Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Балалардың су-тұз алмасуының ерекшеліктері, семиотикасы

Автор:   •  Апрель 23, 2018  •  Реферат  •  1,425 Слов (6 Страниц)  •  4,208 Просмотры

Страница 1 из 6

МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАГЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

Факультет: жалпы медицина

Кафедра: №1 балалар аурулары неонатологиямен

Пән: Балалар ауруларының пропедевтикасы

Тақырып: Балалардың су-тұз алмасуының ерекшеліктері, семиотикасы.

                                                Орындаған: Кабиева М.Р

Тобы: 408 А

                                                Тексерген: Жилкибаева Б.Ж 

Ақтөбе 2017 ж.

Жоспары:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

    1.Балалардағы су-тұз алмасу.
   2.Су-тұз электролиттер алмасуы бұзылысының себептері және механизмі.

ІІІ. Қорытынды

ІҮ.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе:

        

  • Организм үшін судың маңызы өте үлкен. Ол көптеген органикалық және бейорганикалық заттарды, газдарды, ерітіп олардың тасымалдануын, алмасуын қамтамасыз етеді; организмнің ішкі ортасын бірімен-бірін және сыртқы ортамен байланыстырады. Ересек адам денесінің 60%-ы, жаңа туған бала организмінің 80%-ы судан тұрады. Судың 70%-ға жуығы жасуша ішінде, 30%-ы оның сыртында орналасқан. Тәулігіне организмге түсетін судың мөлшерімен, одан шығарылатын судың арасында қатаң тепе-теңдік болады. Организмде судың алмасуы электролиттердің алмасуымен тығыз байланысты. Судың алмасуы айналымдағы қанның көлемімен және осмостық қысымның деңгейімен реттелінеді. Айналымдағы қан көлемі төмендеуі ірі артериялар мен жүрек қуыстарындағы көлемдік рецепторларды (волюморецепторлар) қоздырып, әлдостеронның түзілуін көбейтеді. Әлдостерон бүйрек түтікшелерінде натрий иондарының кері сіңірілуін ұлғайтады. Натрий иондары қанның осмостық қысымын көтеріп, гипоталамустың осмостық рецепторларын қоздырады. Осыдан гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулалық ядроларында антидиурездік гормон (вазопрессин) түзілуі артады. Осының нәтижесінде бүйректің несепті қоюландыру қызметі атқарылады.

Бала жасындағы су электролиттер алмасуы

Қалыпты жағдайда адам суды екі түрлі жолмен қабылдайды.Ол асқорыту жолдары арқылы әдеттегі суды ішу арқылы қабылдау болса екінші жолы ылғалды ауадағы суды тыныс жолдары арқылы ішке сіңіру.

Балаларда ересектерге қарағанда суға деген мұқтаждық біраз өзгешелеу.Ол жас организмнің өсуіне,зат алмасуының жылдам болуына байланысты.

Бала жасындағы су электролитті баланс бірнеше айырмашылықтары бар.Баланың өзіне қажетті суды ішке қабылдау арқылы қанағаттандырады.Іштегі заттардың қышқылдану әсерінен туындаған судың мөлшері мардымсыз.Мысалы  100  г майлар,көмірсулар және нәруыздар ыдырағанда ,сәйкесінше 107,55 және 41 г су түзіледі.

Ересек адаммен салыстырғанда бала тіні мен ағзаларында көбірек су сақталад,бірақ бала өсе келе оның ағзасындағы су мөлшері азайып ,ересектердегі көрсеткіштерге қарай жақындай түседі.Құрсақ ішіндегі даму кезінде 3 айында баланың жалпы денесіндегі су көлемі 75,5 пайыз алады.Жана туған ,қалыпты,дені сау баланың жалпы салмағының 95,4 пайызы су алады.Бала дүниеге келісімен ағзасындағы суды жоғалта бастайды.Алғашқы 5 жылда балалардағы денесіндегі су мөлшері 70 пайыз ,ал ересектерде 60,65 пайызға тең.Баланың суды жоғалту кезеңі ол өсу кезеңі.Судың біраз мөлшері тыныс алумен,тері бетіннен,зәрмен сыртқы  бөлінумен жүреді.

Баладағы 1 кг салмаққа су мөлшері ересектерден қарағанда көп болғанымен,дене единицасына сай су мөлшері ересектерден аз.Ағзадағы судың ұсталып тұруына,тамақтану ерекшелігі және тіндердегі май көлемі әсер етеді.Тамағында көмірсулар көп болса,тіндердің гидрофильдігі жоғарылайды.Жасушадан тыс және жасуша ішілік судың химиялық құрамы әртүрлі қан плазмасы,интерстициальды сұйықтық.Интерстициалды сұйықтық қаннан жартылай өткізгіш мембранамен шектелген.Ол мембрана нәруыздардың тамырлардан бөлек жаққа өтіп кетпеуін қадағалап тұрады.

...

Скачать:   txt (19.9 Kb)   pdf (292.2 Kb)   docx (49.4 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club