Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Балалардағы туа пайда болған өңеш ақауларының сәулелік диагностикас

Автор:   •  Апрель 29, 2018  •  Контрольная работа  •  1,248 Слов (5 Страниц)  •  1,766 Просмотры

Страница 1 из 5

Балалардағы туа пайда болған өңеш ақауларының сәулелік диагностикасы

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

a) Өңеш атрезиясы

б)Өңеш ахалазиясы

III. Қорытынды

1.Өңеш атрезиясы – өңештің жоғарғы бөлігі бітеу болып, ал төменгі бөлігі көп жағдайда трахеямен қатынасатын күрделі даму ақауы. Өңеш атрезиясы жиі басқа даму ақауларымен бірге болады: туа біткен жүрек, АІЖ, несеп жыныс жүйесінің ақулары және т.б. 5% жағдайда өңеш атрезиясын хромосомдық ауруларда кездестіреді. Өңеш атрезиясының жиілігі балалар популяциясының ішінде1000-0.3құрайды. Ер және әйел жыныстарының қатынасы –1:1. Ақаудың дамуы эмбриогенездің ерте кезіндегі бұзылыстарымен байланысты. Трахея мен өңеш – алдыңғы ішектің басқы соңынан, яғни бір туындыдан пайда болатыны белгілі. Ерте кезде трахея өңешпен кең байланысады. Олардың ажырауы құрсақ ішілік дамудың 4-5 аптасында болады. Трахея мен өңештің бағыты мен өсу жылдамдығының біртекті болмауында және күні өңешпен бірге ішек түтігінің басқа да құрылымдары өтетін вакуолизация үдерістерінің бұзылысында, өңеш атрезиясының дамуы мүмкін.

Антенаталды диагностика

Антенаталды диагностикаға микрогастрия және көп судың болуы тән, III триместрдің басында өңештің жоғарғы бітеу бөлігі көрінеді.Жүктілік анамнезіне I триместрде түсік тастау қауіпі тән.

Клиникалық көрінісі:

Өңеш атрезиясының белгілері бала туылғаннан кейін алғашқы сағаттарда анық байқалады. Өңештің жоғарғы бітеу бөлігі шырышқа толы, баланың аузы мен мұрын жолдарынан көп көлемде көпіршікті бөліністер шығады . Шырыштың бір бөлігін жаңа туған нәресте аспирациялап, цианоз пайда болады. Мұрынжұтқыншақ құрамы сорылғаннан кейін цианоз қайта пайда болады. Аз уақыт ішінде өкпеде сырылдар пайда болып, ентігу күшейеді.

Диагнозды нақтылау үшін басы дөңестеніп келген жұқа уретралды катетер мен өңештің катетеризациясы жасалады. Катетерді мұрын арқылы енгізеді. 6-8 см тереңдікке өткен соң, катетер өңештің бітеу бөлігіне тіреледі немесе баланың аузынан шығады. Катетер арқылы шырышты сорады. Өңештің бітеу бөлігіне енгізілген ауа, мұрынжұтқыншақтан шумен шығады [элефанттың оң симптомы(піл)]. Атрезияның ерте диагностикасының маңыздылығын ескере отыра [аспирациялық пневмония пайда болғанға дейін (бірінші емізуге дейін)], туылғаннан кейінгі тынысалу бұзылыс синдромдары бар барлық нәрестелерге өңешті зондтау жасалуы тиіс. Атрезия түріне байланысты клиникалық көрінісінде ерекшеліктер болуы мүмкін. Дисталды трахея өңештік жыланкөзі бар атрезияның жиі түрінде іштің үрленуі, әсіресе эпигастралды бөлікте байқалады. Аспирациялық синдромның айқындылығы, трахея өңештік жыланкөздің диаметріне байланысты.

Соңғы диагноз арнайы стационарда рентгендік зерттеуден кейін қойылады. Катетерді өңешке енгізгеннен кеуде қуысы мен іш қуысы мүшелерінің жалпы рентгенограммасы жасалады. Атрезия кезінде рентгенконтрасты катетер өңештің бітеу бөлігінде анық көрінеді. Асқазандағы және ішектердегі ауаның болуы, трахея пен өңештің абдоминалды бөлігі арасындағы жыланкөздің бар екендігіне дәлел. Жыланкөзсіз түрлерінде, ішке кіріңкі ішпен қатар, құрсақ қуысының толық қараюы анықталады. Жыланкөзі бар өңеш атрезиясында өңеш соңдары арасындағы диастазы бүйірлік рентгенограммадан байқауға болады. Зерттеуге арналған контрасты заттарды қолдану жағымды емес, себебі олар аспирациялы пневмонияға әкелуі мүмкін.

Емі:

Өңеш атрезиясы бар нәрестенің өмірін ерте оталық араласу ғана сақтап

...

Скачать:   txt (19.3 Kb)   pdf (54.6 Kb)   docx (16.7 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club