Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тапсырмадағы қиындықтарды жеңуге ерік қалыптастыру

Автор:   •  Сентябрь 29, 2021  •  Эссе  •  609 Слов (3 Страниц)  •  563 Просмотры

Страница 1 из 3

     Тапсырмадағы қиындықтарды жеңуге ерік қалыптастыру                           тақырыбында эссе  

Дене тәрбиесі ерік-жігерді тәрбиелейді. Бүгінде қазақстандық қоғамда дене тәрбиесіне деген көзқарас түбірімен өзгеріп келеді. Бұл сабақ республика мектептерінде жаңа әдістемелер мен технологиялар арқылы оқытыла бастады. Республика мектептеріндегі дене тәрбиесі пәнін өткізу ісіне жаңа технологиялар енгізілмесе, ешуақытта толыққанды тұлға тәрбиелей алмаймыз.

Бірінші кезекте дене тәрбиесі жүйесінің қалыптасуы мен іргелі дамуының басты заңдылықтарын зерделеп алған жөн. Содан соң оның атқаратын қызметі мен құрылымын тани түсуге мүмкіндік ашылады. Бұл бүгінгі ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз етуіне қажетті басты факторлар.  

Дене тәрбиесі ұғымының ауқымы мен арнасы өте кең. Біз оны тек денешынықтыру сабағы деп түсінсек қателесеміз. Керісінше, бұл – сабақтан да, мектептен де тыс денсаулықты нығайтуға байланысты шаралар жүйесі. Еліміздегі білім беру саласына жүктелген қазіргі басты міндеттердің бірі – жеке тұлға тәрбиелеу десек, бұған дене тәрбиесі жүйесі зор үлес қоса алады. Әрі мұндағы оқыту тәсілі жас ұрпақтың денсаулығын нығайту ісімен қоса жүргізіледі. Осы арқылы болашақ тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қажеттіліктерді жан-жақты жетілдіруге болады. Әрі мұның өзі белсенді азаматтық ұстаным мен ізгі қатынастарды дамытудың алғашқы баспалдағы іспеттес.  

Дене тәрбиесіндегі жаңа технологиялар мен озық тә­жірибе дегеніміз құрғақ, жалаң ұғым емес. Бұл ұлттық жә­не жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен са­бақтастырыла қаралмаса, күткендегідей нәтиже бере алмайды. Қазіргі педогогика ғылымының алдында тұрған бас­ты міндеттердің бірі де – осы. Түптеп келгенде мұ­ның мәнісі дене тәрбиесін бүгінгі заман талабына сәй­кес­тендіру деген сөз болып шығады. Әр адамның өмірі – өзі өмір сүрген ортаның жемісі. Сол ортадағы дене мә­дениеті – адамгершілік қарым-қатынастарды дамы­ту­дың бір бағыты.

Дене тәрбиесі жас жеткіншіктерге сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісінің ажырамас бір бөлігі. Сондай-ақ ол жеке тұлғаның жан-жақты әрі қуатты болып өсуінің бір кепілі. Осы арқылы өндірістік және шығармашылық еңбекке төзімді, ерік-жігері мол адам қалыптастыруға әбден болады. Отансүйгіштік пен патриотизмге баулу ісіне де дене тәрбиесінің тигізетін пайдалы әсері жоғары. Болашақ ұрпақ денсаулығының мықты болуы және саламатты өмір салтын ұстануға бағдар алуы біздерге, республика мектептеріндегі денешынықтыру пәні мұғалімдеріне де байланысты.  

...

Скачать:   txt (8.3 Kb)   pdf (66.6 Kb)   docx (9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club