Аймақтардың инновациялық даму механизмдерін жетілдіру
Автор: botagoz_2077 • Январь 5, 2018 • Реферат • 3,518 Слов (15 Страниц) • 986 Просмотры
Экономиканы басқарудағы жинақталған әлемдік тәжірибелерін жан-жақты зерттемей экономиканы мемлекеттік басқарудың жаңа сатысына өту мүмкін емес. Дамыған шет мемлекеттердің аймақтық саясатты жүзеге асыру барысындагы тәжірибелерін ескеру қажет екендігі айқын. Өйткені, ел экономикасын басқарудың орталықсыздандырылған жаңа жүйесіне өту барысында әлемдік тәжірибеде бар модельдерді, түжырымдарды ескере отырып, елдің саяси, әлеуметтік экономикалық дамуына, ұлттық ерекшеліктеріне қарай аймақтық саясатты жүзеге асыруда өз мемлекетімізге тән үлгісін қалыптастыруға тиіспіз. Осы орайда бірқатар шет мемлекеттердің аймақтық саясатты қалыптастыру, оны жүзеге асыру бағытындағы оңды тәжірибелерін ұсынуды жөн санаймыз.
Аймақтық саясатты жүзеге асырудың әртүрлі модельдерін қарастыру барысында әрбір елдің өзіндік даму ерекшеліктерін ескере отырып тиімді аймақтық саясатты жүзеге асыруға қол жеткізуге болатынын ұмытпау керек. Осы мақсатта дамыған елдердің тәжірибесінен аймақтық саясат обьектілері-аймақтарды таңдау кезінде жұмыссыздық деңгейі, демографиялық көрсеткіштер, халықтың орналасу тығыздығы, жан басына шаққандағы ЖІӨ, халықтың табысы, инфрақұрылым көрсеткіштері және т.б. қолданылады. Осы көрсеткіштер көмегімен дамыған шетелдерде аймақтық саясат обьектілерін таңдауда басты назарда қандай көрсеткіштер есепке алынатынын 2-кесте арқылы көрсетуге болады.
Мемлекеттің құрылымы аймақтық саясат саласындағы өкілеттіліктерді орталықсыздандыру немесе бөлу деңгейін анықтайды. Егер Европалық Одақтың мүше елдері арасында жүргізілетін аймақтық саясат аймақтар өкілеттілігін кеңейту құралдары мен механизмдерін әзірлеу көз-қарасынан және өз елі деңгейінде ғана емес, сонымен қатар Европалық Одақ деңгейіндегі қабылданатын шешімдерге олардың толыққанды қатысуы жағынан алып қарайтын болсақ өзіндік ерекшелікке ие [16].
Кесте 2 – Аймақтық саясат обьектісі - аймақтарды таңдауда әртүрлі елдерде қолданылатын көрсеткіштер
Елдер | Жұмыссыздық деңгейі | Еңбек нарығының даму болжамы | Демографиялық көрсеткіштер | Халықтың нашар қоныстануы | Жан басына шаққанда ЖІӨ | Құрлымдық көрсеткіштер | Халықтың табысы | Инфрақұрылым көрсеткіштері | Басқада көрсеткіштер |
ЕО | + | + | + | ||||||
Ұлыбритания 1984 ж. | + | + | + | + | |||||
Ирландия 1952 ж. | + | ||||||||
Германия 1969 ж. | + | + | + | + | |||||
Франция 1964 ж. | + | + | + | ||||||
АҚШ 1965 ж. бастап | + | + | + | + | + | + | |||
Түркия 70-жж. | + | + | + | + | |||||
Чехия 1993 ж. | + | + | + | + | + | + | + | + | + |
Словения1971 ж. | + | + | + | + | + | ||||
Дерек көзі: Кузнецова О.В. Экономическое развитие регионов: теоритические и практические аспекты государственного регулирования. М., 2005 |
...