Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мұнай өндіретін ұңғымалардың жіктемесі. Ұнғыма пайдалану кезіндегі қиындықтар туралы түсінік

Автор:   •  Январь 23, 2018  •  Курсовая работа  •  6,446 Слов (26 Страниц)  •  1,647 Просмотры

Страница 1 из 26

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 4

1ҰНҒЫМАНЫҢ ҚҰМ ТЫҒЫНДАРЫМЕН КҮРЕСУ ӘДІСТЕРІ

1.1 Мұнай өндіретін ұңғымалардың жіктемесі.

Ұнғыма пайдалану кезіндегі қиындықтар туралы түсінік 6

1.2 Құм тығындарының пайда болуы 10

1.3 Құм тығындарымен күресу әдістер 12

2 СКВАЖИНАНЫҢ ТҮП МАҢЫ АЙМАҒЫН ҚҰМ

ТЫҒЫНЫНАН ТАЗАРТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

2.1 Құм тығындарын тазалау технологиясы 19

2.2 Құм тығының сумен жуғандағы гидравликалық есебі 25

2.3 Құбырдағы құм тығындарын ұңғыда жуу кезіндегі

жұмыстардың қауіпсіздігі 33

ҚОРЫТЫНДЫ 34

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 37

КІРІСПЕ

Мұнай өндіру ұңғымаларынан құмның шығуы және түп аралық аймақтағы әлсіз цементтелген коллекторлардың бұзылуы ұңғыма жұмыстарын айтарлықтай қиындатады. Бұл құбылыспен күресудің әртүрлі әдістері бар екені белгілі. Оның ішінде, механикалық әдісі – қыш, шыны, фарфор, металл және маталық сүзгілердің көптеген құрылғылары жан-жақты қолданысқа ие. Олардың беріктігінің төмендігі және материалының технологиялық нашарлығына байланысты, мұндай сүзгілерді қолдану қиындық туғызады. Дегенмен ең бастысы регенерацияның мүмкін болмауы, яғни жай операциялар кезінде сүзгі қабілеттілігінің тікелей түпте өз қалпына келуі.

Қазіргі таңда ұнтақты металлургиялық өнім - қуыстық металлқыш материалдарының болашағы зор. Олардың салыстырмалы жоғары беріктікке, тоттану мен термиялық шыдамдылыққа, биологиялық инерттілікке және жақсы өткізгіштік қабілеттері бар.

Терең қабаттардан құм шыққанда сүзгілерді пайдалану кезінде олардың беттеріне қатты түйіршіктердің отыру үрдісі сүзгінің жұмысын күрделендіре түседі. Мұнай мен газ өндірісінің бұрғылаудан бастап өнімді тасымалдауға дейінгі барлық технологиялық процестерді механикалық болып табылады. Технологиялық циклде мұнай кен орындарын тікелей игеру процестері өзекті орын алады.

Шығатын ағынның аз жылдамдығы кезінде, әсіресе түп пен СКҚ башмагының арасында және тұрақты емес құм коллекторларын пайдалану кезінде, түпте құм жиналып, құм тығыны пайда болады, ол сұйық ағынын төмендетіп, фонтандауды тоқтатады. Бұл құбылыспен күрес СКҚ башмагын төменгі перфорациялық саңылауға дейін түсіру арқылы немесе ұңғыманы периодты жуу арқылы (бұл кезде құмды тығын жуылып, жер бетіне жуу сұйығы ағынымен ағып кетеді) жүргізіледі. Ұңғыманың жуу тереңдігі артқан сайын, терең және тығыз коллекторды ашқандай құм шығару сирек құбылыс болады. Мысалы, кейбір оңтүстік өңірлерде орналасқан мұнай кен орындарындағы (Краснодар, Баку, Түркмения) ұңғымаларды пайдалану кезінде қиындықтар туғызады.

Дегенмен, бүгінгі күнге дейін мұнай саласында маңызды орын алатын, терең қабаттардың мұнай бергіштігін көбейтудің жинақталған әдістерінің теориялық зерттеулері, зертханалық, нақты және өндірістік сынақтары жүргізілмеген.

Курстық жұмыстың мақсаты: скважинаның түп маңы аймағын құм тығынынан тазарту технологиясын талдау.

Курстық жұмыстың міндеттері: түпте құм тығындарының пайда болуын, өндіру ұңғыларды құм тығынынан тазалау әдістерін және оларды пайдаланудың тиімділігін сипаттау .

Курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытыныдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

...

Скачать:   txt (85.3 Kb)   pdf (114.6 Kb)   docx (43.2 Kb)  
Продолжить читать еще 25 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club