Еуразия. Еуразиядағы қыпшақтардың шекарасы, XIғ соңы — XIIғ басы
Автор: 1993_bauka • Декабрь 20, 2017 • Курсовая работа • 4,060 Слов (17 Страниц) • 1,523 Просмотры
Алматы энергетика және байланыс институты
Электрэнергетика факультеті
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
Қазақстан тарихы
№1 сесеместрлік жұмыс
Тақырып: Қыпшақтар Евразия тарихында.
Орындаған: Тойшанов Б.Қ.
БЭк 11-5 тобының студенті
Тексерген: Жұмағұлов М.Д.
Алматы 2012
КІРІСПЕ
«Қыпшақ» атауы бірінші рет 760 ж. Шина Усу ескерткішінде ежелгі түріктің руналық ескерткішінде аталады. Махмұт Қашқари еңбегі бойынша, 9 ғ-дағы Қыпшақтардың құрамына имақ, субар, қаңлы, қарабөрікті, тоқсаба, жете, бөрлі, т.б. рулар мен тайпалар енген. Қыпшақтар ең әуелі Алтай, Саян тауларының баурайларын мекендеген. Қазақстан жерінде қыпшақ этникалық қауымдасуын үш кезеңге бөліп қарауға болады. Бірінші кезең, қыпшақтардың қимақ тайпалық одағында болуы: VII ғасырдың екінші жартысы – VIII ғасырдың соңына дейін. Екінші кезең: VIII ғасырдың аяғы – XI ғасырдың басы. Бұл кезде қыпшақтар Алтай және Ертістен Орал таулары мен Еділге дейін қоныс тепті. VII ғасырда олар Қазақстан жеріне Алтайдағы теле тайпаларының құрамында қоныс аударып келген. Мұсылман деректеріне қыпшақтар түңғыш рет араб географы Ибн Хордабсхтің жылнамалық жағынан VIII ғ. жататын, түрік тайпаларынын, тізімінде көрсетіледі. 656 ж. Батыс түрік қағанаты құлағаннан кейін Алтай тауының солтүстік жағы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтардын топтары кимақтардың басшылығымен тайпалар одағының өзегін құрайды. Алайда негізгі қыпшақ тайпаларының өзін өзі билеуге ұмтылуы, VIII ғ. соңында оларды қимақ одағынан бөлініп, олардан әрі, батысқа қарай көштіс. Бірақ қыпшақтар толық тәуелсіздікке жете алмады. IX-X ғғ. қыпшақтар тарихы қимақтармен бірге өрледі. Қыпшақтар қимақ қағанатына саяси тәуелді болды, Қимақ қағанаты құрамына кірді. Еліміз егемендігін алғаннан бері Қазақстанның саяси жағдайы күрт өзгерген кезде тарихымызды зерттеу саласында үлкен бетбұрыстар болды. Әсіресе, бүгінгі күні Қазақстан Республикасы өзінің жиырма жылдығын атап отырған уақытта қазақ халқының рухани өрлеуі мен тарихи санасының қалыптасуы заманында өзінің көршілес және алыс халықтармен және мемлекеттермен ғасырлар бойындағы болған қарым-қатынастары мен байланыстарына деген қызығушылығы едәуір артып отыр. Осы орйда, халықаралық аспектіге ие қыпшақ факторының белгілі ғылыми мағынаға бөленуі кездейсоқтық құбылыс емес. Өйткені, қыпшақтар ортағасырдың ең ірі этникалық топтарының бірі ретінде бірқатар түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының қалыптасуында елеулі рөл атқарумен қоса, Еуразия мен Жерорта теңізі аймағындағы бірсыпыра шетел этностары мен мемелекеттерінің тарихында өздерінің өшпес іздерін қалдырды.
Кіріспе
- Еуразия. Еуразиядағы қыпшақтардың шекарасы, XIғ соңы — XIIғ басы................................................................................................................4
- Қыпшақтар – Атын орда дәуірінде ............................................................5
- Алтын Орда немесе қыпшақ мемлекеті....................................................9
- Қазақ хандығы Қыпшақ ұлысының мұрагері...........................................11
- Мәмлүктер...................................................................................................12
- Қорытынды..................................................................................................14
- Қолданылған әдебиеттер............................................................................15
Еуразия. Еуразиядағы қыпшақтардың шекарасы, XIғ соңы — XIIғ басы.
Қыпшақтар—XI ғасырдың басында бұрынғы қимақ, қыпшақ және қуман тайпалары қоныстанған аумақта әскери-саяси үстемдік қыпшақ хандарының қолына көшті. Қыпшақтардың билік басына келген билеуші әулеттік шонжарлары оңтүстік және батыс бағыттарда белсенді қимыл жасай бастады, мұның өзі оларды Орта Азия мен Оңтүстік-Шығыс Еуропа мемлекетімен тікелей белсенді қарым- қатынас орнатуға жеткізді.
XI ғасырдың екінші ширегінде қыпшақтардың әскери-тайпалық шонжарлары Сырдарияның теменгі және орта аңғарынан, Арал өңірі мен Каспий өңірі далаларынан оғыздарды ығыстыруына экономикалық та, саяси себептер де болған еді. Саяси фактор ең алдымен XI ғасырдың бас кезінде Орталық Азия тайпаларының батыс бағытында қозғалуына ұласқан сыртқы оқиғаларға байланысты болатын. Сонымен бірге қыпшақтардың өзін-өзі билеуге және өз мемлекетін құруға ұмтылған әулеттік топтардың орталықтан аулақтау сарынының маңызы аз болған жоқ. XI ғасырдың бірінші жартысында күшейген қыпшақ тайпаларының көсемдері, тегінде, жайылымдық жерлердің тапшылығына ұшырап, сонымен қатар Еділ бойы, Үстірт және Сырдарияның төменгі ағысы арқылы өтетін аса маңызды сауда жолдарын өз бақылауына алуға ұмтылған болса керек. Азияны Еуропамен жалғастырып жатқан жолдың бұл учаскесі маңызды баю жолдарының бірі ретінде мейлінше қажетті болатын.
...