Мектеп физика курсындағы оптика бөлімін оқытудағы CLIL әдістемесі жайында
Автор: meir.smat • Декабрь 11, 2019 • Курсовая работа • 7,505 Слов (31 Страниц) • 1,598 Просмотры
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1. CLIL әдісінің негізгі принциптері мен аспектілері 7
1.1 CLIL технологиясы туралы түсінік 7
1.2 CLIL әдістемелік тәсілінің негізгі принциптері және негізгі аспектілері 9
2. Мектеп физика курсындағы оптика бөлімін оқытудағы CLIL әдістемесі жайында 11
2.1 Физиканы оқытуда CLIL технологиясының маңызы мен әдіс – тәсілдері 13
2.2 Мектеп физика курсындағы оптика бөлімінің оқыту әдістемесі 16
2.3 Геометриялық оптика тарауына арналған CLIL әдістемесін қолданудағы сабақ жоспары 20
Қорытынды 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 28
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі кезде заманауи талапқа сай білім беру жүйесі арнасы үштілділікке бет бұрған шақта жан-жақты шығармашылдықпен, жаңа бастамамен жұмыс жасайтын жас ұрпақ қалыптастыру - ұстаздар қауымы үшін де аса маңызды қадам болып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасын жүзеге асыруды Қазақстан халқына арнаған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі» деп анық көрсетті. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама болып табылады. Бүгінгі таңда еліміздің мектептерінде үш тілді оқытудың маңызы арта түсумен қатар, оның бағыттары да кеңеюде. Аталған мүмкіндіктерді игеру мақсатында бүгінгі білім ордалары үштілділікті енгізудің, оны тиімді жүргізудің тың жолдарынан іздей отырып, жұмыстануда. Мұндай даму барысында, мектептерде үштілділікті биология, физика, химия пәндерін оқытуда қолданады. Өмірлік қажеттіліктен туындаған «Үш тұғырлы тіл» идеясы - физика пәнінің зерттеу әдістерін ғылыми, пәнаралық, интерактивті әрекет жасау арқылы оқушының жалпы ғылыми ойлауын, көзқарасын қалыптастыру негізінде бәсекелестікке қабілетті белсенді ұрпақ дайындау мәселесі туады. Сабақ кезінде жаңа әдіс-тәсілдер қолдану барысында CLIL технологиясы тиімді болып саналуда, яғни оқушылар жұпта, жеке, топта, ағылшын тілінде физикалық терминдердің, шамалардың әрекеттерін ағылшын тілінде айтуды іске асырады, әр оқушы сабақта орындалатын тапсырмаларға жауапкершілікпен қарауға, топта және жұпта пікір алмасып отыруы сабаққа деген қызығушылығы мен құлшынысын жоғарылатады деген ойдамын.
Курстық жұмыстың мақсаты: Пайдаланылатын әдебиеттер тізімін қарастыру. Мектептегі физика курсының оптика бөлімін оқыту әдістемесін білу, оны оқытуда CLIL технологиясын қолдану жолдарын түсіндіру. CLIL технологиясын қолданып «геометриялық оптика» тарауына сабақ жоспарын құрастыру.
Курстық жұмыстың мәселесі: Қазіргі мектептерге үштілді технологияны енгізу, оны пайдалана білу және тәжірибеде қолдану мәселесі туындайды.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. CLIL технологиясы туралы білу;
2. Мектеп физика курсындағы оптика бөлімінің оқыту әдістемесін білу;
3. Оптиканы оқытудағы CLIL технологиясын қолданудың артықшылықтарын қарастыру;
4. Оптика тарауларына CLIL әдісімен сабақ жоспар құру;
Курстық жұмыстың нысаны: Мектеп физика курсындағы оптика бөліміне CLIL әдісін қолдану
Курстық жұмыстың пәні: Физиканы оқыту әдістемесі
Болжам: Физика сабақтарында CLIL технологиясын қолдану. Қолдану барысында оқушылардың жалпы ғылыми ойлауын, көзқарастарын қалыптастыру негізінде бәсекеге қабілетті ұрпақ дайындау. CLIL әдісін пайдаланып елімізді дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосу.
Курстық жұмыс құрылымы: Кіріспе бөлімі, 2 тараудан, қорытынды бөлім және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
...