Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сыбайлас жемқорлықты жеңуге болады ма?

Автор:   •  Декабрь 10, 2021  •  Эссе  •  447 Слов (2 Страниц)  •  429 Просмотры

Страница 1 из 2

Эссе

Садыков Парвиз

"Сыбайлас жемқорлықты жеңуге болады ма?"

Бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі-сыбайлас жемқорлықпен күресу. Cыбайлас  жемқорлық  әлемнің кез келген елінде, оның ішінде, Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді. Жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Әлемдік жаһандану кезеңіне аяқ басқан Қазақ елі үшін сыбайлас жемқорлық дерті дамушы елдерге төндіретін қатерлердің ең қауіптісі екендігі даусыз. Сыбайлас жемқорлықпен күресудің тиімді әдістерін таңдауда Қазақстан Республикасы әлемнің өркениетті елдерінің озық технологиясын таңдаумен қатар, өзіндік ұлттық ерекшіліктерді де ескерген абзал. «Сыбайлас жемқорлық» деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны «параға сатып алу», «пара» ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ «corrumpire» түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу» деген түсінік беріп, құқыққа қарсы іс - әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.Сыбайлас жемқорлық-заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған дерттің бірі. Бұл дерт дамушы елдердегідей жас мемлекетімізге  де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Ұлт Жоспары-қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесіне  ерекше мән беріп, Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұлттық бюросы құрылды.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен барынша күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады. Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

...

Скачать:   txt (6.9 Kb)   pdf (51.8 Kb)   docx (8.5 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club