Қоршаған ортаны халықаралық құқықтық қорғаудың түсінігі, мәні және қайнар көздері
Автор: Rsay Oraz • Апрель 17, 2018 • Курсовая работа • 7,762 Слов (32 Страниц) • 1,497 Просмотры
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Жер бетiндегi экологиялық жағдайдың өзгеруi ғылыми-техникалық өрлеумен тiкелей байланысты. Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн әлем елдерiнiң көбi-ақ өнеркәсiбiн дамыту жолына түстi. Өнеркәсiптiң дамуы жер қойнауындағы қазбаларды игерудi ұлғайтты. Өз кезегiнде ауаның ластануын күшейттi. Екiншiден, бұл жылдарда дүниежүзiндегi демографиялық жағдай да үлкен өзгерiске ұшырады. Халықтардың өсуi туралы әлемдiк демографиялық сараптаманы қарап отырсаңыз, бұған көзiмiз анық жетедi. Халықтың жылдам өсуi табиғатқа деген «тұтыну қысымын» өсiрдi. Қазақстандағы тәуелсiздiк жылдары экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң мүлде жаңа мемлекеттiк жүйенiң құрылуының және қалыптасуының, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органдардың жақсы ұйымдастырылған және аумақтық таралған жүйесiн - қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқару болды [1]. Бұл қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды және дәйектi iске асыруды қамтамасыз еттi.
Қазiргi кезеңде адам мен оны қоршаған ортаның қарым-қатынасы күрделiлене түскенi мәлiм. Жер шарындағы халық санының жедел өсуi мен өндiргiш күштердiң күрт дамуы адамның табиғатқа ықпалын күшейттi. Әсiресе, ХХ ғасырдың II жартысынан бастап, адам мен табиғат арасында жаңа жағдай қалыптасты. Адамзат қажетiне керек шикiзатқа сұраныс материалдық өндiрiстiң көлемiн арттырды, жер қойнауы мен мұхит байлығы жедел игерiле бастады. «Табиғатқа бағынбаймыз, оны өз игiлiгiмiзге айналдырып, бермесiн тартып аламыз» деген көзқарас қалыптасты. Мұның барлығының жер бетiндегi тiршiлiкке тигiзген әсерi табиғаттың өзiне тән құбылыстардан-табиғи өзгерiс пен жел, су тасқыны, жер сiлкiнiсi әсерiнен әлдеқайда асып түстi. Бірақ, қандай болмасын заңның демократиялық қоғамның құқықтық негізі, адамдардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі болып табылмасы анық. Жоғары дережеде әзірленіп-талқыланған, зор жауаптылықпен қабылданған, қоғам өмірінің талаптарына толығымен жауап беретін заң ғана қоғамның, мемлекеттің, жеке азаматтардың мүдделеріне сай келеді. Ал заңның мұндай сапасына жетік, дамыған заң шығару процесінің нетижесінде ғана қол жеткізуге болады. Олай болса, халқаралық экологиялық меселелерін анықтайтын заңдарды зерттеу, заңды жасаумен байланысты қатынастардың табиғатын, менін ашу бүгінгі күнде заң ғылымының ең бір маңызды, өзекті міндеттерінің бірі болып табылады. Өйткені, ол заңның сапасын, тиімділігін анықтайды. Заң шығару жөніндегі қатынастардың және оларды реттейтін нормалардың мазмұнын, сипатын ғылыми оқып, зерттеу біраз шамада республикада жүргізіліп жатқан құқықтық реформалардың оң, сәтті болуына, шығарылып жатқан заңдардың тиімді әрекет етуіне өз септігін тигізеді.
Аталған жағдайлар курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігін көрсетеді және тиісті салада зерттеу жүргізуге себеп болады. Курстық жұмыста автор қоршаған ортаны халқаралық қорғау процесін ұғынуға жене оның теориялық меселелерін зерттеуге, заңдарды қабылдауға себеп болатын қозғаушы факторлардың мәнін ашуға, Парламенттен өзге Президент пен халықтың экологиялық процесінің сатыларын белгілеуге, сондай-ақ заң шығармашылығының тиімділігін негіздеуге талпыныс жасады. Курстық жұмыста аталмыш мәселелерге қатысты ғалымдардың ой-пікірлеріне сүйене отырып, оларды зерделеу, талдау, салыстыру арқылы аталмыш мәселелерге жаңаша, өзгеше көзқараспен қарады. Экологиялық мәселелерін осылай зерттеу Қазақстан Республикасындағы және халықаралық деңгейде экологиялық заңдардың сапасын, тиімділігін көтереді.
Алайда, Қазақстан көптеген онжылдықтар бойы қоршаған ортаға төтенше жоғары техногендiк салмақ түсiретiн, табиғат пайдаланудың көбiнесе шикiзат жүйесi қалыптасты. Сондықтан әзiрге экологиялық жағдайдың түбегейлi жақсаруы әзiр бола қойған жоқ, әрi ол бұрынғысынша биосфераның тұрақсыздануына, оның қоғамның тiршiлiк әрекетi үшiн қажеттi қоршаған ортаның сапасын оның қолдау қабiлетiн жоғалтуына апаратын табиғи жүйелердiң тозуымен сипатталады [2].
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiздерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 30 сәуiрдегi өкiмiмен мақұлданған «Экологиялық қауiпсiздiк Тұжырымдамасына» енгiзiлiп, онда өтпелi кезеңнiң экологиялық басымдықтары, атап айтқанда, жекешелендiрудiң экологиялық проблемалары, табиғат қорғау заңнамасының, мемлекеттiк бақылау және сараптаманың, табиғат пайдаланудың экономикалық тетiктерiнiң, қоршаған орта мониторингiнiң жүйесiн құру қажеттiлiгiнiң мәселелерi қарастырылған болатын [3].
...