Тұрғын үйге меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтардың құқықтық реттелуі
Автор: aliya999 • Март 27, 2018 • Курсовая работа • 24,007 Слов (97 Страниц) • 1,099 Просмотры
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Конституциясының 6-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді [1]. Яғни, меншік иелеріне тиісті құндылықтарды қамтамасыз етудің бірден-бір жолы болып табылады. Осыған орай, адам өмірінің басты материалдық жағдайларының бірі тұрғын үй болып табылады. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 1-бабының 28-тармағына сәйкес, тұрғынжай – тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық, техникалық және басқа да міндетті талаптарға сай келетін жеке тұрғын үй бірлігі болып табылады [2]. Заңнама жеке тұрғын үй құқықтық қатынастары ретінде тұрғын үй қорын (тұрғын үй қоры жалпы алғанда азаматтық құқықтардың объектісі болып. табылмайды) пайдаланумен байланысты құқықтық қатынастарды да ажыратады. Ол өз кезегінде тұрғын үйге меншік құқығын жүзете асырумен және оларды пайдаланумен байланысты туындайтын жекелеген құқыктық қатынастардың құрылымы үшін манызды болып келеді.
Қазақстан Республикасы тұрғын үй қорының құрамына жеке тұрғын үй қоры мен мемлекеттік тұрғын үй қоры кіреді. Жеке тұрғын үй қоры мемлекеттік емес меншік нысанына негізделген азаматтар мен занды тұлғаларға меншік құқығы негізінде тиесілі тұрғын үйлерді қамтиды. Мемлекеттік тұрғын үй қорына меншік құқығымен мемлекетке (әкімшілік-аумақтық бөлініске) қарасты және жергілікті аткарушы органдардың қарамағындағы (мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қоры) не мемлекеттік кәсіпорын қарамағындағы (мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қоры) тұрғын үйлер кіреді. Сонымен қатар, тұрғын үй қоры - бұл азаматтардың (жеке тұлғалардың) тұрақты тұруы үшін және уақытша тұруы үшін де (пайдалану сипатына орай) арналған барлық үй-жайлардың жиынтығы деуге болады.
Жеке-құқықтық сипатқа ие тұрғын үй құқықтық қатынастары тұрғын үйлерді иелену мен пайдалану жөніндегі меншік құқығының және өзге де заттық құқықтардың туындауы мен тоқтатылуының, сондай-ақ тұрғын үйлерді пайдалану бойынша міндеттемелік құқықтардың негіздерімен байланысты. Бұл құқықтық қатынастардың маңыздылығы - олардың көмегімен тұрғын үйлерді пайдалану тәжірибе жүзінде жүзеге асатындығында және сол бір немесе өзге құқықтық қатынастар қатысушыларының өзара әрекеттестігінің меселелері шешілетіндігінде.
Тұрғын үй құқықтық қатынастарын жалпы сипаттай отырып, олар азаматтардың тұрғын үйлерді иелену мен пайдаланудағы қажеттіліктерін жүзеге асырумен, сондай-ақ тұрғын үй аясындағы азаматтардың құқықтарын сақтау жөніндегі мемлекет бақылауымен және тұрғын үй қорын пайдаланумен байланысты қоғамдық қатынастарды білдіретіндігін атап өтуге болады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Зерттеу жұмыстың мақсаты тұрғын үйге меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтардың құқықтық реттелу механизмін зерттеп, туындаған мәселелердің шешу жолдарын ұсыну.
Зерттеу жұмысымның мақсатына қол жеткізу үшін мына міндеттердің шеңберін қарастыру орынды:
- тұрғын үй құқықтық қатынастарының пайда болуының түсінігі мен тұрғын үй қатынастарының түрлерін сипаттау;
- тұрғын үйге меншік құқығын жүргізу нысандарына талдау жасау;
- теориялық және нормативтік құқықтық актілердің негізінде зерттеу;
- тәжірибе материалдарын зерттеп, талдау жасау;
- туындаған мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу.
Зерттеу объектісі. Зерттеу жұмыстың объектісі болып, тұрғын үйге меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарда кездесетін қоғамдық қатынастар.
...