Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеудің әдістемелік негіздері
Автор: talwin95 • Май 16, 2018 • Курсовая работа • 20,645 Слов (83 Страниц) • 1,611 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе | 3 | |
1 | Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеудің теориялық негіздері | 6 |
1.1 | Мүмкіндігі шектеулі балалардың мәселелері | 6 |
1.2 | Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеу шарттары | 17 |
2 | Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеудің әдістемелік негіздері | 31 |
2.1 | Елімізде мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметік бейімдеу тәжірибесі | 31 |
2.2 | Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеудің бағдарламасы | 48 |
Қорытынды | 60 | |
Әдебиеттер тізімі | 63 | |
Қосымша А | 65 | |
Қосымша Б | 71 | |
Қосымша В | 73 |
Кіріспе
Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан мүгедектер үшін көптеген бағдарламалар жасақталып, жұмыстар жүріп жатыр. Соның ішінде кембағал жандарды жұмыспен қамту маңызды мәселе болып табылады. Ел басымызда өзінің соңғы жолдауында осы мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты орынды мәселелер көтеріп, оларды жұмыспен қамтуға ерекше көңіл бөлу керек тігін қадап тапсырған болатын. Қазіргі кезде елімізде мүмкіндігі шектеулі ересек жандарды қоспағанның өзінде 150 мыңнан аса мүгедек бала өмір сүруде.Бұл әрине қынжылтарлық жағдай.«Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қолдау туралы» және «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық көмек көрсету туралы» ҚР-ның Заңдарына сәйкес мүмкіндігі шектеулі жандарға деген мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек етек жинап, ел болғалы толастаған емес. Дегенмен бұл әрине мұндай жағдайда аздық етеді, әлі де болса ойланарлық жағдай. Десек те, даму мүмкіндігі шектеулі, жарымжан жандар үшін ел тарапынан бөлінетін көмек пен қамқорлық шектелмесе екен деген ойдамын. Бұл жандар ондай өмірді таңдап алмаса керек.Мүмкіндігі шектеулі жанды көргеніңде аяушылықпен қарап, бүгініңе шүкіршілік етесің. Ал олардың хал-ахуалын, жүрек түкпіріндегі күйзелісін біз қанша ойланып, тебіренсек те жеткізе алмасымыз хақ. Олар іштей жан азабын тартып, күйзелгенімен өмірде мықты, қандай қиындыққа болсын мойымай, қайсарлық танытқанын көргенде еріксіз қайран қаласың. Мүмкіндігі шектеулі жандардың қозғалыс мүмкіндігі шектелгенімен, жан-дүние кеңістігі аясының тарылып, күйзеліске ұшырауына жол бермеубелгілі бір ұйымдардың міндеті ғана емес, қоршаған ортаның, қалың бұқараның басты парызы.Ал осы мүмкіндігі шектеулі жандар тек қоғамдық қамқорлықпен ғана емес, білім беру саласында да басты назарда. Мұндай жарымжан жандар оң солын танып, білім алып, толықққанды азамат болуы үшін білім беру саласы да, өз мүмкіншілігіне орай біліммен қаруландыруда.Ол үшін арнайы мектептер мен арнайы сыныптар, немесе үй жағдайында білім алуына жағдайлар жасалып отыр. Бұл балаларға арнайы білімі бар педагогиканың, психологияның, дефектология мен логопедияның қыр-сырын терең меңгерген ұстаздар білім беруде.
Қазақстандық зерттеуші ғалым-мамандар Р.А.Сүлейменова, Г.Д.Хакимжанова, А.А.Айдарбекова, Қ.Қ. Өмірбекова, А.А.Байтұрсынова, З.А.Мовкебаева, Г.М.Коржованың еңбектерінде мүмкіндігі шектеулі балалардың өз мүмкіндіктеріне байланысты дені сау қатарларымен тең дәрежеде оқып, тәрбие алуы әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық тұрғыда талданған.[7 23-24]
Отандық ғалымдар Ж.И.Намазбаева, Р.А.Сүлейменова, Қ.Қ. Өмірбекова, К.Б. Бектаева, Г.Д. Хакимжанованың зерттеу нәтижелеріне сүйеніп, мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеудің тұжырымдамаларын дайындаған.
...