Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ тілінің жаһандану дәуiрiнде сактап калу жөне келер ұрпакка дәрiптеудегi мәселелер

Автор:   •  Февраль 20, 2022  •  Реферат  •  1,183 Слов (5 Страниц)  •  312 Просмотры

Страница 1 из 5

Арыстан Н.Н.

Қостанай қаласы

Қостанай педагогикалық колледжі

Филология кафедрасының оқытушысы

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАҺАНДАНУ ДӘУІРІНДЕ САҚТАП ҚАЛУ ЖӘНЕ КЕЛЕР ҰРПАҚҚА ДӘРІПТЕУДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР

Қазақстан Республикасы әлем аренасында өзінің егемендігін алып, ел болып қалыптасқанына үстіміздегі жылы 28 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында еліміздің саяси-әлеуметтік жағдайы жақсарып, көптеген белестерді бағындыра білдік. Еліміз  осы уақыт аралығында 130-дан астам ұлт пен ұлысты басын біріктіріп бейбіт өмір сүруде. Әрбір ұлттың  өзіндік құндылықтары, дәстүрі мен тілі сақталуы үшін 1995 жылдың 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.[1] Осы уақытқа дейін өзге ұлттардың тілі мен ұлттық құндылықтарын сақтап келеміз. Өз тіліміздің деңгейі қандай?

Жаһанданған ХХІ ғасырда тек Қазақстаннан өзге ҚХР,Үндістан, Ресей, Канада, Оңтүстік Африка елдері де көп ұлтты мемлекет болып табылады. Бірақ осы мемлекеттердің ішінде тек Қазақстан ғана өзінің мемлекеттік тілі мен қатар екінші билік тілі, ресми іс-қағаздар тілі, ұлттар арасындағы қарым-қатынас тілі деп орыс тілін енгізіп отыр. Жоғарыда аталған мемлекеттер арасында Қытайда 60-тай ұлт, Ресейде 180- нен астам ұлт бар. Сондай-ақ дүниежүзіндегі ең көп ұлтты мемлекеттердің бірі АҚШ. Тек бір Нью-Йорктің өзінде 177 ұлттың өкілдері тұрады. Осындай факттерді көріп отырып осы мемлекеттер де халық арасында қарым-қатынас орнату тілі деген статусқа ие тіл бар ма деген сұрақ пайда болады? Жоқ, мемлекеттік негізін құраушы ұлттың тілі мемлекеттік тіл деп танылған және сол тілде ғана жұмыс жасайды.

Тәуелсіздік алған жылдан бастап қазақ тілінің мәртебесі деп дабыл қағып келудеміз тіпті заң қабылдадық. Осы уақытқа дейінгі жасалып жатқан жұмыстардың ешқайсысы өзінің әлі күнге дейін айтарлықтай нәтижесін бергені жоқ. Ендеше бұл проблеманы шешудің дұрыс механизмін әлі де толықтырулар мен түзетулерді талап етеді дегенді білдіреді.

Алдымен бұл мәселенің ең әуелі шығу себептеріне тоқталатын болсақ.

