Алматы өңірінің халықаралық туризм базасына айналу перспективалары қандай?
Автор: Grandi • Март 28, 2018 • Курсовая работа • 4,734 Слов (19 Страниц) • 930 Просмотры
[pic 1]
Атырау қаласы
Химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
Қазіргі әлемдегі Қазақстан
Курстық жұмыс
Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты: ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАН МЕН БОЛАШАҚ
Тақырып: «Алматы өңірінің халықаралық туризм базасына айналу перспективалары қандай?»
(,,,, сөз)
Орындаған: Сейсенбаев Бекзат Айбекұлы
Жетекші: Тумин Еркебұлан Бауыржанұлы
Ішкі модератор: Жұмабаев Әділет Нұрқанатұлы
Атырау, 2017
Мазмұны:
1.Кіріспе…………………………………………………………………………………………3
2.Негізгі бөлім…………………………………………………………………………………..5
2.1. Табиғат жағдайлары.................. ..…………………………………………………………5
2.1.1. Геологиялық құрылымы……………………..………………………………………….6
2.1.2. Климаты............…………………………………………………………………………..6
2.2. Инфрақұрылым…………………………………………………………………………….5
2.3.Туристік өнімдер ………………………………………………………………………….7
2.3.1. Мәдени туризм …………………………………………………………………………7
2.3.2. Таулар мен көлдердегі демалыс……………………………………………………...8
2.3.3. Жағажай туризм……………………………………………………..………………….8
2.3.4.Қысқа мерзімді демалыс…………………………………………………………………8
3.Қорытынды…………………………………………………………………………………..9
4.Қолданылған дереккөздер…………………………………………………………………. .11
- Кіріспе
Қазақстан - әлемнің ең дамыған 50 ел қатарына енген, алдағы перспективасы мол, жас және тәуелсіз мемлекет. Қазақстанның келешекте дамуына алуан түрлі жолдары бар : мұнай өнеркәсібі, атомдық және ядролық энергетика, күн энергетикасы, шикізат өндіру және тағы да басқалары. Бұның ішінe тyризмнің болaшақ перспeктивтері дe жaтады. Мемлекеттің қазіргі кездегі жарнамасы - бұндағы туризм. Туризм тек орын ауыстыру емес , ол көптеген экономикалық және әлеуметтік аспектілерді құрайды . Соңғы он жылда туризм мықты дербес индустрияға айналды. Дүниежүзілік Туристік Ұйымының мәліметтері бойынша туризм әлемнің өндірістік - сервистік нарық айналымының 10 пайызын қамтамасыз етеді. Туризм сферасына әлемдік ұлттық жиынтық өнімнің 6% , әлемдік инвестицияның 7% , әр 16 - шы жұмыс орны , әлемдік тұтынушы шығындарының 11% , барлық салық түсімінің 5% келеді. Бұл сандар туризм индустриясының экономикаға тікелей әсерін көрсетеді. Қазіргі кезде біздің азаматтарымыз басқа жерлерге барып, олардың туризмін көтереді. Туризм – мемлекeт экономикaсының шикізатсыз сектoрындағы маңызды сaла. Тәуелсіз Қазaқстанның дaму стратегиясындaғы халықарaлық байланыс, шағын жәнe ортa бизнес кәсіпкерлігі де туризммен тікелей байланысты. Шаруашылықтың бұл саласы бүкіләлемдік маңыздылыққа ие және тек жергілікті көркем табиғатпен шектеліп қалмай, мәдениеті мен ұлттық құндылықтарымен, көне тарихы мен археологиялық қазбаларымен, ұлт өкілдерімен, ландшафтымен, ұлттық өнері мен ескерткіштердің тартымдылығымен ерекшеленеді. Қазақстанның осы салада да дүниежүзілік деңгейде өзінің ерекше керемет орны болуы әбден мүмкін. Себебі, біздің еліміздің потенциалы өте жоғары: әр аймағымыздың өздік тән тарихы, табиғаты, салт - дәстүрлері және құндылықтары бар. Бар перспективаларымыздың іске асуына жетелейтін көптеген мүмкіншіліктер бар : табиғи курорттық аймақтар, жоғары ішкі және сыртқы әлеуметтік жағдай, еліміздің географиялық орналасуы, территориямыздағы табиғи ресурстар, жаңа техникалық кұрал - жабдықтар және тағы да басқалары . Бұл факторлардың әрқайсысы еліміздің болашақ туризмінің дамуына жақсы ықпал болады және әр елге осындай мүмкіндік келе бермейді. Ата - бабамыздан қалған мұраны тиімді пайдалануға барлық жағай бар. Алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстандағы туризмнің барлық негіздерін, болашақта жұмыс жасайтын принциптері және оны әлдеқайда дамытуындағы жорамал мүмкіндіктері мен жұмыс барысындағы кедергілері қандай болатынын анықтау қажет. Қазақстан Республикасының туризм саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес еліміздегі туризмды дамытудың мықты тұстары:
...