Халықаралық сауда теориялары
Автор: kaldykozova111 • Февраль 28, 2018 • Реферат • 1,436 Слов (6 Страниц) • 1,989 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Экономика факультеті
Экономика кафедрасы
[pic 1]
СӨЖ
Тақырыбы: Халықаралық сауда теориялары
Орындаған: Калдыкозова Құралай
Қабылдаған: Хойч Айжан
Астана. 2018 жыл
Жоспар:
- Меркантелизм теориясы, түсінігі.
- Халықаралық сауданың классикалық теориялары.
- Хекшер – Олин моделі.
- Леонтьев парадоксы
Халықаралық сауда дегеніміз – халықаралық тауар-ақша қатынастары ортасымен әр түрлі елдердің сатып алушылары мен сатушылары арасындағы еңбек өнімдерін (тауар қызметі) айырбастаудың арнайы формасы. Халықаралық сауда - әлемнің барлық елдерінің сыртқы саудаларының жиынтығы.
Меркантелизм теориясы
XV-XVII ғасырларда феодализмнің күйреуінен, капиталистік өндіріс қатынастарының пайда болуы кезінде, Меркантелистіктің экономикалық ілімі сыртқы сауданың мәні мен мақсатын анықтауға тырысты. Олардың пікірінше, экономикада айналыс сферасы басты роль атқарады. Осы көзқарасқа байланысты, қай ел болмасын, оның байлығы құнды, бағалы заттарымен, ең алдымен, алтын мен бағалы металдарды иемденумен анықталады. Сондықтан, меркантелизм өкілдері (Т. Мэн (кейбір әдебиеттерде Т.Ман деп беріледі) және А. Монкретьен) елдің алтын қорын көбейтуді ең басты мақсат, яғни, ең алдымен, сыртқы сауданы алтынмен қамтамасыз ету қажет деп санайды.
Мұндай тауарларды экспортқа шығару көлемі импорттан артық болуы немесе активті сауда байланысымен жүзеге асырғанға тең болады. Осылайша мемлекет тарапынан сыртқы сауда иесіне әртүрлі жолдармен белсене араласып отырып, осы сфераға қатаң бақылау жасау керек. Сауда саясаты сыртқа тауар шығаруды көтермелеп, ал, сырттан тауар әкелуді шектеуге, сырттан әкелінетін тауарларға баж салығын қоюға бағытталған.
Халықаралық сауданың классикалық теориялары
Салыстырмалы артықшылық теориясы
Давид Рикардоның салыстырмалы артықшылық теориясы
альтернативті баға түсінігін, басқа тауарлар бірлігін өндіруге қажет жұмыс уақытымен көрсеткен, бір тауар бірлігіне қажетті жұмыс уақыты қолданылады.
Салыстырмалы артықшылық теориясы, егер, елдер басқа елдермен салыстырғанда, аз шығынмен тауар түрлерін өндіруге маманданса, онда сауда бұл тауарларды өндіруге елдің абсолютті артықшылығы бар немесе жоқтығына қарамастан екі жаққа да пайдалы болады. Сыртқы сауда жағдайы нақты елдің экспорттық бағасының импорттық бағаларына қатысты:
- Нақты елдердің экспорттық бағасының қозғалысын көрсететін индекс –
Рх =∑ хі Рі
Мұндағы: хі - белгілі і тауардың ағымдық жылдағы соммалық экспортының үлесі.
Рі – нақты тауардың ағымдағы бағасының, белгілі і тауардың ағымдық жылдағы бағасына қатысты.
- Нақты елдің импорттық бағалық қозғалысын көрсететін индекс.
Рm =∑ mі Рі
Мұндағы: mі – белгілі тауардың бағалық жылдағы соммасының импорттық үлесі.
Рі – нақты тауардың ағымдағы бағаның белгілі і тауардың бағалық жылға бағасына қатысады.
- Сыртқы сауда жағдайы.
Т= Рх / Рm
Бұл көрсеткіштер нақты елдің сауда жағдайының жақсаруын немесе нашарлауын көрсетеді.
Бәсекелестік артықшылықтар теориясы
Бәсекелестік артықшылық теориясының пайда болуына себепші болған факторлар:
1.Әлемдік экономикада және халықаралық бәсекеде нақты өзгерістер болды. Бұрынғы классикалық теория бәсекелестік артықшылықты сипаттауға қабілеті болмады.
...