Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ерік және оны оқушы тұлғасына қалыптастыру жолдары

Автор:   •  Ноябрь 22, 2018  •  Реферат  •  3,404 Слов (14 Страниц)  •  2,056 Просмотры

Страница 1 из 14

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  УНИВЕРСИТЕТІ

ЖОБА

 Пәні:   Психология

Тақырыбы:    Ерік және оны оқушы тұлғасына қалыптастыру жолдары

 

 Дайындағандар : Қайыржанова Асылай

 Аманкелдинова Наргиз

Әтенова Нұрғаным

Есенжанова Айдана

 Мамандығы : 5В010500-Дефектология

                                                                Тексерген: аға оқытушы Тукебаева С.А.

Алматы, 2018 ж.

               

                                                      Аңдатпа 

Зерттеудің мақсаты: Ерік туралы жалпы түсінік беру және балада ерікті дамыту мен қалыптастырудың нақты  жолдарын, практика жүзінде қолданатын әдіс–тәсілдерін ашып көрсету. 

Зерттеудің міндеті: Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың ерік-жігер сферасын қалыптастыру. 

Теориялық және практикалық маңыздылығы: Жобада тұлғаның негізгі сапалық қасиеті- ерік-жігер сферасына психологиялық тұрғыда анықтама беріліп, оны адамның , соның ішінде мектеп оқушыларының бойына қалыптастыру мен дамытудың айқын жолдары көрсетілген.

Зерттеу объектісі: Тұлғаның негізгі психикалық қасиеті -  ерік-жігер сферасы және оны қалыптастыру мен дамыту жолдары.

 
Зерттеу өзектілігі: Адамның мақсаты, қалауы, әр түрлі істерді орындауға ұмтылуы барысында жасалатын қимыл әрекеті адамның ерік – жігер сферасынан көрінеді. Баланың бойына психологиялық тренингтер, түрлі жаттығулар, әдіс- тәсілдері пайдалану  арқасында ерік-жігер сферасын дамытуға мүмкіндік зор.

Зерттеу кезеңдері: Жоба кіріспе, негізгі бөлім: Балада еріктің дамуы және оны тәрбиелеу; ерік-жігерді қалай дамыту қажет?; ерікті тәрбиелеуде қолданылатын тренингтер ; қорытынды, қосымшалар, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Зерттеу нәтижесі: Біз  бұл жобаның нәтижесінде  тұлғаның ерік- жігер сферасын жан- жақты қарастыра отырып, оны қалыптастыру, тәрбиелеу, дамытудың негізгі жолдары мен қағидаларын, психологиялық тұрғыда әдіс- тәсілдерін қолдана отырып жеке тұлғаның  өз еркін тәрбиелей  алуға мүмкіндік бар екеніне көз жеткіздік.

        

 

Мазмұны:

I.Кіріспе        

II.Негізгі бөлім

2.1.  Балада еріктің дамуы және оны тәрбиелеу.

2.2.  Ерік-жігерді қалай дамыту қажет?

2.3. Ерікті тәрбиелеуде қолданылатын тренингтер

III.Қорытынды

ІV. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Ерiк - адамның өзiнiң психикасы мен қылықтарын саналы басқару қабiлетiнен көрiнетiн қасиет. Ол саналы қойылған мақсатқа жету жолында кездескен кедергiлердi жеңуден көрiнедi. Ерiк адам психикасының маңызды құрауышы болып табылады және мотивтермен, таным және эмоциялық процестермен тығыз байланысты. Ерiктiң негiзгi функциясы (қызметi) өмiр әрекетi барысындағы қиын жағдайларда белсендiлiктi саналы түрде реттеуден тұрады. Сонымен қатар, ерiктiң өзге екi қызметiн бөлiп көрсетуге болады: белсендiрушi және тежеушi. 
Ерiктiң арқасында адам өз қалауы бойынша, саналы ұғынылған қажеттiлiктен шыға отыра, алдын ала ойлаған, жоспарлаған әрекеттерiн жүзеге асыра алады. Ерiк белгiленген мақсатқа жету жолында адам бойын кернеген эмоция мен сезiмдердi тежеп отыратын, қуаныш пен қызығу тудырмайтын, алайда қажеттi iс үшiн жағымды жайттардан бас тартуға мәжбүрлейтiн мiнез-құлықтың реттеушi қасиетi боп табылады. Сонымен, ерiк бiр жағынан, адамның әрекетiн бағыттайды не тежейдi, екiншi жағынан, белгiлi бiр талаптар мен мiндетттерден шыға отыра психикалық iс-әрекеттi ұйымдастырады. 
     Ерiктiк реттеу пайда болу үшiн белгiлi бiр шарттар болуы тиiс. Ең әуелi- кедергi-  қиындықтардың болуы. Адам мақсатқа жету жолында қиындыққа кездескен жағдайда ғана ерiк көрiнедi. Бұл кедергiлер сыртқы не iшкi болуы мүмкiн. Сыртқы кедергiлерге уақыт, кеңiстiк, заттардың физикалық қасиеттерi, өзге адамдардың қарсы iстелетiн әрекеттерi жататын болса, iшкi кедергiлер мазмұнына- адамның қатынасы мен бағдары, бiлiмiнiң аздығы, ерiншектiгi, енжарлығы,ықыластың жоқтығы, шаршауы, сырқат күйi және т.б. кiредi. Сыртқы және iшкi кедергiлер санада бейнелене отыра, ерiктiк күш салу тудырады. Ол қиындықты жеңге қажет тонус жасайды, жұмылдырады. 
Өмiр практикасында жеке қылықтар мен әрекеттерден тұлғаның ерiктiк ұйымдасуы қалыптасады. Ерiктiк қасиеттер тұлғаның ажырамас белгiсiне айналады. 
Ерiк əрекеттерiн орындауда адамның саналы əрi мақсатты қимыл-қозғалыстарын реттеушi екiншi сигналдық жүйенiң маңызы орасан. Екiншi сигналдық жүйе адамның қозғалыс қуатын арттырумен бiрге, барша психикалық процестерiнiң: ойлау, қиял, ес, зейiн, сезiм - бастау көзi. Осыдан, ырықты əрекет бас миы қабығының барша бөлiктерiнiң бiркелкi қызметiнiң нəтижесi ретiнде көрiнедi (И. П. Павлов).  Еріксіз қозғалыстарда тумалық қасиет болса, ерікті қозғалыстар өмірде жүре-бара қалыптасады.

...

Скачать:   txt (45.4 Kb)   pdf (251.1 Kb)   docx (31.6 Kb)  
Продолжить читать еще 13 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club