Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Халықаралық экономика

Автор:   •  Октябрь 2, 2018  •  Реферат  •  2,817 Слов (12 Страниц)  •  1,763 Просмотры

Страница 1 из 12

     

Халықаралық экономиканың пәні, мазмұны және құрылымы

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКА» пәнінің сипаттамасы

                                                   

          «Халықаралық экономика» пәні – бұл тауарлар мен қызметтердің капиталдардың, жұмысшы күші мен технологияның халықаралық айырбасы саласында әртүрлі экономикалық субъектінің өзара әрекеттесуі.

         Бұл пәнде қарастырылатын маңызды мәселелерге мемлекеттің тиімді сыртқы экономикалық саясатын жүргізу, мемлекетаралық және үкіметаралық келісімдер мәселелері жатады. «Халықаралық экономика» термині ХХ ғасырдың 90 жылынан бастап кең түрде қолданыла бастады. Алғашқыда халықаралық экономиканы зертеуге деген қызығушылық 1960ж. халықаралық бизнесті жүргізу қажеттілігінен туындады және ол ерекше пән ретінде АҚШ-тың бизнес мектептерінде алғаш рет оқытыла бастады.

         Дербес теориялық пән ретінде халықаралық экономика бүкіл ХХ ғасыр бойында қалыптасты. Оның қалыптасуы мен дамуына XVIII-XIX ғасырларда экономика ғылымының классиктері А. Смит, Д. Рикардо, Дж. Милль, А. Маршал үлес қосқан еді.

         Сондықтан, халықаралық экономика негізін білмей, кәсіпорын мен фирманың сыртқы экономикалық қызметін ұйымдастырудың ерекшелігін анықтау, олардың сыртқы экономикалық байланыстарын басқару саласындағы дұрыс шешімді қабылдау мүмкін емес.

Халықаралық экономикалық қатынастың құрылымы мынадай:

 Халықаралық еңбек бөлінісі.

 Тауар мен қызмет көрсетудің халықаралық саудасы.

 Капиталдар мен шетел инвестициясының қозғалысы.

 Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясы

 Халықаралық валюта – қаржы және несие қатынастары.

 Халықаралық экономикалық  интеграция.

     

     Халықаралық экономиканың объектісі мен субъектісі

     Халықаралық экономиканың ғылым ретінде объектісі - әлем елдерінің ұлттық экономикаларының жиынтығы және олардың арасындағы экономикалық байланыстар болып табылады.

Ал халықаралық экономиканың ғылым ретінде субъектілері заңды және жеке тұлғалар болып табылады, Халықаралық экономикалық қызметке қатысатындар. Оларға келесілер жатады:

- Мемлекеттін ұлттық экономикасы ,халықаралық шаруашылық қызметті жүзеге асыратындар;

- Халықаралық экономикалық ұйымдар;

- Халықаралық экономикалық операцияларды жүзеге асыратын, шаруашылық жүргізудің ұлттық субъектілері.

         «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКА» және «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР» терминдерінің өзара қатынасы

XX ғасырдың екінші жартысындағы дүниежүзілік шаруашылықтың айтарлықтай ерекшеліктерінің бірі — халықаралық экономикалық қатынастардың жедел әрі қарқынды дамуы.

Әр түрлі мекемелер мен фирмалардың, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы екі жақты, көп жақты экономикалық қатынастардың кең қанат жайып, тамырын терең тарта бастағанының куәсі болып отырмыз. Бұл процестер халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуінен, шаруашылық өмірдің интернационалдануынан, ұлттық экономикалардың мейлінше ашықтыққа ұмтылысынан, аймақтық халықарлық құрылымдардың жақындасып, өзара пайдалы көмек арқылы нығайып, дами бастағанынан көрінеді. Әрине, аталған процестер оңайлықпен жүріп жатқан жоқ. Бұлар бәсекелі, қайшылықты, диалектикалық қозғалыс, құбылыстарға толы процестер. Халықаралық экономикалык, қатынастардың диалектикасының өзі жекелеген елдердің экономикалық тәуелсіздік пен ұлттық шаруашылықты көркейтуге деген ұмтылысының көрінісі. Дүниежүзілік шаруашылықтың нығайып, интернационалдануы, ұлттық экономикалардың мейлінше ашықтығы, дамудың жаңа, тиімді арналарының пайда болуы — осының бәрі экономикалық өсудің диалектикасы.

...

Скачать:   txt (49.3 Kb)   pdf (276.7 Kb)   docx (28.5 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club