Мектеп информатика курсында "Алгоритмдеу жене программалау" болiмiн зерттеу маныздылыfы
Автор: Gauhar0609 • Июнь 4, 2018 • Статья • 1,352 Слов (6 Страниц) • 921 Просмотры
МЕКТЕП ИНФОРМАТИКА КУРСЫНДА «АЛГОРИТМДЕУ ЖӘНЕ ПРОГРАММАЛАУ» БӨЛІМІН ЗЕРТТЕУ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Аңдатпа: Берілген мақалада информатика курсының «Алгоритмдеу және программалау» бөлімінің зерттеудің рөлі мен ерекшеліктері қарастырылады, осы тақырыпты оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар беріледі.
Аннотатция: В статье говорится о роли и особенностях изучения содержательной линии информатики «Алгоритмизация и программирование», даются не которые методические рекомендации по преподаванию данной темы.
Abstract. The article describes the role and especially the study of computer science content line "Algorithmic and programming", are some of methodical recommendations on the teaching of the subject.
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың ұйымдастырушылық негізі Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы болып табылады, сонымен қатар ол қазақстандық білімді жаңғыртуды жалғастыруды қамтамасыз етеді. Бағдарлама мақсаттардың бірі – білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету, жалпы орта білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі жəне рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін əлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады. Осы бағытта 2012 жылдан бастап оқу процесіне автоматтандыру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу үшін жағдай жасалуда, орта білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесі пайдаланыла бастады. [1].
Информатиканы оқыту барысында заман талабына сай зерттеу жұмыстарының жеткіліктілігіне қарамастан жаңа мәліметтерді өз бетінше іздеуге бейімділігін қалыптастыратын, сәйкес тұжырымдар жасап, алған мәліметтерін жинақтап, шешім қабылдай алатындай деңгейге жеткізетін әдістерді қолдану қажеттілігі туындап отыр.Программалау тілінің негізгі құралдары және оларды игеруге сәйкес есептер жүйесі, мәліметтер қорынан тұратын электрондық оқу-әдістемелік құралы, қиындығы жоғары есептерге программалар құрудың тиімді жолдары. Ол оқыту үрдісінде оқушылар белсенділігін арттыруға негізделеді[2].
Соңғы жылдары «Алгоритмдеу және программалау» курсын оқытуда орта мектепте де, жоо-да бірнеше қиындықтар туындап отыр. Қиындықтың негізгі «Информатика және АКТ» пәнінің алгоритмдеу және программалау тарауының мазмұндық мәнінің қысқартылуында.
Біз келісеміз мектеп оқушылары мәтіндік , графикалық редакторларда және интернет желісінде жұмыс жасай білуі керек , дегенмен де біз ойлаймыз көп көңілді «алгоритмдеу және программалау» мазмұндық бағытын оқытуға бөлу керек .
Мектепте студенттермен педагогикалық тәжірибе кезінде біздің байқағанымыз оқушылардың программалау тарауын барынша қысқартып өтетіні, яғни программалау тілімен тек танысумен ғана шектеледі. Тіпті информатика факультетінің студентінің өзі осы тараулардан қашқақтайды, себебі өз білімдеріне сенімді емес.
Көптеген оқушылар информатика пәніндегі программаға қатысты тарауларды аса маңызды және керекті деп ойламайды. Олардың ойынша бұл тараулар түсініксіз және қызықсыз болып табылады. Себебі программалау тарауын оқыту кезінде оқушыларға көп жағдайда математикалық есептер беріледі, оны шығару жолы қиын, ал жауабы оқушыны онша қатты қызықтыра қоймайды.
Біз ойлаймыз мұндай жағдай оқушының логикалық, аналитикалық және абстракталық ойлауын дамытпайды.
Алгоритмдеу тек математикалық есептерді шығару кезінде ғана көмектеспей сонымен қатар көптеген креативті есептерді шығаруда, анализ жасауда және ең тиімді жолды таңдауда көмектеседі. Алгоритм құрып, математикалық есептерді шешуде оқушының есеп шығару дағдысын, ақпараттық мәдениетін, шығармашалақ қабілетін дамытуға, арттыруға болады.
Егер берілген есепті шешу үшін қандай да бір программалау тілінде программа жазғыңыз келсе, онда алдымен есепті шешудің алгоритмін құруыңыз керек. Алгоритм математика мен информатиканың кең тараған негізгі ұғымдарының бірі. Алгоритм деп берілген есепті шешудегі жасалатын әректтерді дәл және қарапайым етіп жазуды айтамыз. Басқаша айтқанда алға қойылған мақсатқа жетуде немесе берілген есепті шешуде орындаушыға біртіндеп қандай әректтер жасау керектігін дәл көрсететін нұсқауларды немесе іздеп отырған нәтижені алу мақсатында деректермен атқарылатын әрекеттерін орындалу реттілігін анықтайтын жарлықты алгоритм дейміз. Алгоритм белгілі бір реттіліепен бірінен соң бірі орындалатын бірнеше қадамдардан тұрады. Кез келген есептің шешімін оңай және тез табуға болады егер нәтижеге жету алгоритмі дұрыс құрылса.
...