Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Халықаралық интеллектуалды миграцияның Қазақстанның дамуына әсері қандай?

Автор:   •  Апрель 30, 2018  •  Реферат  •  3,121 Слов (13 Страниц)  •  1,664 Просмотры

Страница 1 из 13

[pic 1]               Көкшетау қаласы

                                        Физика математика бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Қазіргі Әлемдегі Қазақстан

Курстық жұмыс

12 сынып


Жоба тақырыбы: Халықаралық интеллектуалды миграцияның Қазақстанның дамуына әсері қандай?

    Бағыты: Қазіргі Қазақстан мен Болашақ






                                                                              Орындаған: Жунусова Мадина

                                                                                                                            ________

                                                        Жетекші: Бектасова Г.Е.

________

Ішкі модератор: Сатиев А.К. _______


                                                                                                               

                                                                                                                Сөз саны: 2 236

Мазмұны

1.Кіріспе……………………………………………………………………………2-3

2.Негізгі бөлім……………………………………………………………………..3-6

              2.1. Зияткерлік миграция.....…………………………………………..3-4

              2.2.Еңбек эммиграциясының экономикалық әсері................…….4-5

              2.3.Еңбек иммиграциясы..................................................………….5-6

3. Қорытынды……………………………………………………………………..6-9

4. Қолданылған әдебиеттер…………………………………………………….7-8

1.Кіріспе

 Миграция - экономика, мәдениет пен ұлттық саясатқа және халықаралық қатынастарға тікелей әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып табылады. Қазіргі уақытта  көші-қонның саяси феномені әлеуметтік және экономикалық детерминанттармен салыстырғанда, басымдылық танытуда. Сондықтан ұлттық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, саяси үрдістер мен миграцияның қатынасын айқындау, сондай-ақ олардың өзара бағытын анықтау маңызды болып табылады. [1]

 Егемендіктің 25 жылы ішінде Қазақстан Республикасындағы (ҚР) халықаралық көші-қон жедел және өздігінен даму кезеңін басынан кешірді және соңғы жылдары көші-қоң салыстырмалы түрде реттелетін қозғалыс кезеңіне көше бастады. Осы кезеңде миграцияның негізгі және қосалқы бағыттары өзгерді, жаңа түрлері пайда болып, миграциялық саясат және оны басқару институттары қалыптасып, реформаларға ұшырады.

Негізгі миграциялық трендттерді айқындамас бұрын, бұл жұмыстың негізі болатын “халықаралық көші-қон” терминін айқындаған абзал. Халықаралық құжаттарда қабылданған көші-қон анықтамасы ретінде, халықаралық көші-қон - адамдардың тұрғылықты мекенінен әр түрлі себептермен белгілі бір аумақтың шекарасынан асып, басқа жерге қоныс аударуы, көшіп-қонуы болып табылады.

Қазіргі уақытта посткеңестік кеңістіктегі елдерде, соның ішінде Қазақстан Республикасында  көші-қонның барлық негізгі түрлері дамыған: халықаралық және отандық, тұрақты және уақытша; заңды, реттелмейтін және заңсыз; ерікті және мәжбүрлі және т.б. Экономикалық негізделген миграция түрлері ең ауқымды болып табылады, мәселен еңбек миграциясы, сауда және бизнес (іскерлік мақсатта) миграциясы. Алайда, халықаралық еңбек көші-қоны әлемдік миграцияның жалпы ағынында басым рөл атқарады.

2010 жылы Қазақстанның саяси шешімдер институты (ҚСШИ) социологиялық зерттеу жұмысы аясында, халықаралық миграциялық ниеттің дереу мемлекеттен көшу түрінде және көшу процессін кейінге қалдыру тұрінде сақталатындығы анықталды. Жоспарланған миграция кезінде ата-аналар өз балаларын тұрақты тұруға жіберуге ниеттенеді немесе шетелде жоғары білім алып, кейіннен бұл мемлекеттің азаматтығын ала отырып, отбасының шет елде тұрақтануына ниет білдіріп жатыр. Көші-қон ахуалы орта есеппен респонденттердің 25% да байқалуда және де  олардың саны қалалық аудандарда ауыл аудандарындағы респонденттер санынан екі есе жоғары. Балаларын тұрғылықты мекен-жайға жіберуге респоненттердің төрттен бір бөлігі ниеттеніп отыр, олар көбінесе Алматы қаласында, “орыстілді” халық өнірлерінде, яғни солтүстік және орталық өңірлерінде шоғырланаған. Эмиграцияның негізгі себептері ретінде материалдық және экономикалық өмір сүру жағдайлары (30,5%) мен төмен жалақы (12,2%) болып қала берсе де, жұмыспен қамту және мансап қуу перспективаларының (25,5%) болмауы мен ұлтаралық ахуалдың нашарлауы(19,2%) стунденттер мен оқушылардың өз еркімен кетуіне орасан ықпал етуде.

...

Скачать:   txt (38.8 Kb)   pdf (575.1 Kb)   docx (411.3 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club