Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Балалардағы созылмалы холецистит

Автор:   •  Март 15, 2022  •  Контрольная работа  •  834 Слов (4 Страниц)  •  258 Просмотры

Страница 1 из 4

 №28 Балалардағы созылмалы холецистит

Бала, 9 жаста аурухана бөліміне мынадай шағымдармен түсті іштің жедел ауырсынуына және оң жақ қабырға астындағы ауырсынуға, жүрек айну және тамақтанғаннан кейін бірнеше рет құсу.

Ауру тарихы: Іштің ауыруы мектепте май, жұмыртқа және энергетик сусыны , қуырылған бәліштен тұратын түскі астан кейін 10-15 минуттан кейін пайда болған. Ауыру сезімінің оң жақ иыққа және жауырынға беріледі. Сонымен бірге балада астеновегетативті бұзылыстарда байқалады. Бас ауыру, шаршағыштық, ұйқышылдық.

Өмір тарихы бойынша баланың анасы холепатиямен, әкесі созылмалы панкреатитпен , атасы - созылмалы холециститпен ауырады.

Қарап тексергенде: Баланың жағдайы орташа.Баланың салмағы 34 кг, бойы – 124 см. Баланың тамақтануы жоғарылаған, терісі сәл мұзданға. Дене температурасы 35,9.ТЖ 20. ЖСЖ 90 рет минутына. Ішті пальпациялағанда бұлшықеттің орташа кернеуі және оң жақ қабырға астында ауырсыну. Бауыр қабырға доғасынан 1,5 см шығады.Бауырдың шеті жұмсақ, орташа ауырады. Ортнера, Керра, Егорова, френикус оң белгілері анықталды. Стул жарықтандырылған, әрленген.

Жалпы қан анализі: эр - 4,3х1012 / л, НВ - 120 г / л, Т:К- 0,9; лейк. -12 x109 / л, э - 4%, т\н - 3%, с/н- 47%, л - 38%, м - 8%, ЭТЖ - 11 мм / сағ.

Жалпы зәр анализі: түсі - сары, рН - 6,4, мөлдірлігі - толық емес, зәрдің салыстырмалы тығыздығы - 1023, белок - жоқ, глюкоза - жоқ, эп. кл. - көру аймағындағы жалғыз жасушалар, лейкоциттер - 2 көру аймағында, шырыш - жоқ, тұз – жоқ .

Биохимиялық қан анализі: жалпы белок 74г/л , билирубин 32 мкмоль/л , тікелей билирубин – 20мкмоль\лХолестерин 4.6ммоль/л , глю 4.7 , Амилаза - 80 \нормада 120 \, СФ 160 \Нормада 140\, АЛТ 50 \нормада 40\, АСТ – 60 \40\

Копрограмма: Түсі - қара-қоңыр. Иісі тән, әлсіз. Реакция аз сілтілі болады.Шырыш жоқ

Іш қуысы мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі: бауыр - үлкеймеген, контурлары тегіс, паренхимасы біртектес, эхогенділігі күшейген, тамырлы тор кеңеймеген, қақпа венасы кеңейтілген емес ; өт қабы - қалыпты пішін, қабырға қалыңдығы 4 мм дейін (норма - 2 мм-ге дейін), мойын аймағында мөлшері 8х10 мм болатын гиперехоикалық түзіліс анықталды.

1.Негізгі синдромдарды анықтаңыз.

Ауырсыну синдромы: іш ауырсыну, оңжақ қабырға асында ауырсыну және оның оңжақ жауырынға және иыққа таралуы

АІЖ бұзылуы синдромы: Диспепсиялық бұзылыстар- құсу, жүрек айну.

Астеновегетативті синдром: бас ауыру, шаршау,ұйқышылдық.

2.Тексеру нәтижелеріне интерпретация жасау

Жалпы қан анализі бойынша өзгерістер:лейкоцит мөлшері мен ЭТЖ мөлшері жоғарылаған. Лейкоцитоз және ЭТЖ жоғарылауы қабыну белгілері болып табылады.

БҚА: сілтілі фосфотаза және АЛТ,АСт деңгейлері қалыптыдан ауытқыған.

Жалпы зәр анализі:қалыпты

3.Болжам диагнозды негіздеу.

Баланың шағымдары және анамнезі тексеру нәтижелері барлығы диагнозды қоюға себеп бола алады. Диагноз: Созылмалы холецистит

4.Зерттеу жоспары.

Шағымдары және анамнез: Шағымдары: Оң қабырға доғасы аймағындағы тұйық ұстамалық ауру (әсіресе майлы және қуырылған, ащы тағамдарды, газдалған сусындарды қабылдаған соң), ауызда ащы дәмнің сезілуі: • құсу; • кекіру; • тәбеттің төмендеуі; • іш өту не іш қату; • дерматиттер; • бас ауруы; • әлсіздік; • шаршау. Анамнез: • дұрыс тамақтанбау; • билиарлы жолдың дисфункциясы; • аз қозғалу; • кейбір дәрілік препараттарды көп қолдану;

• өт қабының атониясы; • даму ақаулығы; • тұқымқуалау. Физикальды зерттеу: Оң қабырға аймағындағы бұлшықеттер резистенттілігі, «өт қаптық» симптомдардың оң болуы: Кер (өт қап нүктесіндегі ауру сезімі), Ортнер (оң қабырға доғасын қиғаш қолмен соққылағандағы ауру сезімі), Мерфи (демді ішке тартқан қалпында оң қабырға аймағын пальпациясы кезіндегі ауру сезімі), оң қабырға доғасының пальпациясы кезіндегі ауру сезімі созылмалы холециститті көрсетеді. Зертханалық зерттеулер: ЖҚТ (лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ жылдамдауы), дуоденальды сұйықтық құрамын бактериологиялық, цитологиялық және биохимиялық зерттеу (салыстырмалы тығыздықтың төмендеуі, тұтқырлығының жоғарылауы, рН қышқылды ортаға ауысуы, өт қышқылдарының мөлшері, билирубиннің төмендеуі). Аспаптық зерттеу: УДЗ – өт қабының 2 мм-ден артық тығыздалу мен қалыңдануы, жоғарғы бөлігінің қалыптыдан 5 мм-ден артық ұзаруы, паравизикальды эхонегативтіліктің болуы, сладж-синдромы (Өт қабы қабынуының халықаралық критериі, Вена, 1998); ФГДС – асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөлімдерінің шырышты қабатын, соның ішінде Одди сфинктерін көруге мүмкіндік беретін диагностиканың эндоскопиялық әдісі. Сонымен қатар ФЭГДС кезінде өт зерттеуге алынады; Холангиохолецистография — өт қабы мен өт жолдарының анатомиялық және функциональдық жағдайын, олардағы конкременттердің, (өттас ауруы), қабынулық өзгерістердің (холецистит, холангит), іш босауының бұзылыстарының (дискинезиялар) бар жоғын анықтауға мүмкіндік береді; Эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография – зерттеу кезінде барлық өт шығару жолдарының көрінісін, сонымен қатар әртүрлі толу ақауларын көруге болады. Диагностикалық мүмкіндіктермен қатар, өт шығару жолдарының дистальды бөлімінде орналасқан тастарды алып тастау және папиллосфинктеротомия секілді емшараны жасауға болады; Дуоденальды сүңгілеу – өт үлесінің пайда болуы мен көлеміне қарай өттің

...

Скачать:   txt (10.9 Kb)   pdf (126.7 Kb)   docx (11.4 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club