Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ тілінің араб таңбасынан кириллицаға ауысуы

Автор:   •  Ноябрь 9, 2020  •  Реферат  •  878 Слов (4 Страниц)  •  2,111 Просмотры

Страница 1 из 4

Ғұмарбек Даукеев атындағы Алматы энергетика және байлаыс университеті

[pic 1]

Ғылыми жоба

Тақырыбы:Қазақ тілінің араб таңбасынан кириллицаға ауысуы.

Орындаған:Турсынбаев Асылбек тобы:ЭЭк 20-5

Тексерген: Байдильдина С.Х.

Алматы,2020

Мазмұны:

 Кіріспе бөлім.

  1. Жаңа әліпбиге көшу.
  2. Латын графикасына өтуді жақтағандар.
  3. Кирилл қаріпіне көшу.

Қорытынды бөлім.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе бөлім

Сан ғасырлық тарихы бар, өркениетті әлемге кеңінен тараған араб, латын, кирилл т.б. әліпбилер әрқашанда ондаған тілдің жазба түрде қызмет етуіне негіз болып, жалпы адамзат мәдениетінің дамуына, қоғамдық ілгерілеуіне ерекше ықпал етті. Олардың біреуі «жақсы», «керемет», екіншісі «түкке тұрғысыз», ‹‹нашар», деп үзілді-кесілді «үкім» шығаруға болмайды. Мұндай үкім әліпби туралы айтыс-таласта бұрын да көп айтылған, қазіргі кезде де аз айтылып жүрген жоқ. Әрине, белгілі бір тілдің дыбыстық құрылымына негізделген әліпби жүйесін екінші бір тілге механикалық тұрғыдан көшіре салу оң нәтиже бермейді: ондай графикалық жүйені игеру үшін мыңдаған адам, мейлі араб, мейлі латын, мейлі кирилл әліпбилері болсын, артық уақыт, артық күш-жігер жұмсайды. Сондықтан мәселе белгілі бір әліпбиді нақты бір тілдің дыбыстық жүйесіне лайықтап бе-руде болып отыр.

Қазақ қоғамындағы араб жазулы рухани дүниенің бәрін ‹‹татарша››, «тілі шұбарланған», «таза емес», араб, парсы сөздерімен шұбарлаған деп, қазақтың ескі жазба тілі (кітаби тілі) деп атала-тын рухани-мәдени феноменді халық тіліне қарсы қойды. Бірін даттап, екіншісін мақтады. Қазақтың ескі кітаби тілінің құрылым жүйесінде кездесетін а) архаикалық белгілерді, ә) қарлұқ-ұйғыр, б) оғыз-қыпшақ, в) қыпшақ элементтерін, г) орфографиялық шарттылықтардың бәрін «татардікі», «қазақтікі» емес деп уағыздайды. Сол уағызға ерген кейбір қазақ оқығандары қазақтың ескі жазба тілін «татар-щина», «арабщина» деп жағымсыз реңмен атады. Араб әліпбиіндегі әріптер дауыстыларды таңбалауға кедей болса, орыс әліпбиі дауыссыздарды таңбалауға жеткіліксіз болып шықты.

2. Латын графикасына өтуді жақтағандар.

Қазақ тілінің түпкілікті жазуы болады деген төте жазу-ды латын жазуына ауыстыруға түрткі болған І-бүкілодақтық түркітанушылар құрылтайының жұмысы туралы айта кетудің 226 227 жөні бар. Өйткені съезд барша түркі халқының 600-ден ас-там зиялылары, К.Юдахин, Н.Ф.Яковлев, А.Н.Самойлович, В.В.Бартольд, Н.И.Ашмарин, Л.В.Щерба сынды Ресей ғалымдары, А.Байтұрсынұлы, Е.Омаров, Н.Төреқұлов, Т.Шонанұлы, Б.Сүлейұлы тәрізді қазақ білімпаздары бас қосқан, түркі халықтарының тілі мен жазуын жаңа белеске көтерген аса ірі тарихи оқиға болып саналады. Съезде емле, жазу мәселелері бойынша Л.В.Щерба, Н.Ф.Яковлев, Л.И. Жирков, Ғ.Шараф, А.Байтұрсынұлы, Н.Төреқұлов, Е.Омаровтар баяндама жасайды. Түркі тілдерінің ішінде латын жазуына көшуді бірінші болып әзірбайжандар көтергені белгілі. Оның себебін Н.Ф.Яковлев былай деп көрсетеді: мұнда қалалық әзірбайжан – 13% болса, халық сауаттылығы 1% ғана болды, бұл татар халқымен салыстырғанда 25% төмен. Ал қалалық та-тар халқы 4% еді. Сондай-ақ ғалым жазу дінмен терең байла-ныста, діні күшті халық жаңа жазуды алмауға тырысады деді. Бұл Е.Д.Поливановтың жазуын реформаламаған халық жаңа графикаға әуес келеді, оңай ауысады, ал жазуын жөндеп отырған тіл өзге графиканы құп көрмейді деген сөзімен үндесіп жатты. Н.Ф.Яковлев, Л.И.Жирков сынды ғалымдар араб жа-зуы функциясының кемігендігін, жаңа тілдерді жаулап алу бағытынан тайғанын сондықтан жаңа прогресс, техника үшін латын жазуының қолайлылығын айтса, Л.В.Щерба әр халық өз тұрғысынан шешуі, жөн деп, бейтарап позиция ұстады. Араб жа-зуын жақтаушы Ғ.Шараф Н.Ф.Яковлев пен Л.И.Жирков латын графикасын дәріптегенмен, түпкі ойы басқа, олар орыс алфавиті де латын жазуынан кем емес деген мазмұндағы мақалаларын жариялап жүр дейді. Жалпы, съезде шығып сөйлегендердің дені латын жазуының техникалық артықшылығы: - қолдың ыңғайы, - көздің көруі, - техникалық жағы, - бас әріптің қызметі, араб жазуының кемшілігі: - реформаланған араб әліпбиінің түпнұсқадан ауытқуы, - оңнан солға қарай жазылуы, - баспа қиындығы, - әріптердің танылмауы, - бас әріптің жоқтығы туралы сөз етеді. Араб графикасын жақтағандарға (әсіресе, А.Байтұрсын-ұлына) психологиялық шабуыл жиі жасалады (отырғандар күліп, даурығып, кекетіп, тыңдамауға тырысады), латын графикасын жақтағандарды қолпаштап, ұзақ қол шапалақтап отырады. А.Байтұрсынұлы төл жазудың жетілмей қалғанына басқа халықтың жауап беруі дұрыс емес, әр халық жазуының өз жолы мен деңгейі бар дейді. Орыс графикасын пайдаланып келе жатқан халықтардың латынға көшу себебіне күмәнмен қарайды. Съезде А.Байтұрсынұлынан басқа сөз алған Ғ.Шараф, Г.Х.Алпаровтар әзірбайжан жазуы латын графикасының барлық таңбаларын пайдаланып отырған жоқ, бар-жоғы 47- 56% -ын ғана қолданады, ол латын жазуы емес, өзгерген латын жа-зуы, бұл жазудың ғұмыры қысқа болады дейді. Дегенмен, да-уыс беру нәтижесінде 101 дауыс латын графикасына, 7 дауыс араб графикасына, 9 дауыс қалыс қала отырып, латын жазуы қабылданады.

...

Скачать:   txt (12.4 Kb)   pdf (166.8 Kb)   docx (354.5 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club