Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ тілінің стилистикасы

Автор:   •  Ноябрь 24, 2021  •  Практическая работа  •  288 Слов (2 Страниц)  •  302 Просмотры

Страница 1 из 2

Қазақ тілінің стилистикасы

Практикалық жұмыс

1.  Берілген мәтіннен стилистикалық құрылымдарды  тауып,  стильдік мәнін  анықтап жазыңдар.

Қыр! Жой! - деп барынша шошытып, зәрін шашып келеді. Енді, бөгет атаулы жапырылып болған соң барлық қолдары жан –жақтан қыстаға қарай лап берді. Жер – дүние азан –қазан. У да- шу. Айғаймен, тасыр – тұсыр әлекке толды. Нағыз шапқыншылықтың жат сарыны басты.  Бөжей тобы әлі күнге қыстау алдында еді. Барлық бұл арадағы жиын сойыл, шоқпарын көтеріп, арқа жүнін үрпитіп, ер тағыдай тапжылмай тұрған –ды (М.Ә).

Адасқанның алды –жөн, арты- соқпақ,

Оларға жөн, арамның сөзін ұқпақ.

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,

Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.

Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік

Ер табылса, жарайды қылса сұхбат.

Кейбіреу тыңдар үйден шыққанынша,

Кейбіреу қояр көңіл ұққанынша.

Сөз мәнісін білерлік кейбіреу бар,

Абайлар әрбір сөзді өз халынша  (А.Қ.).

2. Берілген үзіндіден сын есімдердің қандай стильдік мақсаттарда қоданылғандығын түсіндіріңіздер.

 Бұл – орта бойлы, кең жауырын, арықтау  тарамыс  денелі, жатаған келген  ат  жақты сары  сұр кісі. Сәл  қызғылт тартқан  қыран көзді, жуан  балуан мойынды. Ашық  жүзіне  жараса біткен  сәл келтелеу  қыр мұрнының астында  шағын  ғана  мұрты  бар. Қою шоқша  сақалы  сүп-сүйір. Сақал-мұрты  күңгірт сары. Басында жарғақ тысты құндыз тымақ, қара мақпал жеңіл құндыз ішігінің сыртынан бозғылт түйе жүн шекпен жамылған. Аяғында атқа мінуге ыңғайланып тігілген қоныш көк салмен өрнектелген саптама  етік. Отырған отырысында, тұрған тұрысында ілтипаттық пен тәкаппарлық  қатар  аңғарылады. Сәл шегір тартқан өткір қырағы  көзі  қарағанда  адамның ту  сыртынан өткендей. Сараң  қимылы, жұмыла  біткен жіңішке еріндері, аз сөйлеп, көп  тыңдайтын адамды  сездіреді. Егер  тұлғасына, көңіл  райына қарасаң ішінде  тұнып  жатқан үлкен  ақыл, бұлқынып сыртқа шыққысы келген жігер барын ұғасың. 

...

Скачать:   txt (3.3 Kb)   pdf (51.2 Kb)   docx (8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club