқа табиғи тілдерді бейімдеу жұмысы жанама драйверлер мен программаларды орнату мақсатында қосымша шығындарға әкеліп соғады.
- Ақпараттық ресурстардың көлемінің өсу себебі әлемдік кеңістікте стандартталған бір әліпбиді қолдану жағдайына әкеле жатыр.
- Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі, біздің елдегі барлық ақпараттық ресурстар қазақ тілінде жасалуын және өңделуін міндеттейді.
- Кириллицада сақталған цифрлік ресуртарды іріктеп, арнайы жасалған конвертермен латын әліпбиіне автоматты түрде аудару қажет.
- Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшіру қазақ тілін оқыту үдерісін жеңілдетеді, дамуына жол ашады, себебі бұл әліпби әлемдік деңгейде мойындалған.
- Латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің ережелерін формалдауға зор үлесін тигізеді, жұмыс барысындағы қателерге жол бермейді және үрдісті жеңілдетеді.
Қазақ тілінің жаңа әліпбиі бекітілгеннен кейін компьютерлік лингвистика ғылымымен келесі бағыттарды жұмыс жасалуы қажет:
- Қазақ тілінің фонетикалық ережелерін формалдау
- Қазақ тілінің морфологиялық ережелерін формалдау
- Қазақ тілінің синтаксистік ережелерін формалдау
- Қазақ тілінің сөз тұлғасының семантикалық модельдерін құру
- Қазақ тілінің сөз тіркестерінің семантикалық модельдерін құру
- Қазақ тілінің сөйлемдерінің семантикалық модельдерін құру
- Қазақ тілінің мәтіндерінің семантикалық модельдерін құру
Латын әліпбиіне өту барысында әріптердің графикасының өзгеруіне байланысты қазақ тілінің грамматикасының, морфологиясының және синтаксисінің де ережелері өзгереді, яғни кириллицадан латиницаға түрлендіру қажет. Бұл жағдайда қосымшалардың жасалу түрлері басқаша анықталады. Оның негізгі себебі жазылу барысында дыбыстардың дыбыс үндестігіне, буын құрылу ережелеріне бағынуы және т.б. заңдылықтар болып табылады. Демек, қазақ тілін компьютерлік өңдеу программалары [2] да өзгерістерге ұшырайды. Осындай жағдайларға тоқталып өтейік.
1 ереже. Дауыссыз (ғы), (жы), (ың), (чы), (шы) дыбыстарын дыбысталуы жақын дыбыстарды таңбалайтын әріпке Hh әрпін тіркеумен алған диграф арқылы: (ғы) – Gh gh, (жы) – Zh zh, (ың) – Nh nh, (чы) – Ch ch, (шы) – Sh sh белгілеу.
Бұл жағдайда компьютерлік өңдеу барысында (h) әрпін танығаннан кейін, оның алдындағы әріпке де назар аудару қажет. Яғни толық жұпты қарастырмай, біз қажетті әріпті (қосымшаны) идентификациялай алмаймыз. Осыған мысал ретінде келесі қосымшаларды келтіре аламын [3]:
- Зат есім жұрнақтары: -жан (Абайжан), -шақ (құлыншақ), -ыш (Нұрыш), -қыш (ұшқыш) және т.б.
- Етістік жұрнақтары: -ғы (бұрғы), -ғыз (отырғыз), -ған (оқыған), -ғалы (тұрғалы), -ғай (қалғай), -ғыш (сызғыш), -ыңқыра (шыдаңқыра), -ң (сылаң), -ең (елпең), -шек (еріншек) және т.б.
- Сын есім жұрнақтары: -ғыш (ашуланғыш), -ғақ (тоңғақ, тайғақ), -ғыр (құрғыр), -ғы (оралғы), -аған (қабаған), -ғалақ (қозғалақ), -ғылықты (тұрғылықты), -аң (бозаң) және т.б.
- Сан есім жұрнақтары: -ыншы (алтыншы), -інші (бесінші) және т.б.
- Еліктеу сөз жұрнақтары: -аң (томпаң), -ең (елпең), -ң (сылаң), -ың (жылтың) және т.б.
Сонымен қатар, бұл әріптер жалғауларда да кең кездеседі, оған мысал ретінде септік, тәуелділік жалғауларын келтіре аламыз.
...