Мектеп үлгісін жасауда заманауи техникаларды тиімді пайдалану жолдарын зерттеу
Автор: Adilbek Akbayan • Октябрь 20, 2022 • Реферат • 7,592 Слов (31 Страниц) • 210 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе .................................................................................................................. | 4 |
1 Кәсіпорын тарихы............................................................................................. | 6 |
2Негізгі бөлім....................................................................................................... | 7 |
2.1Фабриканың негізгі өндірістік цехтары....................................................... | 7 |
2.2Бұйымды өңдеу технологиясы...................................................................... | 11 |
2.3Құрал - жабдығы............................................................................................. | 12 |
3 Жеке тапсырма. Мектеп үлгісін жасауда заманауи техникаларды тиімді пайдалану жолдарын зерттеу.............................................................................. | 16 |
4Тіршілік қауіпсіздігі ......................................................................................... | 26 |
5Қорщаған ортаны қорғау................................................................................... | 28 |
Қорытынды........................................................................................................... | 29 |
Әдебиеттер тізімі................................................................................................. | 30 |
[pic 1]
Кіріспе
Еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі бағыттары жеңіл өндірісінде тігін бұйымдарының сапасын жақсарту, техникалық және эстетикалық дәрежесін жоғарлату, тұтынушылардың киімге деген сұраныстарын толық қанағаттандыру. Бұл мәселені толығымен және дер кезінде шешу үшін жоғары сапалы өнімнің дәстүрлі және жаңа түрлерін өндіруге мүмкіндік беретін жаңа жабдықтармен техникалық процестерді игере алатын білімді мамандар қажет.
Тігін өнеркәсібі қазіргі кезде халық шаруашылығының маңызды бір саласы болып табылады, ол халықтың қажеттілігін әртүрлі сапалы киімдермен қамтамасыз ету мәселесін қарастырады. Өнеркәсіптің басқа салалары сияқты, тігін өнеркәсібі ғылымен техникалық алдыңғы қатарлы жетістіктеріне негізделеді және дамиды. Бұл жетістік тауардың сапасын жаңа деңгейге көтеріп қана қоймай, сонымен бірге оның ассортиментін едәуір ұлғайтады. Киім ассортиментін жаңарту қажетті форма тұрақтылығы мен эксплуатациялық сапасы жоғары жаңа маталармен қолданумен жүзеге асады. Осының барлығы өмірдің деңгейін жаңа сапалы әрі жоғары сатыға көтеру болып табылады.
Тігін өнеркәсібі халықты әсемді және жарасымды киіммен қамтамасыз етуге міндетті. Ал киімге деген сұраныстары мен талаптар, сән бағыттары жыл сайын өсуде. Сән бағыттары да өзгеріп отырады. Тігін бұйымдарын үлгілеумен құрастыруды дамытып жоғары деңгейге көтеру керек. Үлгіні жаңарту тігін фабрикаларының сән үлгілерінің лабароториясында, құрастыру бөлімінде жүргізіледі. Қазіргі кезде киімді жаппай көпшілікке және жеке адамдарға тігетін шағын өнеркәсіптер ашылуда. Олардың өздеріне тән ерекшеліктері болады. Әр жобаланған үлгі маусым алдында көрмелерде тұтынушыларға көрсетіліп, сұрынысты зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Адамның дене бітіміне сәйкес және қонымдылық сапасы жоғары киімдерді жобалау, жетілдіру, құрастыру типтік сән мүсіндерді қолдануды қажет етеді. Өндірістің инженерлік дайындығы соңғы ғылыми – техникалық мәліметтерді кең қолдануды талап етеді.
Еңбек өнімділігі мен жобалау мерзімдерін қысқартуга мүмкіндік беретін компьютерлік технологияларды қолдану арқылы арнайы киімді жобалаудың негізгі кағидалары жеткіліксіз түрде зерттелген. Қазіргі кездегі қолданылатын арнайы киімдері, қазіргі заманғы еңбек шарттарына сәйкес келмейді, зиянды және кауіпті өндірістік факторлардан қорғайтын қасиеттері төмендеу және осы заманға сай бірқатар талаптарды орындамайды, бұл жұмысшылардың денсаулығына кері әсер етіп, еңбек өнімділігін төмендетеді. Бұл міндетті шешу максаты, жұмысшылардың кәсібі мен жеңіл өнеркәсіп процесстерінің өзара байланысын зерттеу аркылы, жұмыс және қауіпсіздік жағдайын жақсартуды, сондай-ақ еңбек өнімділігін жоғарлатуды қамтамасыз ету. Сәйкесінше, үдемелі көркемдік-конструктивтік шешімдер және өңдеудің инновациялык әдістерін қолдана отырып, компьютерлік технологиялар негізінде арнайы киімді жетілдірудің ұтымды технологиясын әзірлеу көкейкесті болып табылады.
...