  1. Қазақстан Республикасының бастапқысында патшалы Ресейдің кейіннен КСРО құрамында отар мемлекет болды. Алайда Кеңес Одағына мүше болған елдердің барлығы дерлік Қазақстанмен қатар тәуелсіздік алып, ұлттық тілін мемлекет ішіндегі беделін арттырып үлгерді.
  2. Республика көлемінде толық қанды негізгі орта білім қазақ тілінде берілмеуі. 2010-2011 оқу жылында жұмыс істеп тұрған 7646 күндізгі жалпы білім беретін мектептің (арнайы коррекциялық мектептер мен жоғары оқу орындарындағы мектептерді қоспағанда) 3828 - қазақ, 1573 - орыс, 58 - өзбек, 14 - ұйғыр, 2 - тәжік, 7 ағылшын тілінде білім беретін мектептер. Бұдан бөлек, 2164 мектепте оқу екі және одан да көп тілдерде жүргізіледі»[2] Сондай ақ осы өзге ұлт өкілдеріне арналған мектептеріндегі барлығы дерлік өзге ұлт өкілдері емес, қазақ балалары да бар екенін ескеретін болсақ қазақ тілінің деңгейі көрсеткішпен көрсетуге жетпейтіндігін ашық айтуға мәжбүр боламыз. Өзге ұлт мектептеріндегі қазақ тілінің мәртебесі жайында қазақ тілі әдістеме бірлестігінің жетекшісі Аманғайша Аязбаева: «ҰБТ кезінде орыс мектебін тәмамдаған түлектер орыс тілі, тарих, математика және физика, география сияқты өзі түспек мамандығына сай пәнді таңдайды. Бұлардың қатарына «қазақ тілі» де кіреді. Алайда, «резервтік» пән деп есептеліп, ҰБТ кезінде оқушының осы пәннен жинаған ұпайлары есептелмейді. Сайып келгенде қазақ тілі санда бар, санатта жоқ. Міне, осыны өзгерту керек. Қазақ тілі «қосалқы» пән деген атаудан арылса, яғни ҰБТ-дағы негізгі пәндердің қатарына қосылып, басқалармен бірдей сұралса, оқушылар да мемлекеттік тілге жүрдім-бардым қарамайтын болар еді» деп билік тарапынан білім беру саласына әлі де өзгерістер керектігін атап көрсетеді. [3]
  3. БАҚ, технологиялардың республика аумағында мемлекеттік тілде қызмет көрсете алмауы. 2010 жылдың бірінші жартыжылдығындағы есеп бойынша, республикада 2697 БАҚ әрекет етеді. Қазақтілді БАҚ үлесі қолданыстағы БАҚ жалпы санының 19,1%-ын құрайды, орыстілді – 33,4%, бұқаралық ақпараттық құралдары қазақ және орыс тілдерінде 35% (таратылады) басылады, 12,5% – қазақ, орыс және басқа да тілдерде. [4] Олар еліміздегі қоғамдық сананың қалыптасуына, халықтың рухани сұраныстарымен қажеттіліктерін қанағаттандырып, демократиялық азат журналистиканың негіз қалануына қызмет атқарып келеді. Қазақ елі үшін БАҚ жүйесі қоғам өмірінің дамуын, саяси ойдың деңгейін анықтайтындай жүйеге жеткен.
  4. Мәліметтердің қазақ тілінде қолжетімсіздігі. Елімізде соңғы уақыттарда әлемдік ақпарттар соғысының құрбаны болудан шығу мақсатында ел жастарына ағылшын, қытай және тағы басқа шет тілдерді үйренуіне ықпал етуде. Бұның басты себебі өткен жылдарда біз көптеген деректерді орыс тілінен алатынбыз, соның арқасында тек Ресей үкіметіне қажетті материалдармен танысып, келер ұрпаққа дәріптейтін едік. Көп жағдайда «Еліміз Кеңес Үкіметін көрген, орысшасы жақсы» деп қазақ тіліне аударып та отырмайтын ел билігі мен ғылым саласы мемлекеттік тіл туралы заңның бар екенін білсе де, орыс тілінің ел аумағындағы қолданысын ескере отырып өз жұмыстарын қазақ тіліне аударудан бас тартатыны осыдан.  
  5. Мектеп бағдарламасындағы «үштілділік» саясатынын жүргізу барысында қазақ тілінің сағаттарының азаюы. Тіл үйрету барысында балалардың жас ерекшелігінің ескерілмеуі осы және өзгеде мәселенің әлі де шешімін таппай жатқандығы рас. Ал ҚР білім және ғылым министрі К. Шәмшидинова  "Ең бірінші мәселе – қазақ тілін оқыту. Екінші орыс тілі, ағылшын тілі. Тілдерді оқыту деңгейге байланысты төрт дағдыны дамытуға бағытталады. Яғни, ол тыңдау, айту, сөйлеу және жазу. Сондықтан балаларға ағылшын тілінде сабақ беру тек 10 және 11 сыныпта, баланың тілдік қабілеті жеткілікті болған жағдайда және мектеп дайын болғанда мектептің шешімімен жүретін болады" деп алдағы уақытта олқылықтардың орны толтырылады деген уәде беруде.[5] 
  6. Тілдерді дамыту орталықтарының дұрыс біріңғай бағытының қалыптаспауы және қаражаттың жетіспеушілігі. Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 2014 жылы Қостанай облысында  мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру үшін аймақ бойынша 164 млн.теңге (облыстық бюджеттен 38,4млн.теңге, аудан және қала бюджетінен 125,5 млн.теңге) бөлінді. 2013 жылмен салыстырғанда 15.2 млн.теңгеге ұлғайып отыр. Алайда осы бөлінген қаражат пен бағдарламаның жүзеге асу барысы өзінің нәтижесін толыққанды көрсете алмай отыр.[6] Осындай мәселелердің туындауы әсерінен бүгінгі республика аумағында қазақ тілінің мәртебесі көтерілмей, болашағы бұлыңғырлана бастады. Өйткені біздің ғана елімізде өзінің ана тілін білмейтін қазақстандықтар бар. Осы және өзгеде қазақ тілінің мәртебесін көтеруге кедергі келтіретін мәселелерді шешу үшін келесідей батыл қадамдарға баруымыз керек.

Ең әуелі балабақшаларды (мемлекеттік және жеке меншік) толық қазақ тіліне аударуымыз қажет. 2015 жылы И.Тасмағамбетов өз сөзінде: «Егемендігімізге, Тәуелсіздігімізге 25 жыл толды. Қазір барлық жерде балабақшалар салынып жатыр. Неге соны қазақ тілінде ашпаймыз» деген ұсыныс айтып Астана қаласындағы көптеген балабақшаларды қазақ тіліне аударған болатын. Өзге ұлттардың ешқайсысы қарсылық танытқан жоқ.

...

Скачать:   txt (16.4 Kb)   pdf (96.7 Kb)   docx (12.8 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club