Халықаралық сәлемдемелерді қабылдау
Автор: dastanbaygabylov • Июнь 3, 2018 • Дипломная работа • 10,611 Слов (43 Страниц) • 1,081 Просмотры
КІРІСПЕ
Менің дипломдық тақырыбым «Халықаралық сәлемдемелерді қабылдау», бұл тақырыпта біз АҚ «Қазпочта» АФ «Алматы поштамт» бөлімшелерінде өткен практикадағы жұмыс барысымен таныстыратын боламын. Халықаралық почтаны қалай қабылдап, қандай тексерістерден өтіп, қалай жөнелтетінін толығымен таныстырамын.
Пошта мемлекет байланыс жүйесінің маңызды мекемесі. Ол жергілікті халықтың мәдени-тұрмыстық мұқтаждығына қажет заттар жеткізу, бір ел ішінде және шетелдермен ақпарат алмасу мәселелерін қамтамасыз етеді.
Хабар алмасу тас ғасырынан бастау алады. Ол кезеңде мәлімет алау түтіні, барабан соққысы, керней үні арқылы берілетін. Бертін келе ауызша шабармандар жіберілді. Мұндай хабаршы «хатты» жіберуші сөздерін жаттап алып, хабарды алушыға оны баяндап беретін.
Ертедегі ұлы державалар Ассирия, Египет, Персия, Римнің жақсы ұйымдасқан,дамыған поштасы болған. Тас төселген жолдар мен керуен соқпақтардан күні-тұнішабармандар жүріп тұратын. Олар арнайы салынған станцияларда өздері ауысып немесе аттарын ауыстырған. Осы жерден латынның «mansion pozita»-«пунктегі станция» сөзінен «пошта» сөзі шыққан.
Қазақстан территориясында хабар алмасы көне замандардан белгілі Б.з.д.І мыңжылдықтың өзінде, грек тарихшылары Орталық Азияны мекендейтін халықтар-сақтар, массагеттер, сарматтар, үйсіндер жіне ғұндардың хабар алмасуы жайлы мәліметбереді.
Поштасыз мемлекет болмайтыны сияқты, мемлекетсіз пошта да болмайды. Жас державаның жасайтын алғашқы қадамдарының бірі, бұл- әлемге өзінің пайдаболғанын паш ететін байланыс құралдарын орнату. Қазақстан территориясында мұндайпоштаның негіздері әлемнің тарих сахнасында түрікқағанатының пайда болуыменқалыптасты (ҮІ ғасыр). Көне хроникалардың хабарлары бойынша, бұл атты шабрамандардыңқызметі болған, олар ауызша хабарлармен қатар жазбаша хабарларды жеткізіп отырды.
Қазақстан және басқа да Еуразия халықтарының тарихында Шыңғыс хан империясында қалыптасқан пошталық қызмет жүйесі ерекше орын алады. Ол атақты венециялық саяхатшы Марко Поло күнделігінде көркем суреттелген. Оның баяндауы бойынша, империя жолдарында әр 25 миль сайын (40 км шамасында) пошталық станциялар салынған. Оларда 300-400 ат дайын тұралды. Күніне шабармандар 250-300 миль жерді жүріп өткен.
Алтын Орданың және басқа да ұлыстардың пошталық станциялары моңғолша – «дзям» деп аталды. Осы жерден түріктің «ямшы»- «поштаны қараушы», парсының «ямджик»-«шабарман», орыстың «ям» және «ямщик» сөздері шыққан.
Еліміздегі пошта қызметі саласындағы ең ірі компания – «Қазпошта»АҚ өзгерістер мен жаңару кезеңін бастан өткеріп жатыр. Қалың қазақтың мол шоғырланған ортасы ауылда пошта және қаржылық қызмет көрсететін жалғыз компания да осы – «Қазпошта».
Қазақстан Республикасының халықаралық почта алмасу орындарымен (әрі қарай - ХПАО) халықаралық почта алмасу пунктерінде (әрі қарай - ХПАП) халықаралық почтаны өңдеу және жөнелту жөніндегі ережелері, тәртіптері, ХПАО қызметінің ережелеріне қойылатын талаптарына сәйкестігін бүкіл ХПАО мен ХПАП қызметі бойынша Пошталық технологиялар департаментімен жүзеге асырылады.
ХПАО, ХПАП қызметінің нәтижелік критерийлері болып мыналар табылады:
1.Пошта ережелердің талаптарына сәйкес ХПАО, ХПАП қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету.
2.Пошта ережелердің талаптарына сәкес орындаушылардың өндірістік құжаттамаларды жүргізу.
Ережеде халықаралық почта жөнелтімдерін (жазбаша хат-хабарлардың, почта карточкаларының, бандерольдердің, ұсақ пакеттердің, “М” қаптарының, сәлемдемелердің, EMS жөнелтімдерінің) буып-түюі, салымы, қабылдау және жөнелту тәртібі, өңдеу кезеңі, жеткізу және табыс ету тәртібі, сұрыптау тәртібі, салмағы тағы басқа да ережелер бар.
...