«Қазақ тілінің сөзжасам сөздігі» (1-кітап) бойынша сөзжасамдық ұялар мен тізбектерге семантикалық талдау жүргізу
Автор: Aya91 • Ноябрь 22, 2021 • Курсовая работа • 499 Слов (2 Страниц) • 1,113 Просмотры
[pic 1]
Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігі əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
[pic 2]
Факультеті: «Филология және әлем тілдері»
Кафедрасы: «Қазақ тіл білімі»
3-СӨЖ
Тақырыбы: ««Қазақ тілінің сөзжасам сөздігі» (1-кітап) бойынша сөзжасамдық ұялар мен тізбектерге семантикалық талдау жүргізу»
Орындаған: Темірхан А
Тобы: ҚФ-204
Тексерген: Егізбаева Н.Ж
Алматы
Сөзжасамдық ұя бір негіз сөзден өрбіген түбірлес туынды сөздердің жиынтығы десек сөзжасамдық ұядағы әр түбірлес туынды сөз сөзжасамдық тізбекте орналасады. Мысалы:
[pic 3]
Тіліміздегі «жаз» сөзінің синтагматикалық байланысу сипаты белсенді, атау семантикалық валенттілігі жағынан сəйкесе келе көптеген сөздермен тіркесіп, өзінің мағыналық ауқымдылығы мен кеңдігін танытады. Əр түрлі қызметте жұмсалу барысында сөзде мағыналық реңктер айқындалып, тілдік дамуда бірте-бірте семалық жіктелістерге түседі. Атаудың семантикалық сөзжасам нəтижесінде пайда болған ерекше номинативтік мағыналарын былайша саралауға негіз бар:
1) жаз – белгілі нысанды жаймалау, тегістеу семасы; қимылдық мағына;
2) жаз – жаймаланған, тегістелген нысанның атауы; жазық жер, тегіс жер; заттық мағына;
3) жаз – белгілі ойдың, пікірдің нысан бетіне түсірілуі, жазылуы; қимылдық мағына;
4) жаз – мезгіл атауы; табиғаттың жазылу, жайылу семасы; заттық мағына;
5) жаз – ырзық, несібе бұйыру; Алланың жазуы, тағдыр мағынасы; заттық мағына;
6) жаз – аурудан, дерттен арылу, жазылу; қимылдық мағына;
7) жаз – кінəлі, айыпты саналу; қимылдық мағына.
Бір себепші негіз «жаз» тұлғасы арқылы жасалғандықтан, семантикалық сөзжасам нəтижесінде пайда болған сөзжасамдық шеп құрайтын атаулардың ортақ семасы болады, түпкі негізгі семасы бір болады. Көрсетілген мағыналардың барлығы да «жаз» сөзінің негізгі мағынасы арқылы жіктеле келіп, контексте қолданылу ыңғайына қарай əр түрлі номинативтік таңба ретінде танылған. Сондықтан ерекше мағынаның əрқайсысы да туынды екіншілік мағына ретінде таныла алады. Бұл мағыналардан өзге семантикалық даму нəтижесінде күрделі сөздердің құрамында келіп, ауыспалы мағынаға ие болған, ерекше номинативтік мəнді таңба туғызуға себеп болғандары да кездеседі: бас жазу, бой жазу, бауырын жазу, дəм жазу, дəм-тұз жазу, көңіл жазу, құшақ жазу, қабақ жазу, құлаш жазу, көз жазу, Алланың жазуы, Тəңірінің жазуы, т.б. Ауыспалы мағыналар метафоралық қолданыстың нəтижесінде туындайды. Бұдан басқа «жаз» сөзінің басыңқы сыңарда келуі арқылы да көптеген күрделі тұлғалардың семалық сипаты айқындала алады: жаза басу, жазып қалу (не жазды), жазып кету, т.б.
...