UCMAS халықаралық ойша есеп бағдарламасының балалардың интеллектуалды дамуына әсері
Автор: 9595 • Апрель 7, 2018 • Реферат • 4,614 Слов (19 Страниц) • 1,209 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКА ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ФАКУЛЬТЕТІ
UCMAS халықаралық ойша есеп бағдарламасының балалардың интеллектуалды дамуына әсері
атты ғылыми жоба
Жоба авторы | Әлимұса Ұ.О. | |
Өскемен қ., 2015 жыл
Өзектілігі: Әрбір қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық потенциалына байланысты. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда зияткерлі белсенді жеке адамды дайындау қажеттігі туындап отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында творчестволық тұрғыда ойлаушы, тәуелсіз жеке адамды, дербес шешім қабылдауға бейім ұрпақты тәрбиелеу – бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр.Дәл осы айтып өткеніміздей бүгінгі таңда білім беру ісі оқушының жас ерекшеліктеріне сай бағытталып, соның ішінде ең алдымен баланың жеке және жалпы дамуға дайындығы туралы мәселелерді шешуді көздейді. Осы мақсатта баланың ақыл ойының дамуына әсерін тигізетін ойша есеп жүргізу мазмұнын жетілдіру мақсатында көптеген жұмыстар жасалып келеді.
Қандай да болмасын пәнді оқыту барысында арнайы мақсат-міндеттер айқындалады. Сондай мақсат-міндеттердің бірі дарынды балаларды интелектуалды белсенділікке бейіндеу. Ойша есеп жүргізу дарынды баланың танымдық қабілетін дамытуға және ғылыми көзқарастарының негіздерін қалыптастыруға және алған білімді практикалық мұқтаждықтардан туындаған түрлі есептер шығаруда тиімді қолдануға септігін тигізеді.
Ғылыми жобаның мақсаты: Ментальды арифметика бойынша білім алатын балалардың ақыл-ойының дамуын және зияткерлік қабілетін жоғарылату жолындағы әсерін кеңінен зерттеу.
Ғылыми жоба мақсатына жету үшін келесі міндеттер алға қойылды:
- Адамның миының негізгі функциялары мен даму деңгейін зерттеу;
- Баланың дамуындағы ақыл-ойы мен ойлау саласындағы дара айырмашылықтары мен ментальды арифметиканың сабақтастығын зерттеу;
- баланың зияткерлік қабілетін зерттеу.
Ғылыми жобаның жаңашылдығын келесі тұжырымдамалардан байқауға болады:
Адам миының негізгі функциялары мен даму деңгейі кеңінен зерттелді;
Баланың дамуындағы ақыл-ойы мен ойлау саласындағы дара айырмашылықтары мен UCMAS бағдарламасының сабақтастығы кеңінен зерттеліп, тұжырымдама мен ұсыныстар жасалынды;
UCMAS бағдарламасының құрылымы мен баланың зияткерлік қабілетіне әсері зерттеліп ұсыныстар жасалынды.
Күтілетін нәтиже: Аталған тақырып шеңберінде жүргізілген зерттеулер көмегімен еліміздегі UCMAS халықаралық ойша есеп бағдарламасының балалардың интеллектуалды дамуына әсері зерттеле келіп, оны әрі қарай дамыту жолында айтарлықтай ұсыныстар бере алады. Бағдарлама көмегімен білім алған оқушылардың болашақта ел экономикасын дамыту жолында септігін тигізетіні сөзсіз.
Ғылыми және қолданбалы мәні: Ойша есеп бағдарламасы, дарынды балалардың іскерлік пен машықтың барлық жүйесін терең және саналы меңгеруін қамтамасыз етуге, математикалық тілді үйретуге, балалардың ақыл-ойын дамытуға, сонымен қатар заттар мен құбылыстардың арасындағы қатынастарды өздігінен орнату, іскерліктерін шыңдау, проблемалық ахуалдарға бағдарлануды үйретуге көмектеседі.
Ғылыми зерттеу жобасының негізгі бөлімі
Ақыл-ойлы материаның ең жетілген өкілі-ми болып саналады. Ми ешқашанда демалмайды. Тіпті, түнде дененің көптеген мүшелері босаңсып, қозғалмайтын күйге түссе де, ми жұмыс істеп жатады. Ол жүректің соғысын, дененің қызуын, ас қорыту жүйесін және ішкі үдерістерді бақылап, тыным таппайды. Сол себепті, мидың қызметі қызықтырмайтын ғалым жоқ. Академик П.Анохиннің өзі ол жөнінде былайша ой толғайды: «Ми қызметінің мәнін түсіну – маған және менің көптеген әріптестеріме өзге мәселелерден әлдеқайда елеулі міндет болып көрінеді. Өйткені, адамның барлық қызметі, адамдар арасындағы барлық қарым-қатынастар, шығармашылықтың барлық түрлері, адамзаттың үміттері мен болашағы ми қызметіне және оның жетілуіне байланысты. Аса ірі бір ғалымның сөзімен айтқанда, адамның ақыл-ойы болмаса, дүниенің барлық құбылыстары аңырап бос жатқан залдың ішінде болып жатқан оқиға сияқтанар еді».
